Тапсырма мәтінді мұқият оқыңыз.Қалай ойлайсыз,атаның айтқаны дұрыспа? Келісу/келіспеу себептерін көрсетіп,өз пікіріңізді 5-6 сөйлеммен жазыңыз.Сөйлем ішінде есімдіктерді пайдаланыңыз. -Ата,күн ыстық суға түсуге болама?
-Жоқ ,жарығым,негізі суға маусым айының ортасы болғанда түседі.
-Өйй маусымға дейін әлі көп бар ғой.Үйдің тұсына барып шомылсам не болар дейсің?
-Қателесесің ,балам! Суға шомылатын жерді,оның тазалығын, тереңдігін тексерген жөн.Тамақ ішкеннен кейін бірден шомылуға болмайды.
-Мәссаған, сонда қалай? Тамақ ішкен бойда суға шомылу қауіпті ме?Мен бұны білмеппін.
-Енді есіңде болсын. Ұзақ шомылып,шаршап тоңу да дұрыс емес. Кейбір балдар жағадағы қоршау белгісі бар жерге мән бермейді. Ол суға түсуге болмайды деген белгі.Және суға түскенде ата-анаңнан, достарыңнан көз жазып қалмау керек.Бұның соңы қайғылы оқиғаға алып келеді. Оқыс оқиға орын алғанда 112 нөмеріне қоңырау соғу керек.
-Мм, енді түсіндім ата! Маусым айын күтемін