В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
popoposa
popoposa
22.02.2020 11:10 •  Қазақ тiлi

Тапсырма Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

Ұрлық

Бұрын бір ел болыпты, халқының бәрі ұры екен. Кеш батса болды, көршісінің үйіне
ұрлыққа түседі екен. Ұрылар үйіне келсе, олардың да үйін де біреулер тонап кететін
көрінеді. Ұрылар елі осылайша өмір сүріпті.
Бір күні осы елге бір адал кісі көшіп келеді. Әлгі адам кешті өз үйінде кітап оқумен
өткізеді. Түн болғанда ұрлыққа келген ұрылар шамы жанып тұрған үйден адамды көреді
де, өз жөндеріне кетеді. Осылайша біраз уақыт өтеді. Енді жұрт адал адамға ренжи
бастайды. Адал адам жұрт тілегіне қарсы келе алмай, ол да кеш бата үйінен кетіп, таң ата
оралып жүреді. Тек жұрт сияқты ұрлыққа бармайды. Ол түнді өзен жағасында аспандағы
айға, ағып жатқан суға қарап, көпір үстінде өткізіп жүреді. Таңертең үйіне келсе, ұрылар
үйін тонап кетеді екен. Біраз уақыттан кейін адал адам кедейге айналады. Ал ұрлықпен
айналысып жүрген отбасылар байып, ұрлықпен айналыспайтын болады. Адал адамның
үйіне ұрлыққа түскен ұрылар ештеңе таба алмай, кедей бола бастайды. Байығандар адал
адам сияқты түнде табиғатты тамашалап, көпір үстінде жүруді әдетке айналдырады.
Осыдан қала халқы бай, кедей болып бөлінеді. Енді бай адамдар өздері ұрлық істемейді,
бірақ кедейлерге ұрлық істетеді. Осылайша байығандар одан әрі байып, кедейлер
кедейлене береді. Бірте-бірте байлар өздері ұрлауды да, өзгелерді ұрлыққа жалдауды да
қояды. Бірақ енді байлығын ұрылардан қорғауды ойлайды. Содан ақылдаса келіп, сақшы
жиып, түрме салады.

Арада біраз жыл өткенде әлгі қаланың тұрғындары «ұрлық» деген сөзді ұмытады.
Өздері ұры болса да, енді олар «бай», «кедейміз» дейді екен. Сонда баяғы адал адам ғана
өзгермеген еді. Бірақ ол да ұзамай өмірден өтіпті. Елдің айтуына қарағанда аштан өліпті.
1. Мәтіннен 1 қоғамдық, 1 тұрмыстық мәселені анықтаңыз.
1.
2.
2. Мәселенің бірін таңдап, бүгінгі заман көрінісімен байланыстыра отырып, өз пікіріңізді
4- 5 сөйлеммен түсіндіріңіз.


3. Берілген сұрақтарға жауап жазыңыз. Жазу кезінде тыныс белгілерін ескеріңіз.
1. Қоғамдағы құқықтық сауаттылықты қалай арттыруға болады?
2. Еліміздегі балалар құқығы қалай қорғалады?
3. Өз құқығын білмеудің салдары қандай болады?
4. Жастар арасындағы тәртіп бұзушылықтың себебі неде?
4. «Мен құқық бұзушылыққа қарсымын» тақырыбына 5 сөйлемнен тұратын эссе
жаз. (5)

Показать ответ
Ответ:
ololshka2016
ololshka2016
13.12.2020 22:31

Объяснение:

Біліміңді тексер

1. Аграрлық төңкерістің өнеркәсіп төңкерісінен ерекшелігі неде?

2. Англиядағы өнеркәсіптік төңкерістің алғышарттарын ата.

3. Өнеркәсіп төңкерісінің дамуы қандай салаларды қамтыды?

4. Қандай жағдайлар жұмысшылар ортасында наразылық тудырды?

5. Капитализмнің мануфактуралық даму сатысынан фабрикалық даму сатысына

өтудің барлық алғышарттарын атап көр.

6. Неге ХІХ ғасыр тарихқа «мәшине» ғасыры, «темір» ғасыры ретінде кірді?

7. Аристократияның буржуазиямен қосылуына, «жаңа» таптың қалыптасуына

қандай жағдайлар себеп болды?

8. XIX ғасырдың екінші жартысында «орта таптың» қоғамдағы рөлі қандай

болды?

9. Буржуазия қандай қасиеттерімен ерекшеленді?

0,0(0 оценок)
Ответ:
torivova2004
torivova2004
04.01.2021 08:32
Астана-Бәйтерек» монументі – Астананың нағыз символы, оның танымал карточкасы. Монумент ұзын темірлі құрылымдардан, керемет үлкен шардан тұрады. Құрылым биіктігі 105 метрді құрайды. Салмағы 1000 т асып, 500 қалқаға тіреледі. 97 метрді құрайтын көрініс кешені заманауи қаланың көркем бейнесін ашады. 97 саны кездейсоқ емес, ол астананың Алматыдан Астанаға ауысуын білдіреді.

Панорамалық зал ортасында 17 жапырақтан тұратын, 17 әртүрлі әлем діндерінің уәкілдерінің қолы қойылған ағаш глобусы орналасқан. Ал қасында монументті жасау ойы туындаған Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев алақанының ізі бар. Егер алақанға қолды қойып, арман-тілек тілесе орындалады деп айтылады. Күшті қарқынды даму қалаға астананы ауыстыру туралы шешімді қабылдағаннан кейін келді. 10 жыл ішінде Астана өзінің өзгеше және заманауи көркін табуына бұл оқиғаға міндетті. Қала көз алдында өсіп жатыр. Бұл жергілікті тұрғындарды ғана емес, сонымен қатар, астана қонақтарын қуантады. Әрбір біздің қалаға келуіңізде, сіз барлық жаңа объектілердің куәгері ретінде, астананың қалай қарқынды өсіп және өзгергеуіне таңдана қарайсыз.
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота