В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
ndjfhfidi
ndjfhfidi
06.04.2020 11:38 •  Қазақ тiлi

Туған жерді жырлаймыз» тақырыбында постер жаса. Сыныптың алдында қорға

Кратко

Показать ответ
Ответ:
34we523
34we523
26.09.2021 06:10

Әр халықтың ұлттық танымын, көзқарасын, өзіне тән жеке ұлттық ерекшелігін білдіретін наным-сенімі, әдет-ғұрып, салт-дәстүрі бар. Ата-бабадан келе жатқан салт-дәстүрдің қаймағын бұзбай, ұмытылып кетуіне жол бермей, қазіргі қоғамда өте жарасымды етіп қолданып жүрген халықтың бірі – қазақ халқы. Халқымыз дәстүрге өте бай. Ал салт-дәстүрге бай болу - елдің мәдениетті әрі тәрбиелі екендігінің айғағы.

Салт-дәстүр деген не, соған тоқталып өтейін. Салт-дәстүр – ел өмірімен біте қайнасып кеткен рухани және мәдени азық. Біздің халқымыз өз ұрпақтарын қасиетті салт - дәстүрмен, өнегелі әдет-ғұрыппен, ырым-тыйыммен тәрбиелеп, ұлағатты ұл мен инабатты қызды теріс жолға түсірмей тәрбиелей білген. Бауыржан Момышұлы «мен өзімнің ұрыстағы тәжірибемнен жауынгерлік қасиетті тәрбилеуде ұлттық дәстүрдің маңызы зор екеніне көзім жетті» деп жазады. Бұдан отаншылдық, ерлік, мәрттік, жомарттық, адамгершілік қасиеттердің бәрі салт-дәстүр арқылы даритынын түсінуге болады. Яғни, салт-дәстүр адамды адастырмас тура жолмен жүруге, жөн-жосықты біліп, үйренуге және өмірде қолдануға үгіттейтін мызғымас заң іспетті десем де қателеспесім анық.

0,0(0 оценок)
Ответ:
MissDiana1111
MissDiana1111
02.12.2021 02:02

Қазақ ұлтының ұлағатты ұстазына айналған Ыбырай ата Алтынсарин жайында көп жазылғаны, еңбектерінің егжей-тегжейлі зерттелгені рас. Алайда көп жайт Кеңес дәуірінің саясатына орай бұрмаланып көрсетілді. Ол үшін кітап, мақала авторларына кінә артып айыптай қарағаннан гөрі түсіністікпен байыптай қараған жөн деп ойлаймын. Өйткені, олар солай жазуға мәжбүр болды, заманы соны талап етті.

Ыбырай ата өмір сүрген заманда Ислам дінін ұстанған халыққа одан алшақтау, оған қайшы келетін дүниелерді ұсыну киынның қиыны болатын. Басқа елдің салт-дәстүрін, өмір сүру әдетін, әдебін балалар түгілі, үлкендер де ол кезде біле бермейтін. Сондықтан да ұлы ұстаз басқа тілдерден аударған шығармаларын қазақтың әдет-ғұрпы мен салт-дәстүріне, діні мен діліне жақындатып, мақал-мәтелдер, «Құдай Тағала», «Алла жар болсын», «Шүкір» деген сияқты халықтың күнделікті қолданып жүрген, өздеріне етене жақын сөздерін қосып, қарапайым қазақы ұғымға лайықтады. Мұны Ыбырай мұраларын зерттеуші ғалымдар білгенімен де түбін қазып «Алла», «Құдай Тағала» деп қазақыландырған, діннің тәрбиелік жағын алған дегенді айта алмаған. Айтқандардың жазғаны жарыққа шықпай, қапасқа қамалған. Мұхтар ата Әуезовтің  1927 жылы Қызылордада жарық көрген «Әдебиет тарихы» сондай «қапасқа қамалған» кітаптардың бірі еді. Араға 64 жыл салып 1991 жылы «Ана тілі» ба қайта жарық көрді. Осы жинағында автор «кейде дін өсиетін үлгі қылып ұстайды. Зар заман ақындарының ішінде дін сарынын шығарып, дін мейманалығын көп ұсынатын ақын Алтынсарин»,- деп жазған болатын.

Сол «дін мейманалығын көп ұстанатын» ақын атаны кеше Кеңес дәуірінде атеист етіп көрсеткеніміз шындық.Педагогикалық, діни, т.б. көзқарастары жайында сөз қозғағанда да орыс, Батыс, Еуропа педагогтарының бала тәрбиелеу, оқыту жөніндегі ой- мақсаттарын қазақтың ұлттық педагогикасымен қалай ұштастырды, мұны да айту оңайға соқпады. Өйткені халық педагогикасының негізі – Ислам, түркілік дүниетаным. Бала тәрбиесінде ол кезеңде, әсіресе, мұсылман діні қағидаларының атқарған рөлі зор болатын. Ол әрқашанда бірінші орында тұрды. Мұны кеше айта алмағанымыз рас. Егемендігімізді алдық, ақтаңдақтардың орнын толтыру енді бізге міндет. Ыбырай ата шығармашылығын, педагогикалық қызметін зерттеуде кеткен басты кемшілік – сол Ислам дінін айтқызбаудан туындағаны қазір айдан анық көрініп отыр.Ыбырай, Абай, Шәкәрім аталардың дінге көзқарасы жайында сөз болғанда көбінесе ұлы ұстаздың «Мұсылманшылықтың тұтқасы», қазақтың бас ақынының отыз сегізінші қара сөзі, Шәкәрім атаның «Мұсылманшылық шарты» ғана айтылып, басқа дүниелері сырт қалып жүр. Жоғарыда аттары аталған үш данышпан ойшылымыздың дін тақырыбы барлық шығармаларына тән. Осы жайтты ескере отырып ұлы ұстаз дүниетанымы хақында әңгіме қозғағанымызда жазған-сызғандарының бәріне дерлік көңіл бөлдік.Ұлы педагог шығармаларындағы адам аттары, олар кімдер еді? Соны іздеп кім екендігін, қандай іспен айналысқанын, Ыбырай атаға қатысын, кісі болып қалыптасуына әсер-күшін анықтау, сөйтіп оларды кейінгі ұрпаққа таныстыру да бізге, бізден кейінгі ұрпаққа да үлкен борыш.

Ыбырай ата шығармаларындағы жер атауларының тарихы – ел тарихы, кешегі өткеніміз, ата-бабаларымыздың жүріп өткен ізі. Мәселен, Қостанайдағы Ыбырай ата мовзелейі тұрған жер Ақбейіт деп аталады екен. Мұны екінің бірі біле бермейді.Балғожа биге тастан қалап зәулім биік ақ күмбезді там орнатыпты. Сол там мұнарасы күнмен шағылысып алыстан көзге шалынады екен. Сондыктан да Ыбырай ата-бабалары жерленген бұл жер «Ақбейіт» аталыпты.Алтынсариннің үш жұрты – туған-туыстары мен нағашы, қайын жұрты жайында аракідік әртүрлі еңбектерде айтылғанымен, толық мәлімет беріле бермейтін. Нағашылары төңірегінде жазылған кейбір мақалалардағы адам аттарында, туыстық жақындықтарында, т.б. жансақтықтар да бар.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота