В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
христяч
христяч
17.12.2021 08:32 •  Қазақ тiлi

Тапсырма Мәтіндегі көп нүктенің орнына берілген тірек сөздердің ішінен қажеттісін қойыңыз.
***...
Тірек сөздер: ішкі энергиясына, химиялық энергияға, энергиясы, механикалық, химиялық, жел
органикалық заттар.
Дененің бір күйден басқа бір күйге ауысуы кезіндегі белгілі бір жұмыс істеу қабілеті
оның деп аталды. Қозғалыстың әр түрлі формасына сәйкес энергияның да
бірнеше түрі бар.
Күн сәулесінің энергиясы өсімдіктердің жапырақтарымен сіңіріледі. Осы
орайда
өсімдіктерде күрделі реакциялар жүреді. Оның нәтижесінде
түзіледі. Яғни күн сәулесінің энергиясы
айналады.
Күн сәулелерінде белгілі бір энергия қоры бар. Күн сәулесі жерге түсіп оны қыздырады. Сол
кезде күн сәулесінің энергиясы жер бетіндегі топырақ пен денелердің
айналады. Жер бетінен қызған ауа массалары қозғалысқа келіп пайда
болады. Осы орайда ішкі энергия 1
энергияға айналады.
Табиғаттағы энергия жоғалып кетпейді және жоқтан пайда болмайды, ол тек бір түрден
екінші түрге айналады.​

Показать ответ
Ответ:
Julianne11
Julianne11
13.10.2020 06:43
Әр халықтың, ұлттың құрмет тұтар өз ана тілі бар. Әрбір адам өз тілінде, анасының ақ сүтімен дарыған туған тілінде сөйлеуі тиіс. Сонау замандағы ата-бабаларымыздың өздері де қазақ тілінің жойылуына аз қалған шақта жан аямай күресіп, қолдарынан келгенше тырысып,бізге, келешек ұрпаққа қазақ тілін аманат етіп қалдырды. Осы тілімізді біз ары қарай дамытып, жетілдіріп, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуіміз керек. Өйткені, қазақ тілі – ұлттық, мәдени, рухани асыл мұра. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте,»-деп аталарымыз бекер жырламаған екен. Біз қазіргі таңда тәуелсіз, еңсесі биік мемлекетпіз. Осы мемлекетіміздің әрбір азаматы өз тілінде сөйлеп, оны құрметтеуі, жетік меңгеруі – міндет. Бірақ, қазіргі кезде адамдардың барлығы да туған тілінде сөйлей бермейді. Өз ана тілін біліп жүріп өзге бір жат елдің тілінде сөйлеп жүргендер де аз емес. Осы кезде: «Неге осылар қаншама қиыншылықпен мұраға қалдырылған тілімізде сөйлемейді?»-деп налисың. Осындай жағдайларда қолдан келер шара аз... Дүние жүзі бойынша алты мың сегіз жүз тіл болса, солардың ішінде сөз байлығы жағынан қазақ тілі үшінші орынды иемденіп отыр. Бүкіл әлемге белгілі Шекспир шығармашылық өмірінде он үш мың сөз қолданған болса, ал өзіміздің қазақ халқының ағартушысы ұлы Мұхтар Әуезов бір ғана «Абай жолы» романында он алты мың сөзді керек еткен. Міне, осыдан қазақ тілінің қасиетті де қастерлі, асыл тіл екенін ұғамыз. Ұлы ақын Мұқағали Мақатаев: «Ал екінші бақытым – тілім менің, Тас жүректі тіліммен тілімдедім. Кей-кейде дүниеден түңілсем де, Қасиетті тілімнен түңілмедім,»-деп жырлағандай, Мағжан Жұмабаев та: «Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың... Алтын күннен бағасыз бір белгі боп, Нұрлы жұлдыз, бабам тілі сен қалдың,»-деп толғанады, осы екі ақын да сол кездегі тек тілдеріне ғана үміт артқан еді. Сол үміттің ар жағында бізге деген сенім де жатыр. «Ана тілі – жүрек үні»деген көркем сөзді мен былай түсінемін: Біздің жүрегіміздің түбінен «ана тілім» деген үн шығып тұруы тиіс, анық естілуі керек. «Өз тілін сезінбеген бала ана сүтін татпаған жетіммен тең,»-деп Бауыржан Момышұлы қаһарманымыз айтып кеткендей, өз тілін қадірлемеген бала, оны жан жүрегімен сезінбеген адам ана сүтін де қадірлемеген, оны мүлде татпаған жанмен тең. Егер өзіміз сондай болсақ, намысымызға тимей ме? Өз намысымызды да, тіл намысын қорғау – біздің иығымызға жүктелген парыз. Сондықтан, бабаның үмітін ақтап қалатынымызды, тілімізді биіктен көрсететінімізді дәлелдеп көрсететін нағыз тіл жанашырлары – бізбіз.
0,0(0 оценок)
Ответ:
nikitka1011
nikitka1011
10.04.2023 10:52

Андронов мәдениеті-қола дәуіріне жататын археологиялық мәдениеттердің бүкіл тобы, ол біздің дәуірімізге дейінгі 17-19 ғасырларда болған. Бұл мәдениет Қазақстанды, Батыс Сібірді, Орта Азияны, Оңтүстік Оралды қамтыды.

Беғазы-Дәндібай мәдениеті – қола дәуірінің соңғы кезеңінде, яғни біздің дәуірімізге дейінгі 13-9 ғасырларда өмір сүрген Орталық Қазақстан тайпаларына жататын мәдениет.

Түсініктеме:

Андронов мәдениеті Андроново ауылынан шыққан, өйткені алғашқы жерлеу орындары табылған. Бұл зерттеуші Тугаринов болды және 1914 жылы табылған. Археолог Теплоухов бұл мәдениетті 1927 жылы бөліп алды. Андронов мәдениеті Синташта-Петровка-Арқайымға ұқсас (Оңтүстік Оралда және Солтүстік Қазақстанда – біздің дәуірімізге дейінгі 2200 – 1600 жылдарға жатады), Алакөл (Амурдария мен Сырдария өзендері аралығы, Қызылқұм шөлінде – біздің дәуірімізге дейінгі 2100 – 1400 жылдар). Бұл мәдениет Орал мен Еділге біркелкі таралмады. Мұндай мәдениет отырықшы, жартылай далада өмір сүрген, жайылымдар мен құнарлы жерлерге ие, тіпті мыс және қалайы кеніштері бар малшылар мен фермерлерге тән ерекше өмір түрімен сипатталады.

Беғазы-Дәндібай мәдениеті 1934 жылы табылған Дандыбай кесенесінің арқасында осылай аталады. Бұл терминді Академик Марғұлан ойлап тапқан. Бұл мәдениет жартастардан салынған ақсүйектердің биік, дөңгелек / тікбұрышты кесенелерімен танымал. Бұл мәдениет Ұлытау мен Шыңғыстау таулары арасында, Жетікоңыр өзенінен Нұра, Сарысу, Кеңгір өзендеріне дейін Ертіс бойымен, Баянауыл мен бұғыға дейін таралған.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота