В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
maksim22771
maksim22771
07.03.2023 23:25 •  Қазақ тiлi

ТАПСЫРМАНЫң мәтіні «Асанқайғының жерге айтқан сыны» аңызы бойынша оқиғаның басталуын көрсет.
Желдей ескен желмаясымен Сарыарқаның сай саласын аралауы
жүрген жерінде әртүрлі қоныстанған жерлерге сыни баға беруі
Өлеңті өзенін көріп, еш нәрсе айтпастан өлеңдете жөнелгені
Бүкіл алты алаштың қонысын көруі үшін өмірін далада өткізуі
Алға
Артқа​

Показать ответ
Ответ:
svetik10987
svetik10987
06.11.2021 04:55
Айранның пайдасыАйран — сүттен жасалатын ағарған. Айранның адам ағзасына пайдасы мен қасиеті мол. Мәселен, адам түрлі тамақтардан уланған кездерде де айранды қолданады. Себебі бұл өнім ағзаны тазартып қана қоймай, өзінің дәрумендерімен емдеп жазады. Ауруға қарсы тұру қажырын көтереді. Медицина тілімен айтқанда «жедел жәрдем ас». Ал бұл сүт өнімін арнайы ашытқы арқылы дайындайды. Анығырақ айтсақ, сүтке қамжылы кезінде ұйытқы салып, 3-4 сағат жылы жерге қояды.Айран — Қазақстанды, Орта Азияда, Қырымда, Кавказда кеңінен тараған тағам. Сондықтан болса керек, бұл тағамның шығу тарихын әр ел өзіндерімен байланыстырып алған. Бірақ анағында айранның нағыз төркіні — қазақ елі. Айранның құрамы сүтке ұқсағанымен, ұйытылған соң пайдалы дәрумендерінің саны ағағұрлым арта түседі. Сондықтан болса ерек, шөлімізді қандырады әрі тойымды тамақ. Қазақтың ең танымал ұлттық тағамдарының бірі — айран қасиетін барша қазақ біледі. Кешкі астан соң, міндетті түрде 1 кесе айранды тұтынған. Бұл асты қорытуға көмегін тигізеді екен. Кішкентай нәрестелерге де айран берген, ауру-сырқаудан сақ болсын деп. Жүкті әйелге де осы тағамды тұтынуға кеңес берген. Кез келген тағаммен бірге қонақ алдына да ағарған айранын ұсынған. Бұл қонақжайлылықтың белгісі.  Осылайша қазақтың  дастарханыннан айран үзілмей келеді. Айран әрдайым диетологтардың кеңес беретін ас мәзірі. Құрамы күрделі болғанымен, соңы семіздікке алып келмейді. Себебі ағзаға түскен айран өзге тамақтарды қорытуға белсенді. Айран ұйқысыздық дертінінң де алдын алады, яғни жүйке жүйесін де емдейді. Тіпті ота жасалған адамға да айранды ішкізу — бұл ағзаның тез жазылуына әкеледі. Ал қыз-келіншектер айрынды косметикалық бағытта да пайдаланады. Бетке жағып, 15 минуттан кейін күн сайын жуып тастау әжім түсуден сақтайды екен. Бетті нәрлендіріп, қалпына келтіреді. Асқорыту жүйесін реттейді, Жара және күйіктерді емдейді, Көздер үшін А витамині бар, Жетілу үшін Е витамині бар, Антибиотиктердiң қосалқы әсерлерін жояды, Жүйке және жүрек үшін қажетті В1 витамині бар, Іш өту және ішек ауруларын емдейді, Терінің жақсаруы үшін В2 витамині бар, Құрамындағы ақуыз адамның күшін арттырады, Сүйектің жетілуі үшін D витамині бар, Ішек улануларынан сақтайды, Ішектердің жақсы жұмыс істеулерін қамтамасыз етеді, Ауруларға қарсы емдік қасиеті бар, Минерал ретінде кальцийі мол, Аурулардан сақтайды.
0,0(0 оценок)
Ответ:
LARINA259
LARINA259
31.01.2023 18:10
Ертеде бір Шал мен Кемпір болыпты. Кемпір бір күні қаймаққа нан илеп, оны майға қуырып бауырсақ пісіріпті. Оны терезенің алдына суытып қойыпты. Бауырсақ суып тұрып тұрып, бір кезде домалай жөнеледі. Домалап келіп терезе алдындағы орындыққа, орындықтан еденге, еденнен дәлізге, дәлізден аулаға, ауладан сыртқа, одан әрі, одан әрі домалай береді, домалай береді. Бір кезде оған Қоян жолығып:-   Бауырсақ, Бауырсақ! Мен сені жеймін! – дейді.-   Қоян, сен мені жеме. Мен саған өлең айтып беремін: «Менің атым Бауырсақ, Бауырсақ! Қаймаққа иленгем, майға пісірілгем, терезеде суығам. Ұстатпай кеттім Атама, ұстатпай кеттім Әжеме. Ұстатпаймын Қоян саған да!». Содан Бауырсақ қара жолмен домалап кете барады. Оған Қасқыр кездесіп, оның да жегісі келеді. Бауырсақ өзінің әнін Қасқырға айтып беріп, одан әрі домалай береді.
Бір кезде Аю жолығады:-  Бауырсақ, Бауырсақ! Мен сені жеймін! – дейді ол.-  Сендей майтабанға мені жеу қайда? Ұстатпай кеттім Атама, ұстатпай кеттім Әжеме, Қоян менен Қасқырға ұстатпағам ендеше.-   Ал сендей ұстатпаймын мүлде де! Сөйтіп домалай жөнеледі. Аю тек көзімен шығарып салады.
Бауырсақ домалағаннан домалап келе жатса оған Түлкі жолығады:-  Бауырсақ, Бауырсақ, қайдан домалап барасың? - дейді ол.-  Жолмен домалап барамын.-  Бауырсақ, Бауырсақ, маған өлең айтып берші!...- Содан Бауырсақ: «Менің атым Бауырсақ, Бауырсақ! Қаймаққа иленгем, майға пісірілгем, терезеде суығам. Ұстатпай кеттім Атама, ұстатпай кеттім Әжеме. Ұстатпай кеттім Қоян менен Қасқырға. Ұстатпай кеттім Аюға, ұстатпаймын саған мүлде де!» деп өлеңін айтып береді. Түлкі оған:- Әнің өте жақсы екен. Бірақ жөнді ести алмай тұрғаным. Бауырсақ, сен менің тұмсығыма шық та, әніңді тағы бір рет қаттырақ айтшы, - дейді. Бауырсақ Түлкінің тұмсығына домалап шығып алып бар даусымен әнін айтады. Сол кезде Түлкі ұстап алады.- Түлкі, сен мені жеп қайтесің! – дейді Бауырсақ. Жүр одан да біздікіне, Атам мен Әжеме барайық. Олар сені тойғызады. Түлкі келіседі. Жолшыбай өздерімен бірге Қоян, Қасқыр мен Аюды ертіп алады. Олар келсе Әжесі көп қаусырма пісіріп қойыпты. Қоянға орамжапырақ салған, Қасқыр мен Түлкіге ет салған, Аюға таңқурай салған қаусырма тиеді. Ал Бауырсақ терезенің алдында өзінің әнін айтып отырады.
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота