В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
pagan1977sanyap0apdo
pagan1977sanyap0apdo
13.04.2021 12:36 •  Қазақ тiлi

Туризм саласындағы бизнестің бұл түрі Қазақстанда қалай дамып жатқандығы жөнінде Орталық Азиядағы «Еуразия» қорының (ОАЕҚ) атқарушы директоры Ринат Темірбеков әңгімелейді. - Қазақстанда туризмді, оның ішінде экотуризмді дамытудағы проблемалар қандай? Және бұл саланы көптеген шет елдерде сияқты мемлекеттің негізгі табыс көзіне айналатындай деңгейге көтеру мүмкін бе?
- Туризм, оның ішінде экотуризм – табысы бірқатар факторлардың жиынтығына тәуелді болып табылатын қызмет салалары. Әдетте, кез-келген шетелдік сапар үшін туристік компаниядан сатып алынатын ең қарапайым туристік өнімнің ішіне визаны рәсімдеу және демалу орнына дейін жеткізіп салу қызметтері, қонақ үйде тұру, тамақтану, көңіл көтеру бағдарламалары мен түрлі қауіптерге қарсы сақтандырулар кіреді. Туристің алатын әсері сапардың қауіпсіз болуына, қажетті қызметтерге оңай қолжетімділікке, көрсетілетін әр қызметтің сапасына және баға мен сапаның ара қатынасының үйлесімдігіне байланысты болады. Осы тұрғыдан біздің қазақстандық мүмкіндіктерге қарап көрейікші, онда тиісті талаптарға сай емес сапасыз жолдарды, интернеттің әлі де жоғары тарифтерін және көптеген осы сияқты кемшіліктерді көреміз. Сонымен қатар, қонақтарды күту үшін арнайы жабдықталған үйлердің қызметін құқықтық реттеу әлі де жолға қойылмаған. Оларға кейде ірі қонақ үйлерге арналған талаптар қойылып жатады. Кейде экотуризм бизнесіне машықтанған жергілікті тұрғындар өздерінің шағын бизнесін заңды тіркеудің және маркетингтің маңызын түсінбей жатады. Бізге бір-бірімен әкімшілік тұрғыда байланысы жоқ салаларды жетілдіру қажет - визаны ресімдеуді жеңілдету және оның бағасы, темір және автокөлік жолдары, қонақ үй бизнесі (шетелдік әр туристің қалтасы көтере бермейтін «бес жұлдызды» қонақ үйлерді есепке алмағанда) және қызмет көрсетуші қызметшілерді сауатты дайындау.

2. Мәтін бойынша маңызды деп санайтын 2 сұрақ қойыңыз. Мәтінінің басты идеясын анықтап, пікіріңізді жазыңыз.

Показать ответ
Ответ:
Ангелина7102
Ангелина7102
17.05.2020 03:09

Қазақ халқының қонақ күтуі мен қонақжайлығы туралы.

Баяғы заманнан бері осы күнге дейін жеткен дәстүріміздің бірі мен бірегейі – келген қонаққа дастарқан жаю. Бұл дәстүр тек қонақжай қазақ халқына ғана тән дүние десем, артық айтпаспын, себебі үйге қандай кісі келмесін «ең болмаса нан ауыз тиіп кету керек» деген ұғым санамызда бала кезімізден қалыптасқан. Қазағым қашан да бар асылын, бар тәттісін «қонақ жесін» деп сақтаған. Қазақ халқы үшін дастарқаннан үлкен, дәмнен үлкен нәрсе жоқ. Ақсақалдар да үнемі «Дастарқан тек қуанышты себептермен жайылсын! Дастарқан мол болсын! Осындай үлкен дастарқан басында жинала берейік!» деп бата беріп, тілектерін айтып жатады.

Дастарқан жайғанда міндетті түрде ең алдымен нан қойылады. «Ас атасы – нан» деген мақал осыдан шықса керек. Ұннан жасалынған тағамдар бағзыдан-ақ ақ дастарханымыздың сәні болып келген. Қазақ өзінің шаңырағындағы кез келген жиында дастархан үстінен нанды алыстатпайды.

Сыйлы қонақ келсе, бұрынғы кезде мал сойылып, ет асылса, қазіргі заманда мал сойылмаса да, қазанды отқа қойып, қонақтың кәдесін асып береді. Күн демей, түн демей қазан асуға келгенде қарап қалмайтын қазақ аналары мен келіндері ет тамақты нақышын келтіріп дайындайды. Бүгіндері қырық күн тойын, отыз күн ойын жасамасақ та, кез келген жиында осы ас бірінші мәзірде тұрады.

Жалпы алғанда, қазақтың дастарханы – киелі нәрсе. Бұл тек жайылған шүберек немесе оған қойған ас-ауқат қана емес, бұл – адамның пейілі, ішкі жан-дүниесі, мейірім-шапағаты. Ендеше дастарқанымыз тек қуанышқа жайылсын!

0,0(0 оценок)
Ответ:
asyavish15oy8la6
asyavish15oy8la6
13.05.2021 06:18

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев (6 шілде 1940 жыл, Шамалған ауылы, Алматы облысы) — Қазақстанның мемлекет қайраткері, ғалым, Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті. 1990 жылғы 24 сәуірден бастап, 2019 жылдың 20 наурызы аралығында Қазақстан президенті болды. 2019 жылдың 19 наурызынан бастап Қазақстанның Конституциялық Кеңесінің мүшесі. Қазақстан Республикасының Президенті лауазымынан кете отырып, Қазақстанның Қауіпсіздік Кеңесі басшысы лауазымын және "Нұр Отан" жетекші партиясының төрағасы лауазымдарын, сондай-ақ Қазақстанның Конституциялық кеңесі мүшесі ретінде өз орнын сақтап қалды.[1]

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота