-тапсырма. Мәтінді оқы. Мәтінге тақырып қой. Түсінгеніңді айт.
Абай қазақтың жазба әдебиетінің негізін қалады. Ол қазақтың дәстүрлі
өлең жүйесін мағыналық жағынан да, түр жағынан да байытты. Абай қазан
өлеңіне жиырмаға жуық жаңа өлшем енгізді.
Абаймен тоғыз жасымда кездестім. Ол кезде қазақ мектебіне оқуға
түсіп, қазақ тілін енді-енді үйрене бастаған едім. Мұғаліміміз – күлшара
Касымова Абайдың «Қыс» деп аталатын өлеңін үйден жаттап келуге тап-
сырма берді.
Есілдің жағасындағы кішкене қазақ ауылы қарлы боранның астында
қалған. Сол жылы қыс сұмдық қатал болды. Біз бұрынғы дәрігерлік пункттің
бір бөлмесін паналап отырғанбыз. Терезені жел ұрғылайды. Кішкене
қаңылтыр пештің іші гу-гу етеді. Жетілін шамның сығырайған жарығының
астына алба-жұлба оқулығымды қойып, күбірлеп Абайдың өлеңіноқып мен
жатырмын.
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды.
Соңыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы - ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
Мен Абайдың өлеңін оқысам, анам кішкене қарындасыма әлдилеп не-
місше өлең айтады. Шешемнің айтып отырғаны – кейін білдім, Гетенің
«Даланың раушан гүлі» атты өлеңі екен. Сөйтіп, менің санама Гете мен Абай
бейнелері қатар еніпті.
А
Составьте план по тексту.
Жері байдың елі бай
«Жері байдың елі бай» демекші , қазақ елінің ұлан байтақ жері былай тұрсын, оның табиғаты мен өнеркәсіп жөнінен ерекшеленеді. Еліміздің әрбір жерінде неше түрлі кен орындар,пайдалы қазбалар өндіріледі.
Қазақстан мұнай мен газ, химиялық өнеркәсібі өте бай ел. Көмір де қазып алынады. Химиялық өнеркәсіпте алтын, күміс, темір, мыс, қорғасын, мырыш және т.б бар. Пайдалы қазбалардан негізінен ванадий, скандий, теллур алынады.
Сарыарқа мен Атырау, Алтай мен Қаратау қойнаулары алтын сандық іспеттес. Қазақстан қазба, қазына байлық жағынан дүниежүзіндегі ең бай деген 10 елдің ішіне кіреді.
Қазақстан әлемде вольфрам, қорғасын, барий қорынан 3 орын, мыс мөлшерінен 4 орын, уран рудасынан 5 орын, темір 7 орын, қалайы мен никельден 8 орын, көмір мен газ қорынан 9 орын алады. Мұнай қоры жөнінен Парсы шығанағындағы елдер, Латын Америкасы, Ресей, АҚШ кейінгі 13 орында алады. Қазақстанның геологиялық құрылысы даму ерекшеліктері пайдалы қазбалардың түзілуіне әсер етті. Пайдалы қазбалар 3 топқа бөлінеді:
1. Жанатын
2. Рудалы
3. Рудасыз
Жанатын пайдалы қазбалар көбінесе шөгінді жыныстарда кездеседі.
Рудалы пайдалы қазбалар көбінесе кристалды тау жыныстарында болады.
Рудасыз пайдалы қазбалар магмалық шөгінді жыныстарда кездеседі.
Қазақстанда 6000 нан астам пайдалы қазбалардың кен орындары бар.
Еліміз өзге шетелдіктермен саудаласып, экономикасын дамытуда.
Мұқағали Мақатаев.
Мәртебесі биік ақиық ақын Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысы Райымбек ауданы Қарасаз ауылында дүниеге келген. Ақынның шын аты — Мұхаметқали, бірақ ата-анасы пайғамбар атымен жүру ауыр тиеді деп сәби күнінен "Мұқағали" деп еркелеткен екен.
Балалық шағы соғыспен қатар өткендіктен, ақын тағдырдың ащы дәмін ерте татады. Жастайынан әдебиетке құштар болып, алғашқы өлеңдерін 14 – 15 жасынан бастап жаза бастайды. Ақынның тұңғыш өлеңдері “Қырман басында”, “Қойшы бала — Әкітай” ауданындағы 1949 жылы “Советтік шекара” газетінде жарияланды. Ал алғашқы жыр жинағы 33 жасында шыққан екен.
Аз ғұмыр кешкенімен бірнеше лирикалық жыр жинағы мен дастандарын жазған. Бүгінде лирик ақынның 1000 – нан астам өлеңі мен поэмасы қалды. Ал жыр аудармасы саласында Шекспирдің сонеттерін, Дантенің «Құдіретті комедиясын» қазақшалады.
Мұқағали поэзиясының қайнар көзі басты тақырыбы туған елі, өскен жері, Отан тағдыры, замана тынысы, замандастарының арман аңсары болды. Осы айтылғанның бәрін Мұқағали тек өзіне ғана тән қайталанбас шеберлікпен, асқан поэтикалық үйлесіммен, нағыз поэзияға ғана тән бейнелі образдармен бедерлеп, артынан келер ұрпаққа өлмес мұра ретінде қалдырған.