В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
mariberrr
mariberrr
02.10.2022 21:58 •  Қазақ тiлi

ТЕКСТ ЗАДАНИЯ Мәтінді мұқият оқып, тақырып қой және негізгі ойды анықта.
Халқымыздың бізге жеткен ою - өрнек үлгілері бай мұра, салқылмас қазына. Ою-өрнек - тұрмыста бір
бұйымның бетін әшекейлеу үшін қолданылатын нақыш, өрнек. Заттың бетін өрнектеу үшін ісмерлер
әртүрлі тәсілді қолданады. Олар: оймыштау, бедерлеу, шеку, қашау, тісеу, құрау тәрізді әрекеттер арқылы
жүзеге асады. Әр өрнек белгілі бір бөлшектен құралады. Ғалымдар ою-өрнектердің 200-дей түрін
анықтады. Аспан әлеміндегі құбылыстарға байланысты өрнектер «ай», «күн» деп аталса, заттардың
атауына байланысты өрнектер «балға», «балта», деген атқа ие, ал эпиграфиялық өрнектер, яғни жазуды
өрнек тәріздендіріп, белгілі бір заттың бейнесіне келтіре әдемілеп, астарлап жазу мен ру таңбалары мен ел
таңбаларға байланысты ою-өрнек элементтері:«тұмар», «айшық», «ашамай» деп аталған.
Халық шеберлері қолөнердің турлерін игере отырып көз қуантарлықтай тамаша өнер шығармаларын
тудырған ​

Показать ответ
Ответ:
olegsolomein201
olegsolomein201
03.04.2020 13:36

Объяснение:Өз тарихын терең ұғынып, ұлттық құндылықтарын шын бағалай білетін халықтың ғана болашағы мәңгі болмақ. Бүгінгі алпауыт жаһандану дәуірінде  кез-келген ұлтты сақтап қалатын дүниелер - сол ұлттың төл тарихы, мәдениеті мен тілі екені анық. Бұл жөнінде Елбасы Н.Ә. Назарбаев "Ұлы даланың жеті қыры" атты бағдарламалық мақаласында "Кеңістік - барлық нәрсенің, ал уақыт - бүкіл оқиғаның өлшемі. Уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезде ұлт тарихы басталады" деген болатын.

Сондай-ақ, ұлы даланың әрбір қыры оның әуелден бүгінге дейінгі халқының терең тарихы мен бай мәдениетінің куәсі екендігі және оны жаңғырту әлемдік өркениет үшін ерекше маңызды екендігін атап көрсетті.

Бір ұлтты басқа ұлттан даралайтын - оның ұлттық құндылықтары, яғни, әдеби мұрасы, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, мәдениеті, өнері, тұрмыстық бұйымдары, ұлттық ойындары, т.б. өзгелерге ұқсамайтын қасиеттері. Ұлттық құндылықтарымыз шын бағасын алғанда ғана, жоғымыз түгенделіп, өшкеніміз жана бермек.  

Ұзақ уақыт бойы қыспақта болып, құрудың алдында қалған ұлттық құндылықтарымызды ұлт болашағының негізгі діңгегі ету - мемлекет басшысының "Рухани жаңғыру" бағдарламасының басты өзегі.

Осы ретте, еліміздің ертеңі, әрқайсымыздың өмір жалғасымыз болып табылатын жас ұрпақты ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу - аса өзекті тақырып. Жастардың бойында ұлттық құндылықтарға негізделген адамгершілік тәрбие менадами сезімді қалыптастыру және дамыту мәселесі қазақ ақын-жырауларының ой иірімдері, даналық тұжырымдары, халықтың адамгершілік ұғымдары, этнопедагогикалық ойлар арқылы жүргізілуі тиіс. Бұлар өз кезегінде  жас ұрпақтың адамгершілік сезімдерін дамытып, Отан алдындағы міндеті мен борышын адал атқаруға деген оң көзқарасының қалыптасуына мақсатты ықпал етеді.

Халқымыз "Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез" дегенді тегін айтпаған. Сондықтан да ғасырлар бойына сөз құдіретін сезіне білген, шешеннің билігіне тоқтаған, елдікті сақтаудағы тапқырлығына тәнті болып, дәріптеген. Қыз бен жігіттің бір-біріне алғашқы сезім білдіруі айтыс түрінде өрбісе, қариялар бата беріп, ақ жол тілеп отырған, тұтас қоғам өмірін қадағалай білген. Ал өнер сайыстарының қайсысы болмасын өскелең ұрпақты ерлікке, батырлыққа, тапқырлыққа, терең ойлылыққа тәрбиелеген. "Өткеннің өнегесі - бүгінгінің баға жетпес байлығы» екендігін естен шығармай, мәдениетімізді терең зерделеу арқылы "Мәңгілік ел" бола алатынымыз хақ.

0,0(0 оценок)
Ответ:
kisuli1
kisuli1
28.02.2023 05:50

- Сәлем Райхан!

-Сәлем Надя!

- Сен Сырбай Мауленов туралы айтып бересің бе, әйтпесе мен кеше сабақта болмадым ғой?

-Әрине. Сұрақ қой, не білгің келеді?

-Сырбай Мауленов деген кім?

-Сырбай Мауленов - қазақ халқының белгілі ақыны.

- Туған жері қайда?

- Туған жері - Қостанай облысы, Жангельдин ауданы.

- Сырбай Мәуленовтің шығармашылық жолы қандай?

- Ақын - қырыққа жуық жыр жинақтың авторы. Тұңғыш өлеңі 1937 жылы Жамбыл облыстық " Колхозшы" газетінде жарияланса, 1948 жылы "Өлеңдер" атты алғашқы жинағы жарық көрді. "Жаңа көктем", "Дала таңы", "Көгілдір таулар", "Жер нәрі", "Апрель жапырақтары", "Таңдамалы лирикалары", "Жапырақтар жанады" деген жинақтары орыс тілінде Мәскеуде басылды. Сонымен қатар, Республика еңбекшілерінің қажыр-қайратын көрсететін "Үркер төбеде тұр" кітабы, "Жер нәрі" атты әдеби портреттер мен очерктер жинағы, естеліктер, этюдтер кітабы жарық көрді.

-Ал, балаларға арнаған шығармалары бар ма екен?

- Әрине. Танымал ақын балаларға арнап '"Барлаушы бала", "Құлыншақ", "Бала жолбарыс", "Қорқақ торпақ", атты өлеңдер мен әңгімелер жазды.

-Райхан, түсіндіріп айтып бергеніңе көп-көп рахмет! Енді мен Сырбай Мәуленов туралы жақсы білетін боламын.

Объяснение:

Сырбай Мауленов туралы диалог

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота