В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
lera2934
lera2934
04.05.2021 08:55 •  Қазақ тiлi

только по понятнее как тут написана там 1 во ответ и так далее

Орында 3 2-тапсырма. Мәтінді мұқият тыңдап, төмендегі сұрақтарға жауап беріңдер.

Қазақстанның болашағы – бүгінгі жас ұрпақ, бізбіз. Біз

тәуелсіз, егеменді елде тұрамыз. Бұл тәуелсіздік бізге оңай

келген жоқ. Бізге ата-бабаларымыз ұлан-байтақ жерімізді,

қаншама байлықты қалдырды. Оны болашақ ұрпаққа сақтап

жеткізу – біздің міндетіміз. Өйткені біз еліміздің жарқын болашағы ү үшін қызмет етеміз,

Біздер, жас ұрпақ, болашақта Қазақстанның еңсесі биік , татулығы ж жарасқан ел болуына, оның жылдан-жылға гүлденіп, көркейе

беруіне өз үлесімізді қосамыз.

1. 1.Үзінді не туралы екенін болжаңдар.

2. 2.Мәтінді дамытып, ойды жалғастырыңдар.

3. 3.«Бәрі өзіңнің қолыңда, бәріне өзің иесің, барлығын да білесің!»

дегенді қалай түсінесіңдер?

3-тапсырма. Кестені толтырыңдар.

Менің Қазақстанның дамуына қосатын үлесім

1.

2.

3.

Показать ответ
Ответ:
зари6а
зари6а
20.06.2021 10:24

Мұхтар Әуезов туралы диалог құрастыру.

Мұғалім: Балалар, үй тапсырмасына Мұхтар Әуезов туралы ақпаратты өз беттерінше тауып келуді тапсырған болатынмын. Дайынсыңдар ма?

Оқушылар: Әрине, апай! Дайынбыз!

Мұғалім: Бәрекелді, ендеше тексеріп көрейік! Мұхтар Әуезов қай жылы және қай жерде дүниеге келген?

Мейрамгүл: Мұхтар Әуезов қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданындағы Бөрілі деген жерде 1897 жылы 28 қыркүйекте дүниеге келген.

Мұғалім: Жарайсың, Амира. Келесі сұрақ:  Мұхтардың бала кезінен Абай мұрасына қызығушылығын оятқан кім еді?

Санжар: Абай мұрасына қызығушылығын оятқан атасы Әуез болатын!

Мұғалім: Дұрыс айтасың, Санжар! Ал Мұхтардың атасының Абайға қандай жақындығы бар?

Еркебұлан: Мұхтардың атасы Әуез – Құнанбайдың кіші әйелі Нұрғанымның туған інісі.

Мұғалім: Мұхтар Әуезовтың тұңғыш көлемді туындысын кім біледі?

Асылай: Мұхтар Әуезовтың тұңғыш көлемді туындысы «Еңлік - Кебек», оны 20 жасында жазған екен.

Мұғалім: "Еңлік-Кебек" ең алғаш қашан жіне қай жерде сахналанды?

Аспандияр: 1917 жылы Абайдың әйелі Әйгерімнің ауылында сахнаға қойылды.

Мұғалім: Бәрекелді, балалар! Өте жақсы дайындалып келіпсіңдер! Ендеше сабағымызды жалғастырып, Мұхтар Әуезовтың шығармашылығымен таныс болайық.

0,0(0 оценок)
Ответ:
Ніка64
Ніка64
20.06.2021 10:24

Мұхтар Әуезов туралы диалог.

– Сәлем, Арман! Қалайсың?

– Сәлем, Берік! Жақсымын, өзің ше?

– Менде де бәрі жақсы. Қай жерден келе жатырсың?

– Кітапханадан. Әдебиеттен үйге М.Әуезов туралы біліп келуді тапсырған.

– Солай ма? Біз ол туралы кеше өтіп кеттік. Қаласаң, мен саған сұрақтар қояйын, сен жауап бер. Жарай ма?

– Жарайды.

– Ендеше, М. Әуезов кім? Қарапайым болса да, толық жауап бер, достым.

– Қазақтың ұлы жазушысы, ғұлама ғалым, қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстан ғылым академиясының академигі, Қазақ КСР еңбек сіңірген ғылым қайраткері.

– Дұрыс. Бала Мұхтардың атасы Әуез Құнанбайдың кімі?

– М-м...Құнанбайдың кіші әйелі Нұрғанымның туған інісі. Дұрыс па?

– Иә. Ол Семейдегі орыс гимназиясында қанша жыл оқыған?

– Бес жыл оқыды.

– Жарайсың! Жазушының жиырма жасында жазған туындысы?

– Бұл – "Еңдік-Кебек" пьсесы ғой.

– Ал "Абай жолын" жазуға қанша уақыт кеткенін білесің бе?

– Жоқ, білмейді екенмін.

– Олай болса тыңда.Әуезовтің "Абай жолы" эпопеясын жазуға 30 жыл уақыты кетті. Он тоғыз жасынан Абай туралы жазуды ойға алып, он жеті жыл үздіксіз ізденіп, он екі жыл ішінде жазып шықты. 

– Рақмет, Арман! Ертеңгі сабаққа дайынмын.

– Оқасы жоқ. Жақсы нәтиже көрсет, достым. Сау бол!

– Сау бол!

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота