В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
yoonnie4138
yoonnie4138
29.12.2020 12:51 •  Қазақ тiлi

тест по каз яз❤️❤️❤️ 1.Сөйлемде анықтауыш қызметін атқарып тұрған есімдіктерді анықтаңыз.
A) Мен далаға шықтым. Бәрі оны қолдады. Бұны өзі қалап еді.
B) Менің айтарым – сол. Біздің ойлағанымыз сенсің.
C) Оны елеген адам болмады. Ешкімге ауыр тапсыр ма берілмеді.
D) Кейбір адамдар қарсы шықты. Біздің дегеніміз болды.
E) Балалар осында жүр екен. Олар әлдеқашан кетіп қалған.
2. Артық тыныс белгісін анықтаңыз.
Каспий теңізі көне дәуірде жер қыртысының көтерілуінен Қаратеңізден бөлінген. Теңіздің жалпы ауданы – 376 мың шаршы км. Каспий теңізіне 130-ға жуық өзендер мен ағынды сулар құяды. Оның 80%-ы Еділ өзенінің – 5%-ы Жайықтың үлесіне тиеді.
A) нүкте
B) үтір
C) сызықша
D) дефис
E) леп белгісі

3. Жақсыз сөйлемді табыңыз.
А) Жаз. Егіс даласы.
В) Менің сабақ оқығым келеді.
С) Мен ауылға бардым.
D) Ертең осы жерге кел.
Е) Балам, қайдан келдің?

4. «Асықпау» сөзінің мағынасын білдіретін фразеологизмді анықтаңыз.
A) ит өлген жер
B) тайға таңба басқандай
C) арқаны кеңге салу
D) қас пен көздің арасында
E) ат-тонын ала қашу

5. Құрмалас сөйлемнің түрін анықтаңыз.
Автобус бірде тез жүреді, бірде баяу жүреді.
А) Талғаулы салалас құрмалас сөйлем.
В) Іліктес салалас құрмалас сөйлем.
С) Кезектес салалас құрмалас сөйлем.
D)Сабақтас құрмалас сөйлем.
Е) Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем.

6. Сөйлемдердің түрін анықтаңыз.
Елім орасан мол ағаш байлығына ие болып отыр, бірақ бұл байлықтың өзін де ұқыптылықпен тиімділікпен пайдалану керек. Баймахан қосымша уақыт сұрап еді, – төраға үндемеді.
A) қарсылықты сабақтас құрмалас
B) қимыл-сын сабақтас
C) қарсылықты салалас құрмалас
D) себеп-салдар салалас
E) талғаулы салалас

7. Оқшау сөздерге байланысты қойылған үтірді анықтаңыз.
А) Үні сондай ашық еді, естіген адам таңғалатын.
B) Талап, еңбек, терең ой...
C) Бабамыздың үнісің сен, домбыра.
D) Оларға, дала қырандарына, еркіндік керек.
E) «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»,–деді Абай.

8. Ойдың кімнен шыққанын білдіретін қыстырма сөзді анықтаңыз.
А) Қысқасы
В) Бағына қарай
С) Менің ойымша
D) Біріншіден
Е) Бәлкім

9. «Көзі ашық» сөзінің антонимін көрсетіңіз.
А) Елгезек
В) Білімді
С) Оқыған
D) Аңқау
Е) Надан

10. Сұраулы сөйлемді анықтаңыз.
A) Қайтсек қазақ мемлекетін дамыған елдер қатарына теңестіреміз
B) Бұл сұрақ бүкіл қазақ жұртын мазалауы тиіс
C) Тәуелсіздік баянды болу үшін мемлекет күшті болуы тиіс
D) Ол үшін мемлекетті нығайту керек
E) Мемлекетіміздің мәңгі жасауын қамтамасыз ету үшін алдыңғы қатардағы ғылым мен техниканы, технологияны, білім мен мәдениетті меңгеруіміз керек.

11. Еліктеу сөздің сөйлемдегі қызметін белгілеңіз.
Ыза мен ашу қысып, қалш-қалш етеді.
А) пысықтауыш
В) анықтауыш
С) баяндауыш
D) толықтауыш
Е) бастауыш

12. Сызықшаның қойылу себебін анықтаңыз.
Көп үйлі ауыл – Абайдың екі шешесі Ұлжан мен Айғыздың ауылы.
A) Бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен, заттанған өзге сөз таптарынан болғанда;
B) Бастауыш пен баяндауыш бір сөздің қайталануынан жасалғанда;
C) Бастауыш та, баяндауыш та сын есімнен не сан есімнен жасалғанда;
D) Бастауыш есімшеден, ал баяндауыш зат есім, есімше, есімдіктен жасалғанда;
E) Бастауыш жіктеу, сілтеу есімдіктерінен, баяндауыш ІІІ жақтағы зат есімнен болған да;

13. Көмектес септіктің жалғауы бар қатарды анықтаңыз.
A) Мәңгілік Ел – ата-бабамыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы.
B) Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді.
C) Ол арман – тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне нық қарайтын бақытты ел болу еді.
D) Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – «Мәңгілік Ел» идеясы.
E) Халқымыз мәңгілік мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі – мәңгілік елордамызды тұрғыздық.

14. Мына сөйлемге қай шылау лайық , көрсетіңіз.
Кейбір өсімдіктердің өзінен сүт бөліп шығаратыны ертеден- ... белгілі.
А) –ді
В) –мыс
С) –ақ
D) –ай
Е) –ау

15. Салаластың қай түріне жататынын анықтаңыз
Саған ашып айтарым сол: мен осында қаламын.
A) ыңғайлас салалас
B) қарсылықты салалас
C) себеп-салдар салалас
D) кезектес салалас
E) түсіндірмелі салалас

16. Қазақ хандығының құрылғанына неше жыл болды?
А) 200 жыл
B) 400 жыл
С) 350 жыл
D) 550 жыл
Е) 700 жыл

17. «Түріктер мекені, елі» деген мағынаны білдіретін қаланы табыңыз. А) Отырар.
В) Жамбыл.
С) Алматы.
D) Түркістан.
Е) Астана.

18. «Қазақфильм» киностудиясынан шыққан тұңғыш фильмді анықтаңыз.
А) «Дала қызы».
В) «Туған жер».
С) «Алтын мүйіз».
D) «Аманкелді».
Е) «Алдар көсе».

19. Қалибек Қуанышбаев кім екенін анықтаңыз.
А) Тарихшы.
В) Батыр.
С) Актер.
D) Суретші.
Е) Жазушы.

20. Қазақстанның солтүстігінде орналасқан қалаларды көрсетіңіз.
А) Атырау, Орал
В) Көкшетау, Қостанай
С) Маңғыстау, Ақтөбе
D) Алматы, Қызылорда
Е) Қарағанды, Астана

Показать ответ
Ответ:
denchannelgaming
denchannelgaming
14.01.2020 10:23

1. Тырнақшаға алынып жазылатын жалқы есімді көрсетіңіз.

А) Абай, Балбырауын.

2. Негізгі зат есімді табыңыз.

С) Әке.

3. Шығыс септігіндегі зат есімді табыңыз.

С) Дәрігерден.

4.Түбір сөздер қатарын табыңыз.

С) Іні, аға, көке.

5. Асыл тастармен жұмыс істейтін адамды белгілеңіз.

В) Зергер  

6. Ілік септігіндегі зат есімді табыңыз.

Д) Терезенің.

7. Әкеңнің шешесі сізге кім болатынын анықтаңыз.

Е) Әже.

8. Жануарлардың ұйқыға кететін мезгілін көрсетіңіз.

Е) Қыс.

9. Үй ішіне қатысты сөздерді табыңыз.

Е) Бөлме, қабат, терезе

10. Қыстың өзіне тән белгісін атаңыз.

Е) Қар.

11. Анаңның анасы сізге кім болатынын анықтаңыз.

Д) Нағашы әже.

12. Жұрнағы бар сөзді табыңыз.

С) Көлшік.

13. Жаз айын белгілеңіз.

А) Маусым

14. Қай түбір сөзге қосымша дұрыс жалғанғанын көрсетіңіз.

Д) Биші.

15. Жұрнағы бар сөзді табыңыз.

С) Оқулық.

16. Отбасы тақырыбына жатпайтын сөздер.

С) Қол.

17. Түбір сөзді табыңыз.

В) Түн.

18. Қыс айларын анықтаңыз.

А) Қаңтар, ақпан.

19. Жұрнағы бар сөзді табыңыз.

Д) Аурухана.

20. Түбірлес сөздерді табыңыз.

С) Жұмыс, жұмыскер.

21. Жұрнағы бар сөзді табыңыз.

Д) Кітапхана.

22. Киіз үй сөз тіркесіне қойылатын сұрақты табыңыз.

Е) Не?

23. Түбір сөзді табыңыз.

Е) Ақыл.

24. Түбірлес сөздерді табыңыз.

Д) Түн, түндік.

25. Мектепке қатысты сөздерді табыңыз.

В) сынып, қабат, жарық.

0,0(0 оценок)
Ответ:
Kardeyv
Kardeyv
08.11.2020 06:10

Ана тілі дегеніміз – сол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың өткені, бүгінгісі, болашағы.

Қазақ тілі өзінің даласындай бай. Қазақ сөзі қашанда даланың қоңыр желіндей аңқылдап, еркін есіп тұрады. Қазақ тілі қасиетті Қазақ домбырасының үнімен үндесіп жатады. Ана тілі – бұл әкенің тілі, туған халықтың тілі.

Ана тілін біз кішкентай кезімізден әке-шешемізден, әжеміз бен атамыздан біле бастаймыз.

Ана сүтіндей бойымызға біртіндеп сіңеді. Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадыр-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады.

Сондықтан кез келген мемлекет өзінің аумағында салт-дәстүрін, ана тілін айрықша қорғайды.

Еліміз Қазақстан Республикасы егемен ел атанды. Ана тілімізге мемлекеттік мәртебе берілді. Тіл туралы заң қабылданды. Президентіміздің 2003 жылғы 15 қарашадағы жарлығымен қыркүйектің үшінші жексенбісі Қазақстан Республикасы халықтары тілдерінің күні ретінде атап өтілетін болды.

Тіл адамдар арасындағы қатынас құралы, өйткені адамдар қоғамдық өмірде бір-бірімен тіл арқылы сөйлеседі, пікір алмасады, ойын жеткізеді.

Тіл арқылы біз оқып, білім аламыз, қалаған мамандықты игереміз.

Тіл арқылы даналар сөзін оқып білеміз, одан ғибрат аламыз. “Өнер алды – қызыл тіл” деген осыдан шыққан болар. Тіл халықпен бірге жасайды, дамиды, өркендейді.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота