ТЕМА Менің Отаным – Қазақстан
ЗАДАНИЕ ОТ УЧИТЕЛЯ
БЖБ
Выполнение домашнего задания
ВЫПОЛНЕНИЕ УЧЕНИКА
Добавить файл
Файл для загрузки не должен быть более 2,5Мбайт, возможные для загрузки файлы PDF, Word, PowerPoint, Excel, JPEG, PNG, MP3, MP4, OPUS.
Сор даю 15
Қазақ халқының қонақ күтуі мен қонақжайлығы туралы.
Баяғы заманнан бері осы күнге дейін жеткен дәстүріміздің бірі мен бірегейі – келген қонаққа дастарқан жаю. Бұл дәстүр тек қонақжай қазақ халқына ғана тән дүние десем, артық айтпаспын, себебі үйге қандай кісі келмесін «ең болмаса нан ауыз тиіп кету керек» деген ұғым санамызда бала кезімізден қалыптасқан. Қазағым қашан да бар асылын, бар тәттісін «қонақ жесін» деп сақтаған. Қазақ халқы үшін дастарқаннан үлкен, дәмнен үлкен нәрсе жоқ. Ақсақалдар да үнемі «Дастарқан тек қуанышты себептермен жайылсын! Дастарқан мол болсын! Осындай үлкен дастарқан басында жинала берейік!» деп бата беріп, тілектерін айтып жатады.
Дастарқан жайғанда міндетті түрде ең алдымен нан қойылады. «Ас атасы – нан» деген мақал осыдан шықса керек. Ұннан жасалынған тағамдар бағзыдан-ақ ақ дастарханымыздың сәні болып келген. Қазақ өзінің шаңырағындағы кез келген жиында дастархан үстінен нанды алыстатпайды.
Сыйлы қонақ келсе, бұрынғы кезде мал сойылып, ет асылса, қазіргі заманда мал сойылмаса да, қазанды отқа қойып, қонақтың кәдесін асып береді. Күн демей, түн демей қазан асуға келгенде қарап қалмайтын қазақ аналары мен келіндері ет тамақты нақышын келтіріп дайындайды. Бүгіндері қырық күн тойын, отыз күн ойын жасамасақ та, кез келген жиында осы ас бірінші мәзірде тұрады.
Жалпы алғанда, қазақтың дастарханы – киелі нәрсе. Бұл тек жайылған шүберек немесе оған қойған ас-ауқат қана емес, бұл – адамның пейілі, ішкі жан-дүниесі, мейірім-шапағаты. Ендеше дастарқанымыз тек қуанышқа жайылсын!
Біздің мемлекетіміз көп ұлтты, яғни тіл ортасына көп этностар әсер етеді. Заман талабына сай бір тілді (яғни ана тілді білуі) жеткіліксіз. Қазақ тілі - мемлекеттік тіл. Біздің азаматтық борышымыз - сол тілді меңгеру. Өйткені көп тілді білудің пайдасы - қарым қатынас жасауға шегі жоқ. Сонымен бірге, ақпарат басқа тілде қабылдай алу жаңалықтар, мәліметтер объективті түрде бағалауға көмектеседі. Екінші тіл тусінуі басқа халықтың тәжірибесі мен мәдениеті, оның классикалық шығармалар мен әдет-ғұрыптар жүрекпен қабылдауға мүмкіндік сыйлайды. Қазақ тілі араб семьясына жатады. Ол өте бай. Оның ішінде мақал-мәтелдер, фразеологиялық айналымдар көп. Қазақ тілі кең мағыналы, нағыз таусылмайтын байлық. Б. Момышұлы тіл туралы жақсы пікір білдірді: "Бір тіл білген адам - бір адам, екі тіл білген адам - екі адам" Мен осы пікірге қосыламын, өйткені тіл - халықтын қазынасы, ал 2 тіл білген адам - жетік тұлға