Ерте ерте ертеде… Бір сұлтан үлкен сарай салыпты. Сарайдың ішіне айнадан арнайы бөлме аштырады. Тіпті, бөлменің едені мен жоғары жағына да айна қойдырады.Бір күні сарайдың ішіне байқаусызда сұлтанның иті кіріп кетеді. Ит айна қондырылған бөлмеге кіріп аң-таң болады. Айналасындағы қаптаған иттерді көріп не істерін білмей бір орында қалшиып тұрып қалады. Жан-жанының бәрінен иттер тесіліп қарап тұр.Ол өзінің қорыққандығын сезіндірмеу үшін жай ғана тісін ақситып қойды. Бұл оның иттерді қорқытпақ болған түрі еді. Өзіне қарап тұрған иттер де тістерін ақситты. Бұл одан сайын жынданып, ырылдап айбат шегуге көшті. Олар да қалыспай ырылдай бастады. Амалы таусылған ит үріп корқытпақ болып, барынша дауыс көтеріп үрді. Оған қарап тұрған иттер де одан қалыспай тоқтамай үре берді. Ол қанша үрсе де әлгілерді еш тоқтата алмады. Бұл осылай жалғаса берді. Таңертең сұлтан айнаға қарамақ болып бөлмеге кіргенде итінің аузы көпіріп өліп жатқанын көрді. Бөлмеде жалғыз иттен басқа жан-пенде жоқ. Тек қана айналар бар. кедергілерден оп-оңай өте аласыз.
Қазіргі техника дәуірінде адамның күнделікті өмірі компютермен өтеді. Оны ешкім жоққа шығара алмайды. Компютерге отырған кезде адам жай ғана отырмай интернет пайдаланады. Қазір интернеттен өзіңе керектінің бәрін таба аласын. Тіпті, интернетте отырып-ақ өзіне керектіні сатып алуыңа болады (киім, тамақ,әшекей-бұйымдар т.б.). Әрине, бұл өзіңе пайдалы. Бірақта әрбір заттың өз уақыты, өз орны болу керек емес пе? Ал қазіргі жастар күні-түні сол монитордың алдында отыруға бар. Ол бір жағынан денсаулыққа әсер етеді, ал бір жағынан санаға әсер етеді. Кейбіреулер айтып жатады интернетке отырсаң бәрін білесің, бәрінен хабардар болып отырасың деп, ол да дұрыс бірақ ол адамның өзіне байланысты. Ол жақсы бірдеңелер біліп жатама немесе ойын ойнап, агентте отырама. Мысалы, қазіргі ата-аналар интернетті балаларына қосып беріп жатады. Өзі білмесе де баламның көзі ашық болсыншы, білсін, оқысын деп. Ал бала болса құр ойнаумен уақытын өткізеді. Ал сабақ жайында қалады.