В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
viparistocrate
viparistocrate
18.08.2020 06:45 •  Қазақ тiлi

Тапсырма: Оленуді оқы. Марман Жұмабаевтың Қазақ
miniѕ оnеңімен салыстыр. Кестеге маэ.
Мунестао
Мы знаеме р ішіне дечкитна весах
И что соборется до
Часмуркеста пробил на наших часах,
имунесло нісе лонове.
Не страшо Продупчи мёртвыми лачь,
Не горые остаться без рода.
и сораким тебя русская речь,
Великое руковое слово
Aha AXM
toga
с сайтар
Мағжан Жұмабаевты
Қазақ тілін олон
Анна Ахматованың
«Мужество олеңі
елде
туралы?
леге терей?
Калай ортақ ой бар?
сондай ерекшелік бар?​

Показать ответ
Ответ:
mialoma
mialoma
23.02.2023 10:05
Бала тәрбиесі -ұлтқа сын. Қазақ халқында "Баланы жастан"деген мақал бар. Бала тәрбиесіне сәби шыр етіп, дүние есігін ашқаннан көңіл бөлуіміз керек. Бала біздің ертеңіміз, болашағымыз. Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін ата-ана сәбиге үлгі боларлық дәрежеде болуы керек. Мысалы: өзі дөрекі сөйлеп, өтірік айтып, отбасының берекесін алатын әке баласына қандай тәрбие бере алады. Ал, жұмыстан келісімен телефонын қарап баласына көңіл бөлмейтін ана баласына қалай үлгі болады. Сондықтан, балаға мейірімділікпен, сыйластықпен, кешіріммен  қарап, кемшіліктерін жәй айтып түсіндіріп отырған дұрыс. Баланы кішкене күнінен шыдамдылыққа, шыншылдыққа, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге, еңбекқорлыққа баулу керек. Бала тәрбиесі баршамызға ортақ іс. 
0,0(0 оценок)
Ответ:

Қазақстан жеріндегі тұңғыш теміржол магистралі 1894 жылдың 25 қазанында Покров слободасы (бүгінде РФ Саратов облысындағы Энгельс қ.) - Орал тар табанды темір жол телімінің құрылысы аяқталғаннан кейін ашылды. Осы жолдың 130 шақырымы қазіргі Қазақстан жері арқылы өткен. Арада 4 жыл өткеннен кейін Урбах-Астрахан тар табанды темір жол іске қосылды. Мұның да 77 шақырымы қазақ даласын басып өтті.

Солтүстік Қазақстанның дамуы үшін 1891-1896 жылдары салынған Транссібір магистралінің, дәлірек айтқанда, оның «қазақстандық» 190 шақырымының маңызы зор еді. Бұл жол қазақ пен орыс халықтарының экономикалық және мәдени жақындасуына үлкен үлесін қосты.

1901-1906 жылдары Қазақстан жерінің 1660 шақырымдық аумағын алған, Орта Азия мен Ресейдің орталығын қосатын, Орынбор-Ташкент темір жолы салынды.

1914-1917 жылдары болашақ Түрксібтің бір бөлігі Жетісу жолының Арыс-Пішпек телімі салынды.

1915 жылы Челябинскі-Троицкі-Қостанай (Қазақстан арқылы 166 км.) магистралі салынды.

1915-1917 жылдары соғылған Алтай темір жолының (Новосибирск-Семей) 122 шақырымы Қазақстан жері арқылы өтті. Бұдан басқа 1918 жылға дейін 117 шақырымдық Екібастұз-Ермак тар табанды темір жолы жұмыс істеп тұрды. 1918 жылға қарай Қазақстан аумағындағы шойын жолдың жалпы ұзындығы 2,6 мың шақырымға жетті.

Кеңес заманының алғашқы темір жолы 1920-1922 жылдары салынған Петропавл-Көкшетау телімі болды. Қазақстанның түкпірдегі аймақтарын дамыту және астықты шығару қажеттілігіне байланысты 1926-1931 жылдары Бурабай-Курорты және Ақмола стансалары арқылы Қарағандыға дейін жалпы ұзындығы 700 шақырымнан асатын жол салынды. 1924 жылы Құлынды-Павлодар теміржол желісі құрылды. Ембідегі мұнай кәсіпшілігінің дамуына 1926 жылдан басталған Гурьев-Доссор тар табанды жолы ықпал етті.

1927-1930 жылдар аралығында салынған ұзындығы 1444 км Түркістан-Сібір (Түрксіб) магистралінің аяқталуы заманалық оқиға болды. Ол Қазақстанды Сібірмен байланыстырып, республиканың экономикалық дамуына және шөлді жерлердің игерілуіне әсер етті.

Орталық Қазақстан өңірінің өндірісі үшін 30-шы жылдары салынған Ақмола-Қарағанды, Қарағанды-Балқаш (490 км), ал оңтүстік үшін Шымкент-Ленгір жол телімдері зор маңызға ие болған. Алтай тау кен өндірісінің дамуында 1930 жылы салынған Локоть-Защита (235 км), сосын Лениногорскіден Зыряновскіге дейін созылған жол шешуші рөл атқарды.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота