В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
dgfhdhdj95
dgfhdhdj95
07.05.2022 07:28 •  Қазақ тiлi

тапсырма . Мәтінді оқып , стилін анықта . Қою қаріппен жазылған сөздер Сламбек Тәуекелдің « Жерұйық » фильмі ұлы Абайдың « Адамзаттың бәрін сүй : « Бауырым ! » деп деген сөзімен басталады . Фильмге кішкентай кәріс баласы Сон Лаврентийдің естеліктері арқау болған . Кинода ХХ ғасырдың трагедиясы суреттеледі . Ұлы Отан соғысы жылдарында өз жерінен қуғындалып , Қазақстанға ер аударылып келген Фильмнің бас кейіпкері Орынбай – өмірде болған адам . Ол - пара сатты қазақ азаматының типтік бейнесі . Барша қазақ халқының бауыр малдығы , жомарттығы , адалдығы осы бейне арқылы көрінеді . Релді белгілі антер Болат Әбділманов шеберлікпен сомдаған . Бұл фильм — қазір Қазақстанда бақытты өмір сүріп жатқан түрлі ұлт өкілдерінің қазақ халқына деген шынайы алғысының белгісі бойынша сөздік жұмысын жаса . ОҚЫЛЫМ МАЗылым кәріс , неміс , түрін , шешен , күрд және басқа да ұлттардың ауыр жағдайы бейнеленген . Ашаршылық , саяси қуғын - сүргін көрген халықтың бастан кешкен қиыншылықтары суреттеледі . үйсіз қалған босқындарды қазақ халқы жылатпайды , бауырына тарта ды . Мыңдаған жанды ажалдан аман алып қалады . Оларімен бір үзім нанын бөліп жейді . Жанашырлық көрсетеді . Кинода бугінгі Қазақстан халқының татулығы пен ынтымақтастығының бастауы көрсетілген . какой стиль текста ?!!​

Показать ответ
Ответ:
sarinaddnk238
sarinaddnk238
07.05.2021 13:39

іне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына да 60 жыл өтті. Бұл  сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің тылдағы қажырлы еңбегімен жеңісті шыңдаған, станоктың қасынан, егін даласында, күні-түні  мал бағып,  тынымсыз жұмыс істеген жұмысшылар, ауыл адамдары тойлайды. Бұл мейрамды біздің аяулы да даңқты әйелдеріміз - өздерінің әкелерін, ерлерін, ұлдарын және сүйіктілерін көзінен жасы сорғалай жүріп төзімділікпен күткен, олардың орнын жоқтатпаған аналар мен жұбайлар, қалыңдықтар мен қыздар тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің әкелері мен ағалары қанын төгіп, жанын қиып бақытты өмірін қамтамасыз еткен Ұлы жеңістің  құрдастары тойлайды. Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған-туысқандарына, жақын-жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл елі болып еске түсіреді.


        Бұл мейрамды бұрынғы кеңес одағына кірген 15 одақтас республика халқымен бірге, кеңес халқы неміс басқыншыларынан азат еткен   Еуропа елдерінің Варшава мен Прага, Будапешт пен Бухарестің, София мен Белградтың, Париж бен Венаның, жер шарының басқа да көптеген қалаларының тұрғындары тойлайды.


        Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды. Төрт жыл, 1418 күн мен түн бойы өз жері мен отаны үшін, келешек ұрпақ үшін жан қилы соғыс жүріп жатты.


        Бір күшке жиналған орыс пен тәжік, грузин мен белорус, қазақ пен украин қарсы алдындағы жауға алмас қамал болып жұмылды...

0,0(0 оценок)
Ответ:
denis403
denis403
20.10.2022 10:14

Шығарма

Алмастай өткір сұңғыла жырлар.

Қазақ әдебиеті мен мәдениеті бүгінгі күнгі деңгейіне бірден жете қоймаған еді.Сан тарихи жылдарды артқа тастап,халықпен бірге нәубетті бастан кешіріп қазіргі ұрпаққа,бізге,жеткен еді.Біздің қазақ әдебиеті қоры бай әрі сан салалы.Оның ішінде жыраулар поэзиясының алар орны ерекше.

Жыраулар поэзиясы – халқымыздың тарихында қайталанбас, айрықша орны бар, рухани-әлеуметтік маңызы орасан зор, қыр-сырлары әлі күнге толық айқындалып болмаған қызықты да күрделі құбылыс.Жыраулар - халық поэзиясын жасаған ақылғөй даналар.Олар заманының өздері куә болған елеулі уақиғаларын, тарихи кезеңдерді жырға қосқан.Оның өріс алған кезеңі он бесінші ғасырдың тұсында.Жыраулардың өр рухты жырлары бізге негізінен ауыздан-ауызға тарап жеткен екен.Ал оның өкілдеріне Сыпыра жырау,Асан қайғы,Қазтуған,Доспамбет,Шалкиіз,Жиімбет,Марқасқа,Ақтамберді,Тәтіқара,Үмбетей,Бұқар және тағы да басқа жырауларды жатқызамыз.Сыпыра жырау,Асан қайғы,Қазтуған жыраулар – жыраулар поэзиясының алғашқы өкілдері боп табылады.Әр жырау өзінше ерекшеленді.Әртүрлі тақырыпты жырласа да,тек шындықты айтты.Осы тұрғыдан келгенде, жырауларды өз елінің арман-аңсарын, мақсат-мұратын жырлаған, халқының өмір салтын, тірлік-тынысын боямасыз бейнелеген еркін ойлы шығармашылық иелері ретін­де тану жөн.Абылай ханның қасында кеңесші болған,өр тұлғалы Бұқар жырау:

Ай, заман - ай, заман - ай, 

Түсті мынау тұман - ай.

Істің бәрі күмән -ай.

Баспақ, тана жиылып

Фәни болған заман - ай.

Құл - құтандар жиылып,

Құда болған заман - ай,-деп өз заманының бейнесін бейнелеп,шындығын айқындатқан еді.Өлеңнен сол заманның бұзылғандығын ұғынамыз.Ал өз кезегінде қайсар батыр бола білген Ақтамберді жырау:

Жауға шаптым ту байлап,

Шепті бұздым айғайлап.

Дұшпаннан көрген қорлықтан

Жалынды жүрек қан қайнап,

Елді-жұртты қорғайлап,

Өлімге жүрміз бас байлап!-деп жаугершілік заманды,осылайша талай батыр елі үшін жанын пида еткендігін жырымен жеткізген еді.

Жыраулар поэзиясы – сол кезде халыққа рух берген қайсар жырлар поэзиясы.Жыраулар поэзиясынан Отанды сүюге,ел-жұрттың қамын ойлауға,қайсар да шыншыл болуға, адамгершілікке үйренеміз.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота