,
туулау, аспан ден
-тапсырма.
Суретке қарап, сұрақтарға жауап бер.
шексіз, көлденең сан
төгілген, ақшыл жолау
сатқан, шаllу
1. Суретте не бейнеленген?
2. Сен түнде аспанға қарап көрдің бе?
3. Сен жұлдыздарды бақылайсың ба?
4. Қандай аспан денелері мен жұлдыздарды білесің?
5. Жұлдыздар қозғала ма?
ескендір поэмасы — абайдың гуманистік көзқарасын тереңірек танытатын елеулі сюжетті туындысы. поэма шығыста ескендір зұлқарнайын деген атпен белгілі, еуропада александр македонский аталатын ежелгі грек қолбасшысының өмірі жайындағы аңызга құрылған. ескендірді еуропа ақындары да, шығыстың фирдоуси, низами, әлішер науаи, жәми сияқты ұлы ақындары да жырларына косқан. абай бұл тақырыпты ескі үлгінің ешқайсысын алмай, өзінше жырлаған. ақын ескендірдің өмірбаяндық деректерін дәл келтіреді де, оның дүние жүзін жаулап алмақ болған шапқыншылық саясатын сынауға ауысады. соған орай поэмаға жас кезінде ескендірдің тәрбиешісі болған ұлы философ-гуманист аристотельді кіргізеді. әңгімеде жауыздыққа жетелейтін тойымсыздық екенін көрсете келіп, әділдік, даналықты соған қарсы қояды. қақпа мен ң көз сүйегін символ ретінде алады да, ол жұмбақтарды ақылға шештіреді.
жыраулардың өз толғауларында көтерген негізгі тақырыбы қандай? жыраулар поэзиясының өзекті тақырыбы — туған елі, оған деген сүйіспеншілігі, елдің бірлігі, бүтіндігі. халқына жайлы қоныс, ырысты жер іздеген асан қайғының: "желмая мініп жер шалсам, тапқан жерге ел көшер" – деген ақылгөй сөзі –сол елінің қамын ойлаған жүрек сөзі. сол сияқты қазтуған жырау да "қайран менің еділім" – деп еңірепөткен. "еділдің бойын ел жайлап, шалғынына бие біз байлап" – деп доспамбет жырау армандаған, "ауылдан топыр үзілмей, ошақтың оты өшпесе, май жемесе қонағ он кісіге жараса, бір кісіге асқан тамағым", – деп ақтамберді жырау еліне ырыс, молшылық тілеген, бейбіт, тыныштық өмірді қалаған. жыраулар поэзиясы еліне деген ыстық сезімге толы. олар сол еліне жалынды жырларын арнаған, халқын сол елі үшін қызмет етуге үндеген, керек болса, жанын пида етуге шақырған. халқы үшін қан майданда шайқасқа түсіп, елін, жерін сыртқы жаудан қорғаган әйгілі халық батырларының ерліктерін жырлаған.