В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
Anna282005u
Anna282005u
04.05.2023 06:04 •  Қазақ тiлi

ТЕКСТ ЗАДАНИЯ Жаңа ғасырдағы жаңа мамандықтар

ХХI ғасыр өмірге түрлі жаңалықтар енгізіп қанай қоймай, жаңа мамандықтарды да ала келді. А естіп-білмеген түрлі мамандықтар пайда болуда. Ол негізінен ақпараттық технологиялардың тез дамуына, қызмет көрсету саласының түрленуіне байланысты. Төменде келтірілген мамандық атаулары бірнеше жыл бұрын қолданыста болмаған, олардың атын естігенде қазіргі күннің өзінде «Сонда ол маман немен шұғылданады?» деген сауал туындайды. Бірақ дамып жатқан компаниялар бүгінде осындай мамандар іздеп жүр. Сонымен, жаңа ғасырдың жаңа мамандықтарына тоқталайық:

 бренд-менеджер - тауарды сатуды ғана емес, оның қалай өндірілетінін жақсы білетін маман;

 логистик - жүк тасымалын қадағалайтын маман;

 промоутер - компанияның өнімін сату, жарнамалау және өткізу жұмыстарымен шұғылданатын өкіл;

 супервайзер - сауда өкілдіктерінің жұмысын қадағалайтын, жаңа бағыттарды айқындайтын маман;

 веб-мастер - сайт жасаумен шұғылданатын маман;

 копирайтер - сайт үшін контент құрушы;

 коучер - қызметшілердің потенциалын өсіретін маман;

 интервьюер - әлеуметтік зерттеулер үшін сауалнама, сұхбат жүргізетін маман;

 девелопер - жылжымайтын мүлік саласында, оны жобалау және құрылысын жүзеге асырумен шұғылданатын маман;

 сомелье - мейрамханада сусындардың таратылуына жауапты кәсіби маман;

 джобер – оның жұмысы брокердің жұмысына ұқсайды, бірақ джобер акцияларды сатып алуға және сатуға өз ақшасын жұмсайды;

 рецепшеонист – тұтынушыларды қабылдау және келушілерді тіркеумен шұғылданатын маман.

Тізімдегі мамандықтарға анықтама қысқаша ғана берілген. Шын мәнінде, айталық,

девелопердің жұмысы тек жоба жасап, оны сатумен ғана шектелмеуі мүмкін. Логистик те

солай. Бірақ бұл мамандықтарға деген сұраныс күннен күнге артып келе жатыр. Дегенмен бірқатар мамандықтардың атауы жаңа болғанымен, функциясы өзгерген жоқ. Мысалы, Javascript-программист мамандығы бұған дейін веб-программист деп аталатын. Бұрынғы бастықтар - менеджер болып шыға келді. Еден жуушылар - хаус-киперге айналды. Соған қарамастан жаңа мамандықтардың басым бөлігі - IT саласының дамуына байланысты пайда болған, тың кәсіптер.

1. Мамандықтар мен олардың қызметіне қатысты сөйлемді дұрыс табыңыздар.

мамандықтарға анықтама толық берілген

интервьюер - әлеуметтік зерттеулерге сауалнамаға, сұхбат жүргізетін маман;

Соған қарамастан жаңа мамандықтардың бөлігіне келмейтін - IT саласының дамуына байланысты пайда болған, тың кәсіптер.

джобер – оның жұмысы брокердің жұмысына ұқсайды, бірақ джобер акцияларды сатып алуға және сатуға өз ақшасын жұмсайды;

Назад

Вперед

Показать ответ
Ответ:
shtylenko2002
shtylenko2002
22.07.2020 23:21

Түркістан Қазақстанның ең ежелгі қалаларының бірі болып саналады. Бұл қала оңтүстікте, Шымкент қаласының жанында орналасқан. Бұл қала тарихқа және әртүрлі көрнекті орындарға бай, мысалы Ахмет Ясауи кесенесі, сондықтан Түркістанда туризм өте дамыған. Бұл даңқты қалаға әлемнің түкпір-түкпірінен саяхатшылар мен қажылар келеді. Ол V ғасырда құрылған, 2018 жылдың 19 маусымынан бастап Түркістан облысының әкімшілік орталығы болып табылады. Бұл қаланың тарихы қанды шайқастармен, көтерілістермен және бейбіт келісімдермен толығады. Мен осы көшелермен серуендеп, ежелгі жерлерді аралап, туған өлкенің тарихымен танысқым келеді.Түркістан қаласы - Қазақстанның ең ежелгі қалаларының бірі ғана емес, сонымен бірге ең әдемі қаласы.Түркістан өте әдемі, ежелгі және ерекше.

«Жүз рет естігеннен гөрі бір рет көрген жақсы» деген тіркес бұл қалаға жақсы сәйкес келеді, өйткені оның әсемдігі мен айбындылығын сөзбен жеткізу мүмкін емес.

Объяснение:

го взаимную подписку?

0,0(0 оценок)
Ответ:
kuchatrupov47
kuchatrupov47
10.02.2023 16:47

Туған жер... Туған ел... Осы екі ғана сөзде қаншама мағына, қаншама ой жатыр десеңізші?! Туған жердің қадірін әр адам әрқалай түсінетін шығар. Ал мен үшін Туған жер қадірі дүниедегі ең ұлы деген нәрсемен пара-пар. Себебі, ол – менің әлпештеген анам, аялап өсірген әкем, туған-туысым, аға-әпкелерім, мені білім жолына жетелеген ұстаздарым, сол білімге ұмтылу жолындағы тай-құлындай тебіскен жора-жолдастарым дүниеге келген жер. Менің Туған жерім, Отаным – кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат әрі киелі Қармақшы жері. Осы мекенде менің көңілді де шаттыққа толы, уайымсыз да бейкүнә балалық шағым өтті. Қызыққа толы балалық шағым өткен туған ауылдың ауласын еш уақытта ұмытпақ емеспін. Балабақшадағы күндерім... Мектеп табалдырығын алғаш аттаған күн... Сыныптас достарыммен алғашқы таныстық... Бәрі-бәрі қазіргідей көз алдымда. Осылайша мектеп табалдырығын аттаған күнімді көз алдыма әкелсем, бүгінгі білім ордасымен, санаптас достарыммен қоштасар сәттің жақындағанына да сене алмай қаламын. Әредік орта мектепті бітіруге санаулы ғана күн қалғанын, сыныптас достарымызбен жан-жаққа, Қазақстанның түкпір-түкпіріне білім іздеп кете баратынымызды, балалықпен қоштасуым тиіс екенін ойласам бітті – жүрегім атша тулап, қобалжып қоя береді. Енді әне-міне дегенше сүрлеу-соқпағы көп өмірдің үлкен белесіне аттанбақпын. Мен – жас түлекпін алға ұмтылған. Жас түлек – болашақ үлкен мамандық иесі, өмір атты керуеннің бір жолаушысы.

Объяснение:

Кешір көп болып кетті жартысын жазсаң болады.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота