тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз. ответить на вопросы 1 Мәтінде қандай ғимарат жайлы айтылған? 2 Ғимараттың ерекшелігі қандай? 3 Ғимараттың маңында нелер орналасқан?
Мәтінді түсініп оқыңыз. Ғимараттың жалпы ауданы 36,5 мың шаршы метрді құрайды. Іргетасынан сонау төбесіне дейін - 86 м. Нысанның құрылысына негізінен монолитті бетон қолданылып, ғимаратты тұрғызуда заманның ең озық әдістері мен жетекші инженерлік құрылғылары қолданылған. Ғимараттың басты фасадының алдында гүлмен көмкерілген аллея мен субұрқақ тұр. Бұл - Ақорданың алдыңғы әлпетіне ерекше рең береді. Нысанның ішінде 40 аспалы шам бар, оның ең бастысы тура ғимараттың ортасында орналастырылып, салтанатты қабылдауларды аса жарқын форматта өткізуде ерекшелік пен көрік беріп тұрады. Негізгі аспалы люстраның үлкендігі соншалық, жергілікті персоналдың мойындауынша, электриктер шамын ауыстырар кезде люстраның ішіне еніп, көрінбей кетеді екен.
Мөңке би өз заманында «ердің құнын екі ауыз сөзбен шешкен сұңғыла би», келер күнді айнытпай болжайтын сәуегей және дала даналығының көрінісі іспетті ой-тұжырымын тағылымды поэтикалық жырға айналдырған жырау ретінде танылды. Мөңке бидің философиялық толғаулары, риторикалық сұрақ-жауап, болжау, билік, кесім, шешім түріндегі мұралары өзіндік ерекшелігімен көзге түседі. Көшпелі тірліктің тіні бұзылмаған қоғамда заман аңысын аңдап, оның келешек кескін-кейпін дәл болжай білу Мөңке би шығармашылығының басты белгісі
Ел, Жұрт, Халық туралы мақал-мәтелдер
Қалыптан безсең де,
Халықтан безбе.
Сенде болсын, менде болсын,
Менде болмаса, елде болсын.
Көпке жақын – көкке жақын.
Көп жаңылса, көнеден сұра,
Көне жаңылса, көргендіден сұра.
Халқым – қазынам, қазаным,
Туғаным – туырлығым.
Екі тау қосылмайды,
Екі ел қосылады.
Жігіті жүзге жеткен елді
Жүзіқара кемітеді.
Басшысы жоқ ел жетім,
Балығы жоқ көл жетім.
Ел қонысын тапса,
Ер ырысын табады.
Жақсылық қылсаң халыққа,
Бір қайырымын аларсың.
Жамандық қылсаң халыққа,
Жапанда жалғыз қаларсың.
Елдің күші – селдің күші.
Көп жүрген, жер таниды,
Көп қыдырған, ел таниды.
Қаланған кірпіш кәдеге асқаны,
Қағылған шеге – орнын тапқаны.
Жігіттің халыққа жаққаны
Шырақ жаққаны.
Хан сырын білгеннің,
Қаны төгіледі.
Батылдықты айт, ерлікті айт
Батырлықты айт, бірлікті айт.
Ынтымақ қосып ел болып
Жұрт жасаған тірлікті айт!
Берекелі елдің
Бетін ешкім қақпайды.
Берекелі жердің
Жыланы да шақпайды.
Айрылған ел – азар,
Қосылған ел – озар.
Күн түспеген жер көгермес,
Көсемі жоқ ел көгермес.
Көсемнің дидары –
Күннен де жарық.
Қонысты болса –
Төл семіреді.
Қордалы болса –
Жер семіреді.
Бұлақты болса –
Көл семіреді.
Ынтымақты болса –
Ел семіреді.
Ер басына күн туса,
Бұта түбі үй болар.
Ел ірісе – ыдырап,
Екі үйге бір бие болар.
Елге дұшпан жерге сыймас,
Жерге дұшпан елге сыймас.
Тау мен тасты су бұзар,
Ел арасын қу бұзар.
Кереге бойы қар жауса да,
Жұтамайды сауысқан.
Қанды қалпақ кисе де,
Қиыспайды туысқан.
Еліңді тастап шетке кетпе,
Шетке кетсең де, көпке кетпе.
Халқыңа тартпағанның
Қары сынсын.
Қонақ келсе, сайласып,
Атып тұрып, атын тұт.
Жай сұрасаң жайласып,
Алдыменен өзін күт.
Халық қорғамаған басыңды
Қалпақ қорғай алмайды.
Гүлсіз болса – жер мұңды,
Күлкісіз болса – ел мұңлы.
Елді ерке бұзады,
Етті желке бұзады.
Өзің елді сыйламасаң,
Ел де сені сыйламас.
Объяснение:
Қарайсыңғо өзің♥