В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
dianka27091987
dianka27091987
24.11.2022 12:31 •  Қазақ тiлi

тоқсан бойынша жиынтық бағалау

Өткізілетін күні: «» 2020 жыл
саны: 15
5 «» сынып оқушысы
ОҚЫЛЫМ. [7]

Ерте, ерте, ертеде бүркіт: «Кім күшті?» деген қазақша күрестен сайыс өткіземін», – деп жан-жануарларға жар салыпты. Аю, жолбарыс, қасқыр, қоян, барыс, арқар мен борсық сайысқа қатысуға дайындала бастайды.

Атасы барысты сайысқа дайындайды.

- Бұл жарыста жеңіске жету оңай емес, балам! Сайыста күшті болу керек,бірақ епті болған одан да пайдалы. Осыны ұмытпа! – деп, атасы барысқа ақыл айтады. Барыс сайысқа қатысу үшін көп жаттығады.

Сонымен, сайыс күні де келіп жетеді. Бүркіт,қабан, таутеке төреші болады.

- Сайыс жарыста жеңген аңның атымен аталатын болады,- деп бүркіт жариялады. Қасқыр мен қоян, арқар мен борсық, аю мен қабан, барыс пен келес күреседі. Қоян қасқырды, аю қабанды, борсық арқарды, барыс келесті жеңеді.

Жартылай сайыста аю мен қоян, барыс пен борсық күреседі. Аю қоянды, барыс борсықты жеңеді де аю мен барыс шешуші сайысқа шығады.

Барыс аюмен күреседі. Ол атасының айтқан ақылын есіне түсіреді де ептілікпен өзінен күшті аюды аяқтан шалып жеңеді.

Сөйтіп, барыс ептілікпен төзімділік көрсетіп, жеңімпаз атанады. Содан бері қазақша күрестен болатын сайыс барыстың атымен аталатын болды.

№1 ТАПСЫРМА: [3]

1.1. Мәтін мазмұнына сай ат қойыңыз

1.2. Берілген сөздің синонимін мәтіннен тауып жазыңыз: әлді -

1.3. Берілген сөздің антонимін мәтіннен тауып жазыңыз: сабырсыздық -

№2 ТАПСЫРМА: [3]

Сұрақтарға жауап беріңіз:

2. 1. Жарысқа қандай аңдар қатысты?

2.2. Жартылай сайысқа қай аңдар шықты?

2.3. Сайыс қай аңның атымен аталатын болды?

№3 ТАПСЫРМА: [1]

3.1. Мәтін бойынша оқиғалардың ретін ажыратыңыз.

І. Қазақша күрестен болатын сайыс барыстың атымен аталады.

ІІ. Ертеде бүркіт қазақша күрестен сайыс болады деп жар салыпты.

ІІІ. - Сайыста күшті болу керек,бірақ епті болған одан да пайдалы. Осыны ұмытпа! – деп, атасы ақыл айтады

A) II, I, ІІІ

B) ІІІ, II, І

C) II, IІІ, І

ЖАЗЫЛЫМ. [8]

№4 ТАПСЫРМА:

Басқа қалада тұратын досыңызға өзіңіздің мектебіңізді, бөлмелеріңіздің, жабдықталуын сипаттап, хат жазыңыз. Хат мазмұнында хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдерді қолданып, хат стилін сақтаңыз (60-70 сөз). [8]

Показать ответ
Ответ:
Кристинанана
Кристинанана
19.12.2020 00:50

Қазіргі уақытта Қазақстанда Ақмола, Алматы, ШҚО,

Жамбыл, СҚО және ОҚ облыстарында

10-нан астам экосайт қызмет етеді. «Экосайт»- жергілікті

қоғамдастықтарға негізделген экотуризм дамып, жобалар іске

асатын жерді белгілейтін, Еуразия-Орталық Азия қорығы ұсынған

термин. Бундай экосайттардың көпшілігі ерекше қорғалатын табиғи

аумақта және оларға жақын жатқан аймақта орналасқан. Ерекше қорғалатын табиғи аумақ арасында келесілерді ерекшелеуге болады :

Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы, Алматы мемлекеттік

табиғи қорығы, Қорғалжың мемлекеттік табиғи қорығы, Батыс Алтай

мемлекеттік табиғи қорығы, «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық

табиғи паркі, Қатонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Көкшетау

мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық

табиғи паркі және т.б.​

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Ответ:
alinalera71
alinalera71
01.01.2022 09:40

Отан -  бұл  сөз  балаға да, үлкенге де   қанат   бітіреді. Ойына  ой  қосып,  жан  дүниесіне  жақсы   бір   сезім  ұялатады. Өйткені ,  Отан - бұл  әркімнің  туып - өскен,  суына  шөлін  сусындата  қандырып, аунап -  қунаған  жері.  Сонымен  қатар   әр  а ң   өз   туған   жері,   Отаны   болады.

Менің   Отаным - Қазақстан. Мен  өзімнің  қазақ  және  Қазақстандық   екеніме   мақтанамын. Өйткені  қазақ   жері  бай,  қазақ  халқы   пейілі  кең,  жайсаң,  дархан   халық.

Қазақстан  тәуелсіз   және  де   барша  әлемге   танымал    мемлекет.Өйткені   мұнда   алыстан  көз  тартып   мен  мұндалап   тұратын  Астанасы  және   осындай  сұлу,  көрікті   қалалары,  күнделікті   тұрмысқа  қажетті  тұтынатын   пайдалы   қазбалары,  биік,  заңғар   таулары,  терең,  ғажайып  өзен  көлдері,  түрлі  жануарлары ,  өсімдіктері  баршылық.  Қазақстанның  жері  де  кең,   байтақ. Мұнда   тек  қана   қазақтар   емес,  сонымен  қатар   өзге  ұлт   өкілдері   тату  - тәтті   өмір   сүреді.

  Елінің  еркіндігі,  ұрпағының   болашағы  үшін   батыр   аға - апаларымыз   бар  күш   қайратын   салып,  өз  өмірлерін  құрбан  етіп,  ақыры  осыдан  жиырма  екі  жыл  бұрын  бізге   Тәуелсіздік   әперді.

Тәуелсіздіктен   соң  біздің  елімізді   елбасымыз  Н.Ә.  Назарбаев  басқарып  келеді. Ол  кісінің  де  еліміз,   халқымыз   үшін   жасаған   еңбектері ерекше. Елімізді   жандандырып,  халқымызға  жаны  ашып,   барша  елмен   тату  қарым   қатынас  орнатып,  тыныш ,  бейбіт,   бақытты  елді  орнатып   келеді.

Мен  жаңа  мыңжылдықтың,    тәуелсіз   елдің   ұрпағымын. . Ол   үшін   алдымен  жақсы  оқып,  Отанымның  табиғатына,  әр   тасына,  өсімдігіне,  жануарына    зиян   тигізбей,  қайта  оларды  аялап,   жандандыру,  пайдамды  тигізу,   менің  және   барлық  өзім   сияқты  жас  ұрпақтың  парызы  деп   білемін.

 

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота