В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
kristinaalekse1
kristinaalekse1
10.09.2022 09:48 •  Қазақ тiлi

тапсырма. мәтін не туралы (о чем говорится в тексте)?​
Ұлы Жібек жолы
Байырғы заманда жердің түкпір-түкпірінде тұратын адамдар бір-бірімен сауда жүргізген. Алғашында ол
қажетті заттармен айырбас ретінде жүзеге асқан. Мысалы, асыл тастар, алтын, күміс, тұз, шипалы
өсімдіктер мен хош иіс сулары, азық-түлік және басқа да тауарлармен алмасқан. Кейіннен ақшаға сауда-
саттық басталып, базар, жәрмеңке, сауда жолдары ашылды.
Ұлы Жібек жолының Қазақстан жерінен өткен жолы Сауран қаласы болды. Қазақстан жеріндегі орта
ғасырдағы ірі қалалардың бірі. Жібек жолындағы тағы бір тарихи қала – Иасы, кейіннен Түркістан атанған.
Түркістан ертеден «екінші Мекке» деп аталып кеткен. Қожа Ахмет Иассауидің кесене ғимараты – бүкіл Орта
Азиядағы сәулет өнерінің керемет үлгісі болып табылады.
Жібек жолындағы даңқты қалалардың бірі Отырар еді. Бүкіл Шығысқа аты әйгілі қала ең алғаш Фараб деп
аталды. Әл Фараби атанған ұлы ғалым Әбу Насыр Ибн Мұхаммед шыққан қала.
Ұлы Жібек жолында тарихи қалалардың қатарына Испиджап, яғни, Сайрам да жатады. Сайрам ұзақ
жылдар бойы Жібек жолы бойындағы саяси жағынан да, экономикалық жағынан да, мәдени жағынан да
еңсесі биік қалалардың бірі болып қалған.
Сол тұстағы аса ірі сауда орталығы Тараз болды. Елдер оны саудагерлер қаласы деп атаған. Тараздың
жүрегі – мешіттері, керуен сарайлары болса, базардың айналасында түрлі шеберханалар, наубайханалар
орналасқан. Ертеде Тараз қаласындағы сауда базарын көргендер «Тараз базары – әлем айнасы» дейтін.
Себебі, бұл жақта кез целген дүниені айырбастауға, сату мен сатып алуға болатын.​​

Показать ответ
Ответ:
BEKISKAKOV75
BEKISKAKOV75
22.04.2022 15:36

ответ

Тұмар (Томирис) (грек. Τόμυρίς, көне парс. Таһм-Раyіš, көне иран.: Таһміріһ — "Батыл") (ж.ж.с.д. 570-520) — күнгей түркі сақ халықтарының байырғы заманда ел билеген атақты әйел патшаларының бірі, массагет халқының байырғы заманда ел билеген атақты ханшайымы. Себебі грек жазбаларында оның елін "массагет" деп атайды. Тұмар ханша есімінің тарихқа еніп әлемге танылуы - Ахемен әулетінен шыққан, "төрт құбыланың тұтас билеушісі" атанған парсының әйгілі патшасы Кирдің (ж.ж.с.д. 558-530.) Орта Азияға басқыншылық жорықпен келген "жеңілуді білмейді" деп дәріптелген әскерін ашық шайқаста тас-талқанын шығарып жеңуімен тікелей байланысты.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Ответ:
plimita134
plimita134
13.04.2022 18:28

Тұңғыш президент.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері тұңғыш президентіміз Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы елбасымыз болып сайланды. Нұрсұлтан Әбішұлы - Қазақстанның мемлекет қайраткері, ғалым, Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті, 1990 жылғы 24 сәуірден бастап, 2019 жылдың 20 наурызы аралығында Қазақстан президенті.

1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында дүниеге келді. Жасөспірім шағы Нұрсұлтан тек өз сыныбындағы ғана емес, мектептегі ең үздік оқушының бірі болды, сабақты зор ынта-ықыласпен оқыды. Ол өзінің аса құштарлығын білетін ағайын-туыстары әкеп берген кітаптардың бәрін оқып шығуға жан-тәнімен кірісті. 1960 жылы Днепродзержинск қаласының № 22 кәсіптік лицейін бітірді. 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинатында ВТУЗ-ды бітірді.

Еңбек жолын 1960 жылы Қарағанды облысының Теміртау қаласындағы «Казметаллургстрой» трестінің құрылыс басқармасының қызметкерлері бастады. Содан кейін ол Қарағанды металлургия комбинатында тау-байыту пешінде жұмыс істеді.

Елбасымыздың арқасында Қазақстан тәуелсіз мемлекеттер қатарына қосылды.Елбасының бастауымен менің елім  әлемге танылды. Елімнің елдігін көрсетіп, елдігін танытқан да осы елбасым. Небәрі 21 жыл ішінде атқарылған іс аз емес. Жеткен жетістіктеріміз, алған асуларымыздың барлығы Елбасының айқын саясатының арқасы. Алда көптеген мақсаттар, атқарылатын істер бар. Тәуелсіз Қазақстанның бағындырар белестері де алда.

Біз – жастар , әрдайым Елбасымызды қолдаймыз!

Объяснение:

тут больше 100 слов, надеюсь

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота