В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
gorbovaekateri
gorbovaekateri
16.04.2023 06:20 •  Қазақ тiлi

Тапсырма Мәтінді мұқият тыңдаңыз.
Соғыс болып жатқан елдер
Қазіргі уақытта әлемде түрлі қақтығыстар орын алып жатыр. Қантөгіс тыйылар емес.
Қақтығыстар барған сайын өрши түсуде. Араны ашылған ұлы державалар текетіресі
ешкімді аяп жатқан жоқ. Геосаясат тақтасындағы олардың «ойыны» жер бетіндегі
айрандай ұйып отырған миллиондаған адамға таудай қайғы-қасірет әкеліп жатыр:
бүтіндей бір елдерді ұзақ жылдар бойына дамуын тежеп, кедейшіліктің жойылуына жол
бермеуде. Ең сорақысы, одан қарапайым халық зардап шегіп отыр. Мысалы, БҰҰ-ның
мәліметі бойынша, бүгінгі күні жер шарында әрбір оныншы адам аш, яғни 1 миллиардқа
жуығы. Оның шамамен тең жартысы Азия елдерінің халықтары.
Бір кездері баршаның назары Украинада болды. Кейбір шетелдік басылымдарда
Келтірілген деректер бойынша, Украинадағы әскери қақтығыс кезінің бес айында Ресей
АҚШ-тың Иракпен соғысындағы 12 жылда қаза болған әскерлерімен бірдей жауынгерінен
айрылса, РФ-ның КСРО-ның Ауғанстан жеріндегі 9 жылда құрбан болған үштен бір
бөлігімен тең келетіндей адамы қаза тапқан екен. Қысқасы, «Украинадағы қарулы
қақтығыстың зардабы Ауғанстан жеріндегі соғыс қасіретімен бірдей сұрапыл соғыс. Бұл
енді жай шиеленіс емес» дейді сарапшылар. Соңғы ақпарат бойынша (қыркүйек айы)
Украина экономикасына 620 миллион доллар шығын әкелген екен, яғни күніне 6 миллион
доллар. Ал Ресейдегі жағдай тіптен мүшкіл.
БАҚ арқылы Украина мен Ресей арасындағы соғысқа қатысты жиі-жиі пікір айтып
жүргендердің бірі – Қазақстанның әуе тасымалы қауымдастығының бастығы В.Куропатенко
былай дейді:
Украинадағы жағдай қарулы қақтығысты қолдан жасап отырған есі ауысқандардың
ақымақтығы. Соншама бейбіт адамның қаны оларды жібермейді.
Иә, бейбіт өмірдің діңгегін ырғап отырған үстемшіл державалардың миллиондаған
жазықсыз жандардың қанын жүктеп отырғандары рас.
Әлемде болып жатқан қарулы қақтығыстардың себептері әртүрлі: жер дауы,
азаматтық соғыс, тәуелсіздік үшін күрес, билікке наразылық, жікшілдік т.т. Сонымен қатар
аймақтардағы саяси тұрақсыздық кей елдерде қиын жағдайда тұрса, кейбіреуінде әскери
қақтығыстар аракідік. Қалай дегенмен де, соғыстың үлкені мен кішісі болмайды.

Мәтіннің мақсаты қандай?

Кімдерге арналы ған?


Тапсырма Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Соғыс болып жатқан елдер Қазіргі уақытта әлемде түрлі қақтығыстар
Тапсырма Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Соғыс болып жатқан елдер Қазіргі уақытта әлемде түрлі қақтығыстар

Показать ответ
Ответ:
asus10memopadp06j6e
asus10memopadp06j6e
10.01.2022 11:50

жайлау – жазғы қоныс. жайлауды суы мол, шөбі шүйгін, маса-сона, шыбын-шіркейі аз жерлерден таңдайды. қазақ елінің дәстүрлі жайлауы сарыарқа атырабы мен орманды, желді өлкелерде, қазақстанның солтүстік-батысында (мұғалжарда), солтүстік-шығысында (алтай, сауыр және тарбағатай өңірінде), оңтүстік-шығысында (жетісу алатауы, іле алатауы және тянь-шань тауының солтүстік атырабында), оңтүстігінде (қаратау өңірінде) болды. қазақстанның әр өңіріндегі жайлауды рулы ел, қала берді жеке ата ұрпақтары пайдаланған. халық қыстаудан көктеуге, көктеуден жайлауға, жайлаудан күзеуге көшіп отырды. жайлау мен қыстау малға тиімді, тіршілікке қолайлы, көшіп-қонуға ыңғайлы жерлерден таңдап алынды. мысалы, жетісу өлкесінде қыстау қаш көлінің оңтүстігіндегі құмды, қамысты аймақта орналасса, жайлаулардың көбі оның солтүстігіндегі таулы атырабында жатты. қазақстан жеріндегі жайлау мен қыстау арасының қашықтығы да әр түрлі болды. мысалы, көшпелі өмір сүрген адай – табын, шөмекей – шекті, бағаналы – руларының маңғыстау түбегінен мұғалжар тауларына, қызылқұмнан торғай даласына, шу өзенінің төмен алабынан ұлытау төңірегіне дейінгі көш жолдарының арақашықтығы 1000 км-ге дейін жететін. ал қазақстанның солтүстік бөлігіндегі жартылай көшпелі қауымның көш жолдары 10 – 20 км-ден 40 – 80 км-ге дейін болды. бұл төңіректегі жайлаулар құдықтар мен көлдердің айналасына орналасты. жетісудағы жайлаулар мен қыстаулардың арасы солтүстіктен оңтүстікке қарай 100 – 200 км-ге жететін. қазақстан жеріндегі жайлаулардың ға да, малға да ең қолайлысы – тау алаптары. солтүстіктегі жазық даладағы жайлауларда мал, негізінен, құдық суынан суарылатындықтан қол еңбегін көп қажет етеді. қазір де малшылар жазғы жайылымды жайлау ретінде пайдаланады, жайлауға көшеді. қой, түйе, сиыр жайлауға шығарылады

0,0(0 оценок)
Ответ:
Vadym19
Vadym19
16.12.2021 10:27

ертеде бір шал мен кемпір болыпты. кемпір бір күні қаймаққа нан илеп, оны майға қуырып бауырсақ пісіріпті. оны терезенің алдына суытып қойыпты.

бауырсақ суып тұрып тұрып, бір кезде домалай жөнеледі. домалап келіп терезе алдындағы орындыққа, орындықтан еденге, еденнен дәлізге, дәлізден аулаға, ауладан сыртқа, одан әрі, одан әрі домалай береді, домалай береді.

бір кезде оған қоян жолығып:

-     бауырсақ, бауырсақ! мен сені жеймін! – дейді.

-   қоян, сен мені жеме. мен саған өлең айтып беремін: «менің атым бауырсақ, бауырсақ! қаймаққа иленгем, майға пісірілгем, терезеде суығам. ұстатпай кеттім атама, ұстатпай кеттім әжеме. ұстатпаймын қоян саған да! ».

содан бауырсақ қара жолмен домалап кете барады. оған қасқыр кездесіп, оның да жегісі келеді.

бауырсақ өзінің әнін қасқырға айтып беріп, одан әрі домалай береді.

бір кезде аю жолығады:

-   бауырсақ, бауырсақ! мен сені жеймін! – дейді ол.

-   сендей майтабанға мені жеу қайда? ұстатпай кеттім атама, ұстатпай кеттім әжеме, қоян менен қасқырға ұстатпағам ендеше.

-     ал сендей ұстатпаймын мүлде де!

сөйтіп домалай жөнеледі. аю тек көзімен шығарып салады.

бауырсақ домалағаннан домалап келе жатса оған түлкі жолығады:

-   бауырсақ, бауырсақ, қайдан домалап барасың? - дейді ол.

-   жолмен домалап барамын.

-   бауырсақ, бауырсақ, маған өлең айтып берші

-  содан бауырсақ: «менің атым бауырсақ, бауырсақ! қаймаққа иленгем, майға пісірілгем, терезеде суығам. ұстатпай кеттім атама, ұстатпай кеттім әжеме. ұстатпай кеттім қоян менен қасқырға. ұстатпай кеттім аюға, ұстатпаймын саған мүлде де! » деп өлеңін айтып береді.

түлкі оған:

-  әнің өте жақсы екен. бірақ жөнді ести алмай тұрғаным. бауырсақ, сен менің тұмсығыма шық та, әніңді тағы бір рет қаттырақ айтшы, - дейді.

бауырсақ түлкінің тұмсығына домалап шығып алып бар даусымен әнін айтады. сол кезде түлкі ұстап алады.

-  түлкі, сен мені жеп қайтесің! – дейді бауырсақ. жүр одан да біздікіне, атам мен әжеме барайық. олар сені тойғызады.

түлкі келіседі. жолшыбай өздерімен бірге қоян, қасқыр мен аюды ертіп алады. олар келсе әжесі көп қаусырма пісіріп қойыпты. қоянға орамжапырақ салған, қасқыр мен түлкіге ет салған, аюға таңқурай салған қаусырма тиеді. ал бауырсақ терезенің алдында өзінің әнін айтып отырады.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота