В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
rrrrrrrrtttttttttyyy
rrrrrrrrtttttttttyyy
14.10.2020 10:26 •  Қазақ тiлi

-тапсырма. Төменде берілген әр сөйлемді өз сөзіңізбен қайта жазыңыз. Сөйлемдерді берілген сөздермен бастаңыз.

Әр сұрақтың балы жақшада берілген. Тіл сапасына қосымша беріледі.

Мысалы: Бүгінгі күні ғарыш технологиясы ғылымның, техниканың дамуына игі ықпалын тигізіп отыр. Ғылымның

Жауабы:

Ғылымның , техниканыңдамуынабүгінгікүніғарыштехнологиясыигіықпалынтигізді.

Елбасы тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап-ақ ғарышқа ерекше көңіл бөліп келді.

Тәуелсіздіктің [1]

Әртүрлі конструкциялы ғарыш аппараттары Айға, Шолпанға және Марсқа қондырылды.

Айға [1]

Аспанды игеруді аңсаған, ғарыштың ғаламатына құмар адамзат талай жылдан бері осы саладағы ізденістерін тоқтатқан емес.

Талай [1]

Қазан айының 2-сі күні тұңғыш қазақ ғарышкері Т.Әубәкіров Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен көк жүзіне көтерілді.

Тұңғыш [1]

Бүгінгі күні ғарыш технологиясы ғылымның, техниканың дамуына игі ықпалын тигізіп отыр.

Ғарыш [1]

«Космонавтика»- біз үшін ұлттық мақтанышқа айналатын нысан ғана емес, ол азаматтардың өмір сапасын арттыру үшін пайдаланатын басты құралы.

Біз үшін[1]

Сондай ақ бірнеше аппарат Күн жүйесінің аймағынан шығып, әлемдік өркениет үшін қызмет етуде.

Әлемдік [1]

Т. Әубәкіров әуе кеңістігінде өзге ғарышкерлермен бірге биотехнология, металлургия, медицина салалары және Арал теңізі аймағы бойынша ғылыми зерттеу жұмысын жүргізді.

Әуе[1]

Бұл еліміз үшін үлкен мақтаныш.

Еліміз [1]

Қазақтың атын шығарып, тұңғыш ғарышкер Т.Әубәкіров көкке самғады.

Тұңғыш [1]

Барлығы: [10+5= ]

3-тапсырма.

Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз. Мүмкіндігінше, өз сөзіңізбен жауап беруге тырысыңыз.

Әр сұрақтың балы жақшада берілген. Тіл сапасына қосымша беріледі.

Неліктен Қазақстан – ғарыш кіндігіне айналды? 2 дәлел келтір.

[2]

Тұңғыш қазақ ғарышкері Т.Әубәкіров қашан Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен көк жүзіне көтерілді?

[1]

Ғылыми зерттеу жұмысының нәтижесінде қандай ғарыштық суреттері алынды. 2 мысал келтір.

[2]

Показать ответ
Ответ:
Zhernakova
Zhernakova
04.08.2022 21:37

Ата-ананың қадірін білмеген -  халық қадірін білмес.

Халқымыздың байырғы ұғымында баланың анасы алдындағы парызын өтеуі ана сүтін ақтау деп аталады. Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды. Өмір есігін жаңа ашқан нәрестенің бойына туған елінің рухын сіңіретін, балбыратып уататын тұңғыш тәтті сазы, жылауын қойғызатын ән өлеңі де сол ғазиз ана бесікке сүйеніп отырып, емірене айтатын бесік жыры. Ал нәресте өмірінің нәрі – Ана сүті.

Ана – отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ананың қадірі ерекше әспеттелген. Әсіресе, тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусәр бұлағы – Ана есіміне қатыссыз дүниеде қасиетті ештеңе жоқ. Сондықтан ананы ардақтамайтын халық та жоқ. Оның жөнін халық: «Ана сүтін Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарып келсең де, өтей алмайсың»,- деп түсіндіреді.

Теңіздей тербелген өмір толқындарынан баласын аман алып қалу үшін барын салады. Сондай зор махаббатпен өсірген өрені қартайған шағында мейірімге бөлер ме екен? Баласының болашағы үшін бар өмірін арнаған ата-анасы қартайып аз ғана көрер жарығы қалғанда оны сүйіспеншілік пен мейірімге бөлей алмаған адамның адамгершілігі бар деп айту қиын. «Ата-анаңның қадірін балалы болғанда білерсің» деп бабаларымыз жырлағандай «ата-анаға не істесең, алдыңнан сол шығады». Анаңды құрметтемесең, анадан несін туасың? Адамды құрметтемесең, адамнан несін туасың? – деп жырлаған екен халқымыз. Қандай өркениетте болсын, қандай ұлттарда болсын ата-анаға деген құрмет ешқашанда өзінің құндылығын жоғалтқан емес, ата-анаға ең биік орын беріп ерекше бағалайды. Ұл-қызымыз ұлағаттылықты ұстанып, инабаттылыққа ұмтылып, арын кірлетпей, кіршіксіз таза ұстап, ата-ананың алдында адалдығынан ажырамай өмір сүрсе, аналар да жыламас еді, жетімдердің де көзі жәутеңдемес еді.

Перзент – ата-ана еккен ағаштың жайқалған жасыл жапырақтары, әке мен шешенің өз қолдарымен мәпелеп өсірген ағаштың көптен күткен жемісі. Алғашында ата-ана перзент панасы болса, кейін керісінше әр перзент ата-ананың панасы болуы оның пенделік, перзенттік парызы. Қызын қуыршақтай, ұлын құлыншақтай қылып алақанында аялап өсірген жемісінің дәмін тату, бейнетінің зейнетін көру – әр адамның арманы. «Балаң жақсы болса, жердің үсті жақсы, балаң жаман болса, жердің асты жақсы» депті бағзы бабаларымыз. Ата-анасының қадіріне бармаған бала құдды құрт түсіп, шіріген жеміс іспетті. Бала емес, бәле өсіргенін кейіннен түсіну – көңілдің күйікті күйініші, өзекті өртейтін өмірдегі өкініші.


0,0(0 оценок)
Ответ:
anya377
anya377
15.12.2022 01:11

      Астана-жас қала. Ол Есіл өзенінің бойында Сарыарқа жерінде оналасқан. Астанада Парламент үйі, Жастар сарайы, көп қабатты үйлер мен ғимараттар бар. Парламент үйінің алдында Қазыбек би, Әйтеке би, Төле бидің ескерткіштері бар. Парламент үйінде депутаттардың, шетелдерден келген серіптестіктерінің, президенттердің жиналысы болады. Жастар сарайында КВН, концерттер, фестивальдар, жарыстар өткізіледі. Ал Астанадағы ең әдемі Бәйтерекке тоқтайтын болсақ, оның биіктігі 97 метр, басындағы дөңгелек шармен қосқанда жалпы ұзындығы 105 метр болады. Оның тарихы өте терең.                                                        Бәйтерек монументі - Астананың символы.                                             

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота