Текст:Қоғам дамуына орай мамандарға деген сұраныс әрқашан өзгеріп отырады. Зерттеушілердің болжамы бойынша, жақын болашақта инженерлерге сұраныс көбейеді. Өйткені қазір қоғамда кәсіби-техникалық мамандарға, инженер-технологтерге сұраныс көп. Екінші орында IT-технолог, бағдарламашылар, веб-дизайнерлер тұр. Бүгінгі таңда кез келген мекеме мен кәсіпорынның жеке сайттары бар. Веб-дизайнерлер кәсіпорынды сайт арқылы таныстырады. Болашақта жоғары сұранысқа ие болатын мамандықтар нанотехнологиямен байланысты болады. Нанотехнология ғылымның барлық саласын қамтиды: медицина, білім беру, тамақ өнеркәсібі, мәшине жасау, ғарыш технологиясы және т.б. Бүгінгі таңда биотехнология, электроника мамандары, маркетинг пен сауда менеджерлері, халыққа қызмет көрсету, қаржыгер, заңгер, логист сияқты мамандықтар үлкен сұранысқа ие.
Қоғамда аспаз, нан өнімдерінің шебері, тігінші, автомеханик, құрылысшы, сылақшы, ұста, сәулетші, техник-сантехник, медбике сияқты мамандық иелерінің орны бар. Халықтың рухани әлемін дамытатын мұғалім, оқытушы, дінтанушы мамандықтарының орны бөлек.
1-тапсырма. Мәтіннен алынған тірек сөздерді пайдаланып, сөйлемдер құрастырыңдар.
Тірек сөздер: мамандық, сұраныс, нанотехнолог, бағдарламашы, инженер.
ЭКСПО көрмесі Қазақстанға не берді?
ЭКСПО 2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін елдіктің ерен жеңісі деуге болады. Бұл көрмені Астана қаласында өткізу - Астанада өткізу – Қазақстанның негізгі ірі жобаларының бірі. Мұндай ауқымды шараны еліміздің астанасында ұйымдастыру туралы бастама Мемлекет басшысы, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлына тиесілі.
ЭКСПО-2017 көрмесінің негізгі тақырыбы – «Болашақ энергиясы» болды, бұл дегеніміз «жасыл экономиканы» дамытуға тікелей септігін тигізетін жаңа технология мен инновацияларды қолдау деп білеміз. Ал енді осы аталмыш көрме Қазақстанға не берді? деген сұраққа жауап беретін болсақ, Нұрсұлтан Назарбаев көрменің Қазақстан экономикасын дамытуға
Кәсіпкерлерді бірге қолдайық!
Соңғы жылдары елімізде отандық ауыл шаруашылық өнімдеріне сұраныс артып келеді. Бұл жақсылықтың бастамасы деп білемін. Себебі ұлттық өнімді қолдана отырып, біз отандық кәсіпкерлерді қолдап, Қазақстанда жасалған тауарларды қолжетімді бағада сатып ала аламыз. Осыған орай елімізде "Қазақстанда жасалған" бренді деп қалыптасты. Ірі саудар орталықтарының сөрелерінде өздеріңіз де "Қазақстанда жасалған" деген жазуларды байқаған боларсыздар? Менің ойымша, отандық өнімді тұтыну отаншылдықтың белгісі болып табылады. Отандық өнімнің сұранысқа ие болып, бәсекеге қабілетті болуы да біздің қолымызда. Сондықтан барынша ұлттық өнімдерді пайдаланып, еліміздегі шағын, орта бизнес иелеріне қолдау көрсете аламыз. Ал бизнес иелері болса, еліміздің бюджетіне өз үлестерін қоспақ.
Бұл ретте Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты кезекті Жолдауында ауыл шаруашылығын дамытуда өнімнің сапасы мен экологиялық тазалығын сақтауды басты назарға алуды ұсынды. Осылайша отандық өнімнің сапасы да жоғары болып, әлемдік нарықта да өз сатушыларын табады деп есептеймін. Ал сіздер отандық өнімді қолданасыздар ма?