ТЕКСТ ЗАДАНИЯ Берілген мәтінді 2 рет мұқият оқып шығыңыз. Негізгі ойды білдіретін тірек сөздерді анықтаңыздар.
«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен 2013 жылы ашылды.
Орталық Азиядағы осынау ірі театр әлемдік сәулет өнерінің ең үздік классикалық дәстүрлері ескеріле салынған; оның техникалық жабдықталуы әлемдік стандарттарға сай келеді. Үлкен зал 1250 орынға, Камералық зал 250 орынға есептелген.
«Астана Опера» сахнасында Бибігүл Төлегенова, Әлібек Дінішев, Айман Мұсақожаева, Нұржамал Үсенбаева және тағы басқа әйгілі қазақстандық әртістермен бірге әлемдік музыка өнерінің жұлдыздары: Пласидо Доминго, Зубин Мета, Елена Образцова, Валерий Гергиев, Хосе Каррерас, Анна Нетребко, Марсело Альварес, Светлана Захарова, Ильдар Абдразаков… өнер көрсетті.
Бұл сахнада миландық Ла Скала, неополитандық «Сан-Карло», генуялық «Карло Феличе», Ұлттық париж операсы, Санкт-Петербордағы Мариин театры және т.б. айтулы ұжымдар гастрольдік сапар шеңберінде өнерлерін паш етті.
ЭКСПО-2017 аясында Пласидо Домингоның ХХV Халықаралық «Опералия» вокалистер байқауы өтті.
«Астана Опера» театры екі мәрте лауреат атанды: А.Жұбанов және Л.Хамидидің «Абай» операсы үшін мәдениет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығы (2018) мен «Жылдың театрлық алаңы» аталымы бойынша классикалық өнер саласындағы «BraVo» Халықаралық сыйлығына ие болды (Мәскеу, Ресейдің Үлкен театры, 2019).
(166 сөз)
ірі театр, сахна, өнер көрсетті, гастрольдік сапар, лауреат
бастама, классикалық өнер,техникалық жабдықталуы
Париж операсы, вокалистер байқауы, үлкен зал, Халықаралық сыйлығы
қазақстандық әртістер, әлемдік стандарттар, айтулы ұжымдар
Назад
Вперед
ну что ни будь типо этого, дальше пиши сама.)
біз тәуелсіздікті ақылмен, ата-баба жолымен алдық деп ойлаймын. н.ә. назарбаев
1991 жыл - еліміздің «қазақстан» деген атпен бүкіл әлемге алғаш қ басқан жылы. сол сәттен бері міне 20 жыл да өте шықты. қазіргі қазақстан әлем сахнасында мақтанарлықтай беделге ие. жас мемлекетіміз осындай аз ғана уақыттың ішінде көптеген ірі қ, саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді. қазіргі таңда қазақстан жас мемлекет бола тұра, көптеген елдерден әлдеқайда алда. еліміздің аяғынан нық тұруы, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ң жедел қарқынмен - қазіргі таңда негізгі стратегиялық бағыттар. бүгінгі қазақстан – тек өзі орналасқан аймақта ғана емес, бүкіләлемдік проблемаларды талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын ел. «қаз тұрып, қ басқан тәуелсіздік сәбилік тұсауын өміршең уақытқа кестірген кезден бастап, осынау 20 жылдың бедерінде айшылық жерді алты рет аттаған алып секілді, дәуір жалынын мығым ұстап, тізгінін бекем қаға білді» - деп елбасымыз айтқандай, егемен қазақстанды бүгінде барша әлем танып отыр.