В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
maks22157
maks22157
28.05.2022 12:07 •  Қазақ тiлi

Текст 1851 жылы Лондонда алғаш рет Бүкіләлемдік көрме қаланың орталығындағы барлық экспонаттар сиятын ғимаратта өткізілді. Ол үшін сол кезде жаңалық болып табылатын Хрусталь сарайы салынды. 1855 жылдан бастап Бүкіләлемдік көрмені бір ғимаратта өткізу концепциясы ескіріп, көрме кеңістігін ұйымдастырудың жаңа нысаны – көрме алаңдары туындады. Сөйтіп халықаралық көрме қалашықтары пайда болды.

Бүкіләлемдік көрмелерде ұсынылған өнерлер арасында сәулетке маңызды орын берілді. Көрмені қабылдаған қалалар заманауилықтың, техникалық прогрестің және бүкіл әлемге танымалдықтың белгісі болуға лайықты бірегей ғимараттар салуға тырысты: Брюссельдегі Атомиум, Барселонадағы Монжуич Ұлттық сарайы, Париждегі Эйфель мұнарасы…

«ЭКСПО» көрмесінің өзі бір спектакль, мәдени және шығармашылық оқиғалар ретінде орын алып жатқан «әлемдік деңгейдегі театр сахнасы» іспетті. Келушілерге Бүкіәлемдік көрмелердің мұрасы мен тарихы ұсынылды.

Бүкіләлемдік көрмелердің пайда болуы және қалыптасуы қарқынды ғылыми-техникалық прогресс жылдарына келді. Түрлі ғажайып механизмдер мен лайықтандырылған қарапайым құралдар – лифтер, транспортерлер, тігін машинкалары, сондай-ақ заманауи адамға үйреншікті телеграф, электр жарығы, тоңазытқыш қондырғылар әр жылдары Бүкіләлемдік көрмелерде алғаш рет ұсынылатын еді.

Көрмеге дарынды ақындар, суретшілер, мүсіншілер шығармаларын арнады. Вагнер, Штраус, Верди арнайы музыкалық шығармалар жазды. Көрмелер академиялық мәнердегі суретшілермен қатар батыл авангартар жұмыстарын ұсынатын тамаша көркемсурет галереясына айналды. 1867 жылы Мане Париждегі Бүкіләлемдік көрменің суреттерін салса, 1939 жылы Дали Нью-Йоркте сюрреализм павильонын рәсімдейді, ал 1937 жылы Пикассо Париждегі көрмеде XX ғасырдың символына айналған «Герниканы» ұсынды.

1. Мәтіннен берілген сөздердің сәйкес мағыналарын табыңыз.

Пайда болды -
Таңқаларлық -
Даму -
Талпынды -
Талантты -

Показать ответ
Ответ:
S2a0h0i6b
S2a0h0i6b
29.03.2022 22:07

Сақ мәдениеті — ерте темір дәуірінде Қазақстан мен оған жапсарлас өлкелерді мекендеген тайпалар қалдырған археологиялық ескерткіштер жиынтығы. Бұл тайпалардың тарихы бізге сақ атауы негізінде көне парсы және грек жазба деректерінен жеткен. Олардың жерлеу ғұрпы, мүліктік мәдениеттегі жергілікті ерекшеліктері мен өзара жақындығы да анықтала бастады. Беріге дейін сақтар тек қана бақташы, көшпелі тайпалар болған деген ескі көзқарастың әсерімен көп уақыт бойы бұлардың отырықшы орындары, яғни қоныстық мекендері зерттеулер аясынан тыс қалған. Ондаған жылдар бойы зерттелген жерлеу ескерткіштерімен (обалар) қатар, қазір жер-жерлерде сақ дәуірінің көптеген қоныстары да ашылды.

0,0(0 оценок)
Ответ:
Kykyblohka
Kykyblohka
20.08.2021 09:11

Сайрам Исфиджаб

, Испиджаб - Оңтүстік Қазақстанның орта ғасырдағы ірі қалаларының бірі . Жұрты қазіргі Сайрам кентінің оңтүстік - батысында , Шымкент қаласынан 12 километр жерде Отырар

Қазақстанның ортағасырлық ірі қалаларының бірі . Сырдарияның Арыс өзеніне құяр сағасына таяу орналасқан . Отырар қаласының аты VIII ғасырдан бастап аталғанмен , оның бастапқы тарихы б.з.б. ІІ ғасырда Сырдарияның орта ағысында пайда болған Қаңлы мемлекетінің тарихымен тығыз байланысты . IX ғасырдың ортасынан бастап Отырар Самани әулеті мемлекетінің ықпалында болды

Түркістан

- Қазақстандағы қала , Түркістан облысының әкімшілік орталығы.Қаланың Ұлы Жібек жолының бойында , Дешті Қыпшақ пен Орта Азияның аралығында болуы , географиялық жағдайдың қолайлылығы , сонымен бірге адамдардың мазарға теyеn етуі , сауданың қызу жүруі елді мекеннің өркендеуіне ықпал етті .

Тараз

- Жамбыл облысының орталығы XVIII ғасырда бұл қала Әулие - Ата деп аталған 1936-1937 жылдар аралығында Мирзо деп аталған . 1937-1997 жылдары Жамбыл 1997 жылы 8 қаңтарда тарихи аты Tapas атауы қайтарылды . Орта ғасырларда Тараз Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан қалаларының бірі еді . Әсіресе Қарахан дәулеті кезінде гүлденген . 19 ғасырда Әулие Ата Қоқан қамалы еді .

Сауран

Қала екі облыстың ( Түркістан мен Қызылорданың ) шекарасында орналасқан . Оның көлемі таңғалдырарлық , қалайша бос және шөл даланың ортасында ғажайып қала тұрғызып , биік қабырғалармен , кәріздермен жабдықтаған , шөл жерлерді сумен қамтамасыз еткен деп қайран қаласыз . Сол кездегі Сауран ортаазиялық отырықшы мәдениеттің ең жақсы үлгісін паш етіп , қазіргі ғалымдарға көптеген шешуі табылмаған сұрақтар қалдырды.Сауран Ұлы Жібек жолының маңызды сауда нүктесі болды . Орта Азия хандықтары мен дала тайпалары арасындағы өзіндік шекара пунктіне айналды . Қалада көптеген керуен - сарайлар , саудагерлер үшін демалыс және сауда орындары болды Сығанақ Сығанақ , Сунақ - ортағасырлық қала орны . Қазіргі Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы Сунақата ауылынан солтүстік - шығысқа қарай 2 шақырым жерде орналасқан . Қазақстанның республикалық маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштерінің қатарында

Сарайшық

Ұлы Жібек жолының бойындағы маңызды сауда және қолөнер орталығы . 1469-1511 және 1521-1599 жылдары Қазақ хандығының астанасы , ал оған дейін қыпшақ мемлекеті мен Ақ Орданың бас қаласы ретінде белгілі . Атырау қаласынан 55 шақырым жерде , Жайықтың оң жақ жағасында бір кездегі атақты Сарайджук ( Сарайшық ) қаласының қираған орны жатыр Қаланың іргесі ХІ ғасырда қаланған , гүлденген дәуірі XIII - XIV ғасырлар аралығы Қала Еуропа мен Азияны жалғастыратын керуен жолы бойында орналаскан . Мұнда салтанатты саройлар , керуен - сарайлар , моншалар , мешіт - медреселер салынған . Қала Алтын Орда хандары жерленген қасиетті орынға айналған . Жанкент қорғаны

- республикалық сипаттағы археологиялық ескерткіш . Қазалы ауданы территориясындағы Өркендеу ауылдық округінің орталығына іргелес жатқан биік төбе сияқты топырақ басқан қорғаның орнында VII - XIV ғасырларда Жанкент , Янгикент қаласы өмір сүрген . Орналасқан жері - Қазалы ауданы , Жанкент ауылынан 15 шақырым жерде . Хронологиялық шеri - ҮІІ - ХІҮ ғасырлар аралығы . Мекендеген халқы - Оғыздар мемлекеті Жаркент Азия мен Еуропаны байланыстырған Ұлы Жібек жолының во делы қала болатын . Кейін құрлық арал ететін дүние жүзілік керуен жолдары оскара бастайды . Жанкент арқылы Сырдария кесіп өтетін үлкен жолдың да ғұмыры аяқталады.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота