Тапсырма Мәтінді оқып, төменде берілген сұрақтарға жауап беріңіз. Сусыз өмір сүру мүмкін емес. Жер бетінің төрттен үш бөлігін су алып жатыр. Ол –мөлдір, түссіз. Судың үш күйі болады: сұйық-су, қатты-мұз, газ-бу. Нөл градустан төмендегенде су мұз болып қатады, ал қайнағанда ол буға айналады. Аналарың кір жуғанда далаға жайып қояды. Ол кеуіп кетеді. Неліктен? Себебі күн суды буландырады. Күн қатты ыстық, ал жапырақтар, өсімдіктер неге қурап кетпейді? Себебі, ол тамырмен су сорып, оны буландырып жібереді. Жер бетінде су тұщы және ащы су болып бөлінеді. Ащы су бұл теңіз, мұхит сулары, ал тұщы су өзен, көл, жер асты сулары. Жердегі әрбір 100 л судың 98 л тұзды су, 2 л тұщы су екен. Көл суларының кейбірі ащы, кейбірі тұщы суға жатады. Құрлық бетінде әртүрлі ойыстар кездеседі. Ондай ойысқа су толса, көл пайда болады. Көлемі әртүрлі. Шағын көлдердің ені мен ұзындығы бірнеше ондаған метрден аспайды. Ал ірі көлдердің бір шетінен екінші шетіне көз жетпейді. Балық ауланады, ауыз су алынады, мал суарылады. Каспий - дүниежүзіндегі ең ірі көл. Солтүстігінен оңтүстігіне дейін мың километрден қашықтыққа созылып жатыр. Тереңдігі - 800 м. Балық көп. Құбырдан алынған су 100% таза бола бермейді. Ол өзеннен хлор қосылып, тазартылып келеді. Адам күніне 2 литрге жуық су ішеді екен. Ол - су, шай, шырын, сусын, минералды су. Адам тек қайнатылған су ғана ішу керек. Себебі, қайнамаған судан кейде гипатит ауруына да шалдығып жатады. Оның құрамында микробтар болуы мүмкін.
1. Адамның денсаулығына қатысты айтылған абзацты белгілеңіз. A) 1 B) 2 C) 3 D) 4 [1] 2. Мәтін мазмұнына қатысты мақал-мәтелді табыңыз. А) Адам қайғысы - заман қайғысы. В) Су - тіршілік көзі. С) Күн күркіресе, көк дүркірер. D) Жаңбыр жауса - жер ырысы [1] 3. Берілген сөздердің синонимін мәтіннен тауып жазыңыз. жер ойық кішкентай ішетін су [2] 4. Мәтіндегі негізгі және қосымша 3 ақпараттарды ажыратыңыз. Негізгі ақпарат Қосымша ақпарат 1. 2. 3. 1. 2. 3. [3]
5. Мәтінге қатысты ой-тұжырымыңызды жазыңыз. [3] Жазылым. Жазылым жұмысында тақырыптан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көркемдегіш құралдарды орынды қолданып, үстеудің мағыналық түрлерін ажыратып, синонимдік қатарларын түрлендіріп жазыңыз. [10.
Халық денсаулығын жақсарту мақсатында спорттық шараларды барлық мекемелерге жаппай енгізу бағдарламасы қажет пе? Көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазыңыз.
Отан – асыл ұғым. Отан оттан да ыстық. Ол отбасынан басталып, тұтас бір мемлекетті жұмылдырып тұрған ұлы күш. Еліміздің әрбір азаматы «Отан» деген ұғымның оттан да ыстық қасиетіне бас иіп, оған адал қызмет етуге борышты. Осы жолда қайтпас қайсарлық пен айнымас шыдамдылық таныта білетін, ары мен намысын жоғары қоятын ұрпақ тәрбиелеу абыройлы іс болмақ. Жарқын болашақ, Отансүйгіштік, ұлтжандылық секілді асыл сезімнің өміршең екенін көрсетті.Ел қорғау – абыройлы іс. Азаттықты аңсаған ата-бабаларымыз талай шайқас, қан майданның тезінен өтіп, ұрпағына ұлан байтақ жерді аманат етті. Жас ұрпаққа ғасырлар бойы ата-бабаларымыз қорғаған Атамекенді көздің қарашығындай сақтау өсиет етілген.
Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер[1], либералды көзқарасын исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.[2]
Абай Шығыс пен Батыс мәдениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» - тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды.[3]

Турағұл, Мекаил, Ізкаил, Кенже