В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
DarkGay
DarkGay
01.02.2021 23:32 •  Қазақ тiлi

Тест Тақырып: Фонетика (Дыбыстардың бөлінуі. Буын. Буын үндестігі.)
Морфология (Жұрнақ. Жалғау.)

1. Фонетика нені зерттейді ?
А) сөз мағыналарын зерттейді. В) сөз тіркесін зерттейді. С) дыбыстарды зерттейді.
2. Қазақ алфавитіндегі әріп саны: А) 36 В) 42 С) 33
3. Қазақ тілінің төл дыбыстары:
А) л,о,с В) қ,ң,ә С) ұ,у,с
4. Тек жуан дауысты дыбыстар: А) е, а В) ү, і С) ы, о
5. Жіңішке дауысты дыбыстары бар сөз:
А) құлақ В) дене мүшелері С) мұрын
6. Еріндік дауыстылардан тұрған сөздер:
А) жұрт, тозу В) көрімдік, сәйгүлік С) ұлы, томаға
7. Ұяң дауыссыз дыбыстар қатары:
А) в, б, г, ғ, ж . В) б, в, к, с, д . С) л, д, р, м, п.
8. Қ қандай дыбыс?
А) ұяң дауыссыз дыбыс ; В) қатаң дауыссыз дыбыс; С) үнді дауыссыз дыбыс.
9. Үнді дауыссыздан басталатын сөз: А) зерек В) намыс С) емен
10. Марапатталады сөзіндегі буын саны: А) алты В) жеті С) сегіз
11. Дұрыс тасымалданбаған сөз: А) бал - апан В) күрес - ші С) ор – маншы
12. Жуан буынды сөздер:
А) қоңырау, сабақ В) терезе, гүл С) оқушы, мұғалім
13. Бітеу буынды сөздер:
А) мереке, үлгі, аула В) дәптер, мектеп, гүл С) сұлу, жұқа, кіші
14. Үндестік заңы неше түрге бөлінеді? А) 2 В) 3 С) 4
15. Буын үндестігіне бағынбайтын сөз: А) айлар В) жемқор С) жаздың
16. Үндестік заңына бағынбайтын қосымша:
А) –ған, -ген В) –қа, -ке С) –нікі, -дікі
17. Сөз құрамына жататын бөлшектер:
А) дыбыс, әріп В) буын, түбір С) түбір, қосымша
18. Түбір сөз: А) ән В) әнші С) әнқұмар
19. Түбірлес сөздер: А) төбе, есік В) өзен, көл С) қалам, қаламгер
20. -шы, -ші –жұрнақтардың түрі:
А) сөз тудырушы В) сөз түрлендіруші С) сөз құрамы
21. Жұрнақ жалғанған сөз:
А) жұмыста В) жұмысқа С) жұмысшы
22. Сөздерге жалғанатын тиісті жұрнақтарды белгіле.
Асық..., қи..., жағалас..., ұмыт... .
А)-ма,-па,-пе,-ме В) –па,-ма,-па,-па С)-па,-пе,-ба,-бе
23. Қалау райдың жұрнақтары: А)-са,-се В)-ған,-ген С)-ғы,-гі
24. Тұйық етістік жұрнағы: А)-шы В)-лы С)-у
25. Көптік жалғаулы сөз: А) сызғыштар В) мамандық С) әжем
26. Көптік ұғым беретін сөздер:
А) дәптер, біз В) құм, қымыз С) қазақ, ақын
27. Тәуелдік жалғаулы сөз: А) таңбасы В) шаңырақ С) күй
28. Шығыс септіктегі зат есім:
А) еттің В) жастыққа С) өмірден
29. Жалғаудың төрт түрі де жалғанған сөз:
А) аттанармын В) жазушыларымыздансың С) бақыттысыңдар
30. Жіктік жалғау жалғанған зат есім:
А) Ғылым таппай мақтанба.
В) Сен өз жігіттеріңе басшысың.
С) Ақыл азбайды, білім тозбайды.

Показать ответ
Ответ:
максим1718
максим1718
14.04.2021 07:46

009 жылғы халық санағы бойынша Қазақстан Республикасының халқы 17 200 000 болды, ал 2011 жылдың 1 қаңтарына 16 441 959 адамды құрады. 2010 жылдың басында халық саны 16 204 617 адам болатын[1].

Оның ішінде, 8763,9 мың (57,3%) адамды қалалық тұрғындар, 7537,5 мың адамды (42,7%) ауылдық тұрғындар құрап отыр.

2006 жылдың қаңтар-маусым аралығында республика халқының табиғи өсімі 63370 адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 тұрғынға 8,3 (8,1) адамнан келді.

2006 жылдың қаңтар-маусымында АХАЖ органдары тіркелу көрсеткіші бойынша 143210 (138882) туу фактілерін тіркеді. Туғандардың саны қалалық және ауылдық елді-мекендерде өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда, 3,3%-ға және 2,9%-ға өсті де, тиісінше 83566 және 59644 адамда құрады. Бала туудың жалпы коэффициенті 1000 тұрғынға 18,6 (18,4) сәбиден келеді.

Осы кезең ішінде өлгендер саны 79840 (80978) адам, соның ішінде қалалық елді мекендер үлесі — 51186 (51661) және ауылдық жерлер — 28654 (29317). Өлімнің жалпы коэффициенті 1000 тұрғынға 10,29 (10,33) адам.

Өлімінің негізгі себептері қан айналымы жүйесі аурулары болады, олардың үлесіне барлық тіркелген өлімнің 52,9% (52,5%) тиесілі екендігі мәлім болып отыр.

Осы кезең ішінде республикада 1 жасқа дейінгі 2049 (2087) баланың шетінеуі тіркелген. Нәрестелер өлімінің коэффициенті 1000 туғанға 14,7 (14,5) шетінеу. Перинаталдық кезеңде пайда болатын жағдайлар нәрестелер өлімінің ең көп тараған себептері болды, одан ағымдағы жылдың қаңтар-маусымында 1037 (1021) нәресте шетінеді. Цифрлар тілімен айтқанда, барлық нәрестелер өлімінің 50,6% (48,9%)-ы осы жағдайға тиесілі.

Биылғы жартыжылдықта некелесу мен ажырасулар саны, тиісінше 54994 және 17467 (48271 және 15183) болды. Некелесу мен ажырасудың жалпы коэффициенті 1000 тұрғынға 8,5 (7,7) некені және 2,3 (2,1) ажырасуды құрады.

Елде халық көші-қонының оң айырымы сақталып келеді, 2006 жылдың 1 жартыжылдықтағы оның шамасы 18746 (14148) адамды құрады. 2006 жылы қаңтар-маусым аралығында Қазақстанға келгендер саны 2005 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5008 адамға немесе 13,2%-ға, ал Қазақстаннан кеткендер саны 9606 адамға немесе 1,7 есе азайды. ТМД елдерінен келгендер мен сол елдерге қоныс аударғандар үлесі олардың жалпы санына шаққанда, 86,1% және 87,9% (88,7% және 66,4%) құрады.

Ал ел ішіндегі көшіп-қонушылардың саны 137220 (131019) адамды құрап отырған жәйі бар.

Объяснение

0,0(0 оценок)
Ответ:
AdelinaAries
AdelinaAries
12.06.2022 01:26

Объяснение:

1."Білімді ұрпақ" дегенді өз басым оқыған, көздері ашық, жаңашыл идеяларға толы, бәсекеге барынша қабілетті жастар деп білемін.                2.Қазіргі заманда біз өз білімімізді еліміздің болашағына пайдалана алатын, еңбексүйгіш, ізденімпаз, қай жағынан да бәсекеге қабілетті болуымыз керек деп ойлаймын.

3.Еліміздің ертеңі жастардың қолында деп ойлаймын. Өйткені, қол жеткен табыстардың игілігін көретін жастар, бастамаларды алға апаратын да жастар.

4.Еліміздің дамуы үшін әр азамат, әрбір жас өз мүддесіннен бұрын халықтың , елінің мүддесін бірінші орынға қоюы керек.  Елімізді дамытуға қандай үлес қосатынын ойлауы керек. Айналасындағылардың тағдырына да бейжай, селқос қарамауы керек.  Жастар қамқор, көмек қолын созуға дайын тұратындай адамгершілігі мол болуы керек.

5.Егеменді елдің ертеңіміз деген сөз- ел үшін жасалған иігіліктердің қожайыны, яғни елдің қожайыны -жастармыз деп түсінемін. Себебі, әрқайсымыз елімізге, туған жерімізге қожайынындай қамқор көзқараспен қарауымыз керек. Тәуелсіз мемлекетімізді аялап, қызғыштай қоруымыз керек, қуатты елге айналуына атсалысуымыз керек.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота