В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
asdas6vj
asdas6vj
16.03.2020 08:30 •  Қазақ тiлi

ТАПСЫРМАНЫҢ МӘТІНІ Археологиялық ескерткіштердің
ерекшеліктерін сәйкестеңіз!
мәйітті ұзақ
сақтау үшін
балзамдау әдісін
Берел
қолданды​

Показать ответ
Ответ:
Danfdffefd
Danfdffefd
23.09.2021 00:22
. Тараз – Қазақстан қалаларының ішіндегі ең ежелгілерінің бірі, тіпті ол VІ ғасырдың деректерінде кездеседі. 568 жылы Талас өзені жағасындағы қалада түрік қағаны Дизабула өзінің керемет ставкасында Византия елшісі Земархты қабылдаған. Бұл туралы В.Бартольдтың «Орта Азияға ғылыми мақсатпен сапардың есебі» кітабында жазылған. 629 жылы Сюань-Цзян Тараз (ежелгі аты – Далосы) қаласының Цзяньцюаннан батысқа қарай 140-150 ли қашықтықта тұратынын және оның шеңберінің 8-9 ли екендігін айтады. Қалада әртүрлі елдерден келген көпес-саудагерлер мен хусилардың (согдийлықтардың) тұратыны және олардың тілі мен әдет-ғұрыптарының, заңдарының Қытайдағы сияқты болатыны туралы жазылған (Зуев Ю.А. Суяб туралы Қытай деректері. 91б.). Біз бұл деректерді Тараз қаласының аса ертеден келе жатқан қала екендігі жайлы мәлімет үшін беріп отырмыз. Тараздың VІІ ғасырда осы Ұлы Жібек жолында маңызды рөл атқарғаны жайлы мағлұматтар ежелгі шежірелер мен географиялық шығармаларда кездеседі. Қала 751 жылы арабтардың, 766 жылдан бастап қарлұқ қожалығының, ІХ ғасырдың аяқ шенінде саманидтердің қол астында болады. 893 жылы Исмаил ибн Ахмад Таразға соғыс ашып, ақыры Тараз әмірі жауға бас иеді, Исламды мойындайды. ІХ-Х ғасырларда Тараз қаласының егіншілік алқаптың, Талас Алатауындағы күміс руднигінің жанында орналасқандығы оның экономикалық және мәдени өрлеуіне мүмкіндік жасады. Х ғасырдың географы Максидидің жазуы бойынша «Тараз – бау-бақшалы, қалың елді, оры, төрт қақпасы және қонысталған рабаты бар үлкен бекітілген қала». Х-ХІ ғасырларда Жетісуды, Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияны қараханидтер династиясы жаулап алғаннан соң, Тараз жаңа мемлекеттің бір қожалығының астанасына айналады. Ислам діні үстемдігінің нәтижесінде ХІ ғасырда жаңа үлгідегі Айшабибі, Қарахан, Бабажы-хатун мазарлары салынды. Р.Вильгельмнің деректері бойынша, ХІІІ ғасырда болған моңғол шапқыншылығы қарсаңында Тараз қолдан қолға ауысқан. Ол тіпті моңғолдардың қолына түспес үшін Мухаммед хорезмшахтың әмірімен талқандатылған да, ХІІІ ғасырдың орта шенінде қала қайтадан қалпына келтірілген. Жалпы Тараз қала ретінде ХV ғасырға дейін өмір сүрген, бірақ оның орнындағы отырықшы қоныс ХVІІІ ғасырға дейін болған. Осы тұста пайда болған жаңа қала, Қарахан әулетінен шыққан Ша Махмудтың мазары төңірегіне салынғандықтан, Әулиеата деп аталды. Ал 1936 жылы қаланың аты Мирзоян болып, одан соң, 1937 жылы Жамбыл болып өзгертілді. Халықтың талап-тілегін ескере отырып, ел Президенті Н.Назарбаев 1997 жылғы 8 қаңтардағы Жарлығымен қалаға тарихи аты – Тараз атауы қайтарылып берілді. 2002 жылы 25-26 қыркүйекте Тараз қаласының 2000 жылдығы тойланды. Тараз бүгінде мәдени-экономикалық жағынан өркендеген, жергілікті халық «жер жәннаты» деп атайтын шағын да болса көрікті.
0,0(0 оценок)
Ответ:
Марянян
Марянян
20.09.2021 14:56
Шын хакім, сөзің асыл – баға жетпес
Бір сөзің мың жыл жүрсе дәмі кетпес.
Қарадан хакім болған сендей жанның
Әлемнің құлағынан әні кетпес!
...Ай, жыл өтер, дүние көшін тартар,
Өлтіріп талай жанды, жүгін артар.
Көз ашып, жұртын ояу болған сайын,
Хакім ата, тыныш бол, қадірің артар

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап, келіп қалды.
Дем алысы - үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды.
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,
Аязбенен қызарып ажарланды.
Бұлттай қасы жауып екі көзін,
Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды.
Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,
Алты қанат ақ орда үй шайқалды.
Әуес көріп жүгірген жас балалар,
Беті-қолы домбығып, үсік шалды.
Шидем мен тон қабаттап киген малшы
Бет қарауға шыдамай теріс айналды.
Қар тепкенге қажымыс қайран жылқы
Титығы құруына аз-ақ қалды.
Қыспен бірге тұмсығын салды қасқыр,
Малшыларым, қор қылма итке малды.
Соныға малды жайып, күзетіңдер,
Ұйқы өлтірмес, қайрат қыл, бұз қамалды!
Ит жегенше Қондыбай, Қанай жесін,
Құр жібер мына антұрған кәрі шалды.

Желсіз түнде жарық ай
Желсіз түнде жарық ай,
Сәулесі суда дірілдеп,
Ауылдың жаны терең сай,
Тасыған өзен күрілдеп.

Қалың ағаш жапырағы
Сыбырласып өзді-өзі,
Көрінбей жердің, топырағы,
Құлпырған жасыл жер жүзі.

Тау жаңғырып, ән қосып
Үрген ит пен айтаққа.
Келмеп пе едің жол тосып
Жолығуға аулаққа?

Таймаңдамай тамылжып,
Бір суынып, бір ысып,
Дем ала алмай дамыл қып,
Елең қағып, бос шошып.

Сөз айта алмай бөгеліп,
Дүрсіл қағып жүрегі,
Тұрмап па еді сүйеніп,
Тамаққа кіріп иегі?

Жасымда ғылым бар деп ескермедім
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ержеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім.
Бұл махрұм қалмағыма кім жазалы,
Қолымды дөп сермесем, өстер ме едім?
Адамның бір қызығы - бала деген,
Баланы оқытуды жек көрмедім.
Баламды медресеге біл деп бердім,
Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім.
Өзім де баска шауып, төске өрледім,
Қазаққа қара сөзге дес бермедім.
Еңбегіңді білерлік еш адам жоқ,
Түбінде тыныш жүргенді теріс көрмедім

Вот выбирай!
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота