ТАПСЫРМАНЫҢ МӘТІНІ Төменде берілген екі мәтінді оқыңыз. Олардың тақырыбын, құрылымын, мақсатты аудиториясын, олардың тілдік ерекшеліктерін салыстырыңыз.
1-мәтін
Қайран, балалық-ай десеңші! Алыста қалған арайлы адал таңдарым менің. Онда мен кіп-кішкентай сәби едім. Ал айнала таулар да, үйлер де, қойтастар да, жылқылар да – бәрі-бәрі үлкен болатын. Адамдардың бәрі «айналайыннан» басқа сөзі жоқ, кілең мейірімді жандар болып көрінетін... Қария кісілердің сақалынан қасиет-қадір белгісі көрініп тұрар еді маған. Ер мінез жігіттердің кесек тұлғаларынан, шашбаулары сылдыраған қыз-келіншектердің жүріс-тұрысынан мен адамзаттың асқақ сұлулығын түйсіксіз байқағандай болармын. Солардың бәрі мені аймалап, сүю үшін жаратылған жандар сияқты сезілуші еді.
Ол ол ма, анау асқар таулар, етектегі еңісті шексіз дала, көгілдір аспан, түнде жымыңдаған жұлдыздар, толықсып туған ай, жасыл жайлау - бәрі-бәрі тек маған ғана елжірей қарап, мені ғана аймалап әлдилейтін сияқты еді. Дүние сенің сәби кезіңмен көргендегідей өмір бойы қайырымды, аспаны - күмбез, желі - жібек, әдемі ертек болып тұра берсе, кәне.
Тек оқта-текте ауылдың үстін, тау бөктерін тұнжыр бұлт торлайтын. Бұлт сонда үн-түнсіз шаруақор менің әкеме ұқсайтын. Ал күн күркіресе, апамның ересек балаларына ақырып-зекіргені есіме түсіп, жым боламын. Жаңбыр жауса - жас баланың көз жасындай, кімді аяйтынымды білмеймін, әлдекімге жаным ашып, жаңбыр жауса жылағым келер. Биелер шұрқырап, құлындар құтырып, ауылды айнала шауып еріксіз елеңдетеді. Ала-құйын айдалаға сен де жүгіре жөнелгің келеді. Енді бірде аспанға аң-таң боп қарап қаласың. Буда-буда бұлттар жалы желбіреп шауып бара жатқан асау айғырлар сияқты. Кейде шөгіп жатқан түйелер сияқты. Кішкентай қолдарыңды созып, сол керемет дүниеге ұшып барып, әлгі қанатты тұлпардың жалынан сипалағың келеді. Баланың бақытты шағы сол кереметке сенгенінде шығар. Кейін есейе келе әлгі бұлттың су екенін, күннің қызуымен бу болып ұшатынын білу қандай қатал.(245 сөз)
http://adebiportal.kz/upload/iblock/5e1/5e13518fb629e466f3a930c56af4d672.pdf
(Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасынан ықшамдалып алынды)
2-мәтін
Қазақ халқы үшін «дос» киелі ұғым. Бұл – кезінде батыр бабаларымыздың досы үшін жанын пида етуге дейін барғандығымен айқындалып тұр. Бұл мақал осыдан шықса керек: «Ақылы көпті дау алмас, досы көпті жау алмас». Бүгінгі таңда достықтың құны базардағы бағадай қымбат па, әлде арзан ба? Жалпы дос деген ұғымды сенімділігіне қарай үш түрге бөліп қарауға болады.
Бірінші, жан дос. Қуанышта да, қиыншылықта да қасыңнан табылар сенімді серігің. Жан дос қайғыңды да тең бөлісе алады.
Екінші, жалған дос. Әрқашан қасыңда. Бірақ қиыншылықта емес. Қара басының қамын үшін, қарнының тойғанын ойлайтындар. Яғни пайдакүнем.
Үшінші, виртуалды дос. Бұған сенуге де, сенбеуге де болмайды. Қазіргі тілмен айтар болсақ агенттегі дос. Бірі таныс, бірі жат. Бірі ашық, бірі жұмбақ.
Ал дұрыс дос таңдай білу жөнінде ислам ғалымдары мынадай ақыл кеңес айтады:
1. Досың ақылды болсын.
2. Досың адал әрі аңғарымды болсын.
3. Досың көркем мінезді болсын.
4. Досың ақпейіл әрі насихат беруші болсын.
5. Досың сырыңды және кемшілігіңді жасырушы болсын.
Дос - биікке жетелейтін, қуанышыңа ортақ, қиындықта демеу болатын жан. «Жігітті досына қарап таны», - деген қазақ фәлсәфасы өте орынды айтылған. Бұл ұғым аласармасын десек, әрбір адам дос тұрғысынан да адал міндет атқарғаны абзал. Сонда ғана достықтың құны жоғары болмақ. (193 сөз)
https://akmechet.kz/kz/propovedy/articles/nravstvennost/nazidanie18072016-04.html (мақала ықшалдалған, өңделген)
бжб еді
Объяснение:
Кім білед осы номерге жиберсинши
87750937709