Тойға жиналған ағайын - туыс түрлі
есімдерді тұс - тұстан айтып жатты . Ең
ақырында жаңа туған ұлдың әжесі
Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді : «
Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді
алып жүрсін . Оның аты Нұрсұлтан
болсын » . Әлемдегі барлық әже секілді
Мырзабала да немересінің азамат
болып қалыптасуына ерекше еңбек
сіңірді . Отбасында оны « Сұлтан » деп
атайтын. Нұрсұлтан әкесіне үнемі
көмектесетін . Нұрсұлтан әкесімен бірге
тауға барып , шөп шапты . Бірде Әбіш
үйге арнайы жер аударылған балқарлар
отбасын ертіп келді . Назарбаевтар
отбасы оларды шаңырағына паналатты ,
жұмысқа тұруына көмектесті . Көп ұлт
мекендеген Шамалған тұрғындарының
бәрі де сөйтті . Ешкім ұлтқа бөлінген жоқ
Тапсырма :
1- Мәтіннен үстеулерді тауып жаз.
<
Ауыз тию
Алыс сапарға, емделуге шыққан адам ауылды үлкен үйінен дәм татып аттанатын ырым бар. Бұл сол "Қара шаңырақтың киесі қолдасын" деген сенімнен шыққан. Сондай-ақ дастархан үстіне келген адам дәмнен ауыз тиюге тиіс. Ал таңертеңгі астан міндетті түрде ауыз тиеді. Мұндайда әйел болса "күйеуің тастап кетеді", еркек болса "әйелің тастап кетеді" деп әзіл айтады. "Таңертеңгі асты тастама, кешкі асты бақпа" деген мәтел бар.
Қазақтың дәстүрі бойынша үйіне келген адамға дәм ауыз тигізбей шығармауы керек. Халықта "үйге кірген жыланға да ақ құйып шығарады" деген сөз бар. Мұның бәрі қонаққа да, асқа да ерекше ықыласты көзқарастың белгісі.
Дереккөзі: https://www.zharar.com/kz/shygarma/6532-til.html
© www.ZHARAR.com