Тапсырма. "Су иесі-Сүлеймен" тақырыбындағы мәтінді оқыңдар. Мәтіннен есімдіктерді тауып, көшіріп жазыңдар.(117-119 бет) 3-тапсырма.Оқылым мәтіні бойынша "Төрт сөйлем" тәсілі арқылы жинақы мәтін жазыңдар.
1. Пікір.Мәтін бойынша өзіндік пікірлеріңді бір сөйлеммен жазыңдар.
2. Дәлел.Өз пікірлеріңді бір сөйлеммен дәлелдеңдер.
3. Мысал.Пікірлеріңді өмірмен байланыстырып, мысал келтіріңдер.
4. Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды шығарыңдар.
Менің сүйікті спортшым.
Елімізде ауыз толтырып айтып, мақтанатындай спортшылар аз емес. Менің бір емес, екі бірдей сүйікті спортшым бар, олар әр түрлі спорт түрінің шеберлері болғанымен, барша қазақ халқы оларды мақтан тұтады.
Солардың ішінде әсіресе Александр Винокуровты атап айтқым келеді. Ол - Қазақстанның және Астана Pro Team велокомандасының ең белгілі велошабандозы, «Vino» (Вино) деген атпен белгілі. 2012 жылғы Лондондағы XXX жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы, Сидней Олимпиадасының вице чемпионы, әлем біріншілігінің қола жүлдегері, «Вуэльта» көпкүндігінің (2006 жыл) жеңімпазы. Оның есімі Қазақстанның спорт тарихына алтын әріппен жазылды десем, артық болмайды деп ойлаймын, себебі ол Қазақстаннан шыққан Олимпиада ойындарында алтын иеленген тұңғыш велошабандоз.
Болашақта мен жоғарыда есімі аталып кеткен Александр Винокуров сияқты әлемге танымал спортшы болуды армандаймын. Велоспорт үйірмесіне аптасына үш рет барып, бар ынта - жігеріммен жаттығып жүрмін.