В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
русел222033
русел222033
05.03.2022 17:34 •  Қазақ тiлi

Тапсырмалар: 1-тапсырма. Мәтіннен жеке тұрып белгілі бір ұғымды білдіретін сөздерді бір бөлек, ұғымды білдіре алмайтын сөздерді бір бөлек теріп жазыңыздар. Жеке тұрып ұғымды білдіре алмайтын сөздердің қалыптасқан мағынасын көрсете отырып, сөздің ұғымы мен мағынасының арасындағы айырмашылықты ашыңыздар.
Аздан соң Оспанды ертіп Тәкежанның үйінен Абай аттанғанда, күн кешкіріп, екінтіге тақап қалған екен. Екі туысқан кешкі қоналқада қайда боларын шешпесе де, атқа мінісіп, өлкені, өзенді бойлады. Кешкі суға келіп жатқан қалың жылқыларды шеттей жағалай түсіп, ешбір ауылға соқпай, белгілі бір сейілге шыққандай. Осылайша атқа мініп, оралып қайтуын Оспан тілеген соң, бағанағы сөзін айтар деп, Абай үндемей ерген-ді. Бірақ Бұл жүрісте де Оспан сөзін бастағанша көлденең бір жай олардың келелі сөзінің арасына түсіп кетті. Ол күйдің себепшісі – бұл екеуінің аңшы інісі, әдемі көк қаршығаны қолына ұстаған, сұлу жарау, ақсұр байтал мінген Шәке болатын (М.Ә.).
2-тапсырма. Төмендегі сөйлемдерден қарамен терілген сөздерді теріп жазып, мағынасын анықтаңыздар, тура немесе ауыс мағына ма, ұқсатудан немесе фразеологиялық байланыстан туған мағына ма, конМәтіндік мағына ма екенін анықтап, пайда болу жолын түсіндіріңіздер.
1. Адам әлі білмеген, талай жұмбақ сырың да, жырың да бар-ау табиғат-ана! (Ғ.С). 2. Бұл кезде менің миым асты-үстіне келіп қайнап кеткен (Ғ.М.). 3. Бақшаның мен жақ шеткі ағаштары кесе-көлденең жапырылып, жер бауырлап бүксие берді (Ғ.М.). 4. Дүние желі олай соғып, былай соғып, бір теңбіл шаңды соның ішіп отырған шайына апарып түсірсе қандай жақсы болар еді дейді (Ғ.М.). 5. Жоқ, ол ойды мен өсірген емеспін (Ғ.М.). 6. Ауа лайнері Алматының үстін бір шолып өтіп, күннің шығысына – Өскеменге қарай бет түзейді. Алатаудың қойнынан көтерілген құрыш құс бір сағаттың о жақ, бұ жағында Алтайдың қиясына барып қонады. Ыстық күн Алатаудың иығынан күле қарайды. Ол ұзын алтын кірпіктерімен айналаны қытықтап тұрған тәрізденеді (Ә.Нұрш.). 7. Шіркін, сапар шегу қандай жақсы! Сапар – өмірдің баспалдағы (Ә.Нұрш.). 8. Алып таудың төсінен шыққан үлкенді-кішілі өзендердің бәрі неше алуан жыр шырқап, соған келіп қосылады (Ә.Нұрш.).

Показать ответ
Ответ:
vagar
vagar
02.05.2022 04:25

О Отан өз батырларымен бай. Отанның қорғаушыларсыз, мемлекет жоқ. Бытылдық, Отан сүйгіштік, достық - нағыз батырдың сапалары. Батырлар болып дүниеге келмейді, олар болып қалыптасады. Балалық шақтан кішкентай балаға отаншылдыққа, құрметке тәрбиелеу керек. Атамекен үшін ата-аналарға нағыз жігітті тәрбиелеу керек ғой! Халықта дана мақал-мәтелдер бар: "Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі", "Ер барда - ел қор болмас" және тағы басқалар. Менің пікірінше, ең басты, ең негізгі батырдың сапасы - бұл отаншылдық. Отаншылдық - бұл туған жерге, өз халыққа, ұлтқа деген сүйіспеншілік

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Ответ:
ВИКУСИК4455
ВИКУСИК4455
22.02.2021 17:49
Табиғаттың әрбір маусымы ерекше болатыны сөзсіз. Әр маусымның өзіне тән қызығы мен сейіл-серуені бар. Соның ішінде қыс мезгілі де өзіндік кіршіксіз аппақ қарымен, қаһарлы мінезімен, сықырлаған аязымен ерекше. Бұл мезгілде адамдар табиғаттың құпиясын, ерекше бір ұмытылмас сәттерін тамашалайды.Қара жердің бетін басқан аққұба ару сияқты үлпілдеген ақ ұлпа қар айналаға сән бергендей. Әркім бұл мезгілді асыға күтетіні рас. Бірі шаналарын арқалап, биік жоталарға, таулы қыраттарға бет түзейді. Дала төсінде қолдан сырғанақ жасайтын қызықты кездерде өз алдына бір бөлек әңгіме. Қолдарына шана сүйреген балалар, жүздері күлкіге толы адамдар барлығы бейне бір қыстың суығын емес, оның жылы нұрын, ыстық тартар сәулесін тауып алғандай қуанады.Даланың табиғаты тып-тыныш қалпынан, маужыраған күйінен серпіле түскендей күйде. Алатаудың сілемдері мен биік жоталарындағы қыс көріністері көздің жауын алады. Басында қашанда қар жататын қарт Алатау ару Алматының көркіне көрік қосып тұрғандай көрінеді. Ақындар жырға қосқан, әншілер әнге қосқан Алатау қыс мезгілінде ерекше сұлу ғой, шіркін!Қыс мезгілін тағы да асыға күтуіміздің бір себебі - Жаңа жыл. Сірә, бұл мейрамды еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін күтетіні айдан анық. Бүлдіршіндер аппақ қардан аққала жасап, шырша безендіріп, аяз ата мен ақша қарды көруге асығады. Барлығы ақ тілектерін білдіріп, сыйлықтарын береді. Қылышын сүйретіп жеткен қаһарлы қыстың бізге берер қызығы мен қуанышы көп. Осындай естен кетпес оқиғаларға толы қыс мезгілін керемет деуге толық негіз бар. Қыстың ғажайып ұмытылмас шақтары адам жанына шуағын шашып, нұрын төге түскендей, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота