ТЕСТ Сөйлем ішіндегі кейбір сөздердің немесе сөз ішіндегі бір буынның басқаларына қарағанда арнайы ерекшеленіп айтылуы А) буын Ә) екпін Б) тасымал 2. Сөздің ішіндегі бір буынның көтеріңкі айтылуы А) сөз екпіні Ә) ой екпіні Б) тіркес екпіні 3. Сөйлем ішіндегі бір сөзді бөліп айту қалай аталады? А) сөз екпіні Ә) ой екпіні Б) тіркес екпіні 4. Қазақ халқының ана тілі А) халықаралық тіл Ә) мемлекеттік тіл Б)қазақ тілі ТЕСТ 5. Сөйлемді толықтырыңыз: Елімізде қазақ тілін үйренгісі келетіндерге көп жасалған. А) орын Ә) сыйлық Б) мүмкіндік 6. Сөйлемді толықтырыңыз: Қазақ тілі – қазақ халқының тілі. А) ана Ә) туыс Б) туыстас 7. Ол-менің ағамның әйелі. Ол маған кім болады? А) жезде Ә) жеңге Б) жиен 8. Оның анасы – менің қарындасым. Сонда ол- маған қандай туыс? А) жезде Ә) жеңге Б) жиен ТЕСТ 9. Сөз екпіні түсіп тұрған буынды көрсетіңіз. А) балалар Ә) балалар Б) балалар 10. Сөйлемді толықтырыңыз: Біз отбасымызбен тілде еркін сөйлейміз, өзге тілдерді де жақсы білеміз. А) туған Ә) мемлекеттік Б) туыстас
Ат спортының түрлері:
аламан бәйге - алыс және өте алыс қашықтарға атшабыс,
байте - ойлы қырлы жерлермен атшабыс,
ат жегу - тез арада атты дайындау,
ат омырауластыру - атты итерістіріп шеңберден шығару,
аударыспақ - ат үстінде алысу,
жорға жарыс - жорғалар сыны,
құнан бәйге, дөнен бәйге, тай жарыс - жылқы түліктерінің жарысы,
қыз қуу,
көкпар - командалық ойын,
жамбы ату - шауып келе жатып нысана көздеу,
күміс ілу - жерден күміс тиынды ат үстінен іліп әкету,
сайыс - ат үстінде қарумен жекпе-жек өткізу;
Құстар келді
Шуақты көктемді табиғатта тіршілік иесінің бәрі тағаттана күтеді десем, артық айтпаспын. Себебі көктем келісімен, айналадағы тіршілік атаулының бәрі қысқы ұйқыдан оянып, жер жүзі құлпыра түседі. Күннің көзі жарқырай түсіп, жылы жақтан құстар қайтып, бейне бір "көктем келді!" деп жарыса айналаға жар салғандай әндете түседі. Құстарды «көктемнің жаршысы» десек те болады. Жыл құстарының ішінде ең алғаш болып ұшып келетін құс - ұзақ, қарғадан сәл кішілеу, егер ұзақ ұясын биікке салса жаз жылы, шуақты болады, ал егер де төменге салса онда жаз салқын, жаңбырлы болады деп болжайды.
Құстар - керемет тіршілік иелері, әрі құстар - біздің досымыз. Көк аспан құстардың мекені, аспанды құссыз елестету мүмкін емес.
Міне, кезекті көктем келіп, күн жылынғанымен қоса, көктемнің жаршылары – құстар да жылы жақтан қайтуда. Жан – жақтың бәрінен тамаша құстардың сайраған дауыстары естіледі. Олар табиғатқа ерекше сән беріп, құстардың әуені табиғатты құлпыртып, адамдардың көңіл-күйін көтереді. Сөзімді әдемі өлең жолдарымен аяқтағым келеді:
Құстар, құстар келеді
Жерді шуға бөледі
Көктем келді деп бізге
Жақсы хабар береді.
Ән құрадым әніммен
Сән құрадым гүліммен
Қуантамын бәріңді
Құт - береке күнімен!