-Тапсырма Мәтінді оқыңыз. Күлтегін ескерткіші – түркі тектес халықтардың баға жетпес байлығы Түркі халықтарының көне дәуірдегі ұзақ ғасырлық мәдени мұраларының бірі – Күлтегін ескерткіші. Бұл – Орхон-Енисей жазуына жататын маңыздылығы жағынан баға жетпес құнды дүние. Бізге жеткен Түркi тарихы да осы VII-VIII ғасырларда жазылған Орхон-Енисей жазба ескерткіштері арқылы белгiлi болды. Ескерткiш бiр заманда түркiлер мекендеген Енисей өзенiнiң бойы мен қазiргi Монғол Халық Республикасының астанасы Улан- Батордың батысындағы 400 километр жердегi Орхон өзенi бойындағы Кошо-Цайдам ойпатында орналасқан. Оны алғаш тауып, ғылым әлемiне мәлiмдеушi – орыс ғалымы Н. М. Ядринцев. Күлтегiнге арналған ескерткiш пирамида тәрiздi. Биiктiгi – 3,15 метр, енi – 1,24 метр, қалыңдығы – 0,41 метр. Ескерткiштiң жоғарғы жағы бес бұрышты, қырларында айдаһардың суреттерi мен қаған таңбалары бейнеленген. Екiншi жағында ескерткiштiң орнатылған күнi – бiрiншi тамыз, 732 жыл деп жазылған. Ескерткіштің негізгі бетінде 40 жол жазу бар, ол ескерткіштің сол жақ бетіндегі 13 жол жазудың жалғасы. Түркологиялық әдебиеттерде ескерткіштегі 40 жол «Үлкен жазу», ал 13 жол жазу «Кіші жазу» деп аталады. Ескерткiш негiзiнен табғаш (Қытай) және көне түркi жазуымен толтырылған. Ескерткiш бетiндегi Қытай жазуы 732 жылы Қытай императоры Хусен-Цунг тарапынан бедерленген. Мұнда қытайша ескерткiштiң қысқаша мәнi айтылған. Қытай жазуы алғаш орысша, французша, содан кейiн немiс, ағылшын және кейiнгi кездерi түркі тiлдерiне аударылды. Жазудың үстiнде қытайша бiр сөйлем бар, онда «Марқұм Күлтегiн жазуы» делінген. Күлтегін жыры – патриоттық рух беретін батырлық жыр. Мәтінінің негізі Түркі ұлтының тек тарихы ғана емес, Күлтегіннің батырлығы мен ерлігін бейнелейді. Кіші жазудың 27-бөлімінен арғы қарайғы жазулары тек Күлтегінге арналған. Осы 27-бөлімінде Күлтегіннің ағасы Білге қағанның «Інім Күлтегінмен, екі уәзірімен өліп- тіріліп құрадым. Сонды құрап, біріккен халықты от-су қылмадым. Мен өзім қаған болғанда» сөздері жазылған. (а) Әр бөліктегі маңызды ақпараттарды іріктеп алыңыз. (ә) Мәтіннің баяндау желісін сақтап, аннотация жазыңыз. Жалқы есімдерді қолданыңыз. Дескриптор Білім алушы - мәтіннің әр бөлігінен маңызды ақпараттарды іріктейді; - мәтін мазмұнын сақтайды; - аннотация жазады; - жалқы есімдерді қолданады. 2-тапсырма. Мәтіннен алынған дәйексөздерге, үзінділерге сүйене отырып, көтерілетін мәселені болжап, сұрақтар дайындайды
Екінші дүниежүзілік соғыс майданында ерлікпен қаза тапқан қазақтың даңқты қызы Әлия Молдағұлованың туғанына биыл 90 жыл толды.
Жеке құжатындағы дерек бойынша, Әлия Молдағұлова 1925 жылы 25 қазанда қазіргі Ақтөбе облысы Қобда ауданында дүниеге келген. Анасы Маржан 1930 жылдары ашаршылық кезінде қаза болып, әкесі Нұрмұханбет байдың баласы болғаны үшін қуғын көрген соң, кішкентай Әлия нағашысы Әбубәкір Молдағұловтың тәрбиесінде болады. Сол кісінің фамилиясын алған Әлия Ленинградтағы мектеп-интернатта білім алады. Соғыс басталғанда Әлия Қазақстанға өздерімен бірге алып кетпек болған туыстарына көнбей Ленинградта қалады. Кейін өз еркімен майданға сұранған 17 жастағы бойжеткен мергендер мектебіне қабылданып, дайындықтан өткен.
Әлия Молдағұлова майдандағы алғашқы әскери наградасы – Даңқ орденін 1943 жылы Псков облысындағы Холм қаласы үшін болған ұрыстарда алған. Ал 1944 жылдың 14 қаңтарында Казачиха селосы үшін болған ұрыста опат болған командирдің орнын басып, жауынгерлерді шабуылға бастаған Әлия сол шайқаста өзі де ерлікпен қаза тапқан. 1944 жылы маусымда үкімет қаулысымен Әлия Молдағұловаға «Совет одағының батыры» атағы берілген.
Ресми деректер бойынша Әлия Молдағұлова 78 фашисті өлтірген. Оның денесі Ресейдің Псков облысында жерленген. Әлияның қабірінен ондаған шақырым жерде қазақтың тағы бір ержүрек қызы – Совет одағының батыры Мәншүк Мәметованың зираты бар.
Жырларымменен сезімді саған ақтарғам.
Арманым болған ақ раушан гүлі даламның,
Іздедім сені,іздедім сені бақтардан.
Жетелеп мені биікке қарай тәтті арман,
Қоңыр да дауысың жадымда менің жатталған.
Арманым болған ақ раушан гүлі даламның,
Іздедім сені ататын әрбір ақ таңнан.
Таусылмайды екен арманы сірә,пенденің,
Арманды қуып адасып жүрген пендемін.
Сен сенер болсаң өзіңнен басқа жандарға,
Сырымды ашып сырласуға еш сенбедім.
Қол бұлғап маған бір биік шыңнан,алыстан,
Сен бе едің сонда арман боп маған жабысқан.
Сен бе едің сонда бір тылсым күш боп кеудемнен,
Жыр болып сыртқа шығам деп сірә алысқан.
Жыр болып шықтың кеудемнен, нәзік жүректен,
Сен біле білсең,жүрекке нәзік гүл еккем.
Мәпелеп келем сол гүлді,нәзік сезімді.
Әр көктем сайын бір нәзік сезім үмітпен.
Білмеймін сені,
қай жерде жүрсің,кімдермен?
Білмеймін неге,
қызғанам сені кімдерден?
Үмітті үзбей келетін әрбір күндерден,
Мен жасап алғам сені ақ раушан гүлдерден.