В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
seryogasaprikin
seryogasaprikin
09.02.2023 03:46 •  Қазақ тiлi

Тол соз,толеу созге мысал калдырынызшы.отинем

Показать ответ
Ответ:
9102936435
9102936435
24.09.2020 06:55

Төл сөз – біреудің сөзін бұлжытпай, өзгеріссіз өз сөзінің ішінде берілген сөз.

Төлеу сөз – сөйлеуші өз сөзінің ішінде басқа біреудің сөзін өзгертіп, жалпы мазмұнын ғана сақтап айтқан сөз. Төл сөзді төлеу сөзге және керісінше төлеу сөзді төл сөзге айналдыруға болады.

Автор сөзі – төл сөзді де, төлеу сөзді де жеткізіп, оған түсінік беретін сөйлеушінің өз сөзі. Автор сөзі төл сөздің кімнің сөзі екенін, кімге қаратылып айтылатындығын, қандай жағдайда айтылғандығын айқындап тұрады. Төл сөзі мен автор сөзі әдетте автор сөзінің құрамында қолданылатын көмекші етістік арқылы байланысады: де- деді- деп- дейді- деген- дегендей.

Төл сөз автор сөзінен бұрын келеді.

«Төл сөз»,-автор сөзі.

Мысалы: « Дені сау кісіге қарап отыру қиын ғой», - деп Жамал даусын солғындау шығарды.

- Төл сөз, - автор сөзі.

Мысалы: - Осы пәтер сенікі ме?-деп сұрады Венера.

2. Төл сөз автор сөзінен кейін келеді.

Автор сөзі: «Төл сөз».

Мысалы: Жиренше сөз таба алмай ұялып қалды: « Ұят болды. Өзім де өкіндім».

Автор сөзі: - Төл сөз.

Мысалы: Марат былай деп жауап берді: -Кешіккендер сыбағадан құр қалады.

3. Төл сөз автор сөзінің ортасында   келеді.

Автор сөзі: «Төл сөз», - автор сөзі.

Мысалы: Оспан келді де: « Әсет, шырағым, сені әкең шақырып жатыр», - деді.

Автор сөзі: - Төл сөз, - автор сөзі.

Мысалы: Директор: - Мұны қалай түсінуге болады?- деп сұрады.

4. Автор сөзі төл сөздің ортасына   орналасады.

«Төл сөз, - автор сөзі, - төл сөз».

Мысалы: «Менің оқулығым емес, - деді Маржан, - сіңлім ұмытып кеткен болар».

- Төл сөз, - автор сөзі, - төл сөз.

Мысалы: - Ол, - деді Болат, - сенің сіңлің бе?

сөз төлеу сөзге айналу жолдары (пути превращения прямой речи в косвенную речь)

1. Төл сөздегі бастауыш төлеу сөзге айналғанда,  анықтауыш немесе басқа тұрлаусыз мүше болады.

Мысалы: «Биік мансап – биік жартас», -деді Абай. = Абай биік мансаптың биік жартас екенін айтады.

2. Төл сөздің автор сөзімен байланысуы үшін төлеу

сөзде –айтты-айтады-хабарлады-бұйырды-өтінді т.б.  етістіктерді талап етеді.

Мысалы: Ол менен: -Сен қайда барасың? – деп  сұрады.= Ол менен қайда  баратынымды сұрады.

3. Төл сөздің құрамындағы баяндауыш сөз немесе сөз  тобы төлеу сөзге айналғанда, толықтауыш,  бастауыш немесе сөйлемнің басқа мүшесіне  айналып кетеді.

Мысалы: «Жұмысқа кешікпей келіңдер»,- деді  бастық. = Бастық біздің жұмысқа  кешікпей келуімізді ескертті.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота