В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
murat121221
murat121221
27.07.2022 11:53 •  Қазақ тiлi

Тура жане ауыспалы магынада колданып турган создерды ажыратып, магынасын тусындыр.

ушын кун кандаи керек болса, ауа, су, от та сонда и керек.

сиякты созде де алуан турлы тагдыр бар. ол да баста саби боп туады, ержетеды, картаяды. кеиде катаиып барып, каита жасарады. кеиде турмыста болган озгерыске ылесе алмаи, кеиын бырте-бырте солгындап, жана созге жол береды немесе тын магына тауып, жангырып, жанаша угымга ие болды.

Показать ответ
Ответ:
TraktoristGenadiy
TraktoristGenadiy
12.04.2022 18:29

Достық туралы фразеологизмдер (тұрақты сөз тіркестері):

Арасынан қыл өтпейді – өте тату

Арқа сүйеу – сүйеніш еті

Әңгімесі жарасу – ортақ тіл табысу

Бауыр басу – үйрену

Қаймағы бұзылмау – бірлігі бұзылмау

Қол жалғау (қол ұшын беру) – көмектесу

Етене жақын - жан достай

Қастандық туралы фразеологизмдер (тұрақты сөз тіркестері):

Ала жіпті аттау – қиянат жасау

Ақ ауыз қылды – алдап кетті

Жер астынан жік шықты, қос құлағы тік шықты – табан астынан бәле шықты

Көзіне топырақ шашу – жамандық жасау

Тіс қайрау - өшігу

Көз аларысты - жауласты

Өштесті - өшін алды, кек қайтарды

Жеп қоя жаздады -  ашуланды

0,0(0 оценок)
Ответ:
ganievadiyana
ganievadiyana
13.08.2020 06:43

Ахмет Байтұрсынұлы және қазақ терминологиясы.

Қазақ тіл білімінің, оның ішінде ғылыми терминологияның қалыптасуы мен дамуы туралы сөз қозғағанда, алдымен Ахмет Байтұрсынұлының есімі ойымызға оралады. Себебі – қазақтың ұлттық ғылым тілінің, терминологиялық қорының дамып, қалыптасуының тұтастай бір кезеңі ғалым еңбектерімен, оның ғылыми-педагогикалық, ағартушылық және ғылыми-ұйымдастырушылық қызме¬тімен, қайраткерлігімен тікелей байланысты. Сондықтан да қазақ терми¬нологиясының тарихы, оның даму, қалыптасу кезеңдері туралы сөз қозғағанда Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми шығармашылығы мен қоғамдық қызметіне жан-жақты тоқталу, оны терең зерттеу өте маңызды.

А.Байтұрсынұлының ғылыми терминологияны қалыптастыруға қосқан үлесін ғалымның жекелеген немесе бір топ термин¬дердің ғана авторы емес, бірнеше ғылым саласының терминдер жүйесінің негізін қа¬лағанын аңғаруға болады.

Ең алдымен, А.Байтұрсынұлы – қазақ тіл білімінің терминологиясын жасаушы. Кез келген ғылымды оқып білу, меңгеру немесе оны өзгелерге үйрету сол ғылым саласында қолданатын арнаулы ұғым атауларынсыз мүмкін емес. Қазақ тіл білімінің негізін қалаушы ғалым ретінде А.Байтұрсынұлы осы ғылым саласындағы негізгі ұғымдарды және олардың өзара байланысын анықтап, яғни қазақ тілінің табиғатын көрсететін ұғымдар жүйесін түзумен қатар, сол ғылыми ұғымдардың атауларын да жасаған.

Ғылыми ұғымдарға ат қою оп-оңай жұмыс емес. Ол үлкен талғампаздықты, тілді шебер пайдалана білуді қажет ететін шығармашылық үдеріс. Онымен қоса, арнаулы ұғымдарға ат қою кезінде ұғымдар жүйесінің өзіндік ерекшеліктерін міндетті түрде ескеру қажет. Атаудың ықшам болуы, бірмағыналылығы және ұғым мазмұнын қамтуы тағы бар. Осындай талаптарды мүлтіксіз орындаудың қиындығы терминдерді ана тілінде жасаудан гөрі көп жағдайда оны ұғымдар жүйесінің ерекшеліктерін ескере отырып жасалған өзге тілдерден дайын қалпында ала салуға (яғни жасауға емес қабылдауға) мәжбүр ететін себептердің бірі.

Бұл тұрғыдан келгенде, ғалым қазақ тілін термин шығармашылығында пайдаланудың жарқын үлгісін көрсеткен.

А.Байтұрсынұлының 1912 жылы Орынборда жарық көрген «Оқу құралының» (қазақша әліппе) өзінен буын, дыбыс, нүкте, дауысты дыбыстар, жарты дауысты дыбыс, дәйекші, жіңішкелік белгісі, хәріп (әріп) сияқты терминдерді ұшыратуға болады. Ал 1914-1915 жылдары және одан кейінгі жылдары 1928 жылға дейін бірнеше дүркін басылып тұрған «Тіл құрал» оқулықтарында (қазақ тілінің сарфы) әбден қалыптасып, бүгінгі күнге дейін қолданылып жүрген және қолданыла беруге тиіс зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, қосымша, жалғау, жұрнақ сияқты жүздеген терминдердің кездесетіні белгілі. Бұл терминдердің терминге қойылатын талаптарға жауап беретіндігін дәлелдеп жату артық, өйткені олар кезінде арнайы шеттетілгендігіне қарамастан уақыт сынынан өтіп, тұрақты қолданылатын дәрежеге жетті.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота