Тыңдайық және оқиық 4. Мәтінді тыңда. Жүргізіп оқы. Балалар өздерін қалай таныстыр-
ғанын айт.
Медет: Сәлеметсіз бе, аға! Сізге қонақтар келді. Атарба-
мен қыдыртыңызшы.
Еркін ағай: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Ең көрікті жер-
ге (мекенге) қош келдіңдер! Мен осы жерде бала кезімнен
тұрамын. Танысайық, менің атым Еркiн. Менімен бірге
қыдырыңдар.
Фарида: Еркін аға, менің атым Фарида. Шымкентте
тұрамын.
Расул: Менің атым - Расул. Оралда тұрамын.
Дина: Менің атым - Дина. Семейде тұрамын.
Өзім осы Алматыға келіп, еліміздің түкпір-түкпірінен келген адамдармен танысып, араласып олардың сөйлеу мәнері, ойлау жүйесі, дәстүрі жайында аз да болса, хабардармын. Бір елде тұрсақ та, ондай айырмашылықтарды біле бермейтіндер бар ғой... Жазушы болып кітап жазатын болсам, алғашқы еңбегімді осы Қазақстанда тұрса да, ойы басқа, салты басқа, ділі басқа қазақтардың барлығы жайында жазып, барлығына ортақ бір қазақтың картинасын шығарғым келед
Желтоқсан жұлдызы. Қар көптен жауып, нағыз қыс болды. Күн әбден қысқарған. Күннің көзі көрінсе де жылынбайды. Өзенді, көлді мұз қаптап, жұрт үстімен жүре бастады. Қалың қардан шөптің басы көрінбейді. Қыс күні аяз күшті болып, үскірік борандар да аз емес.
Орман қарайған, ішінде қүстарды көре алмайсың, қоян күндіз жасырынып, түнде ғана жүгіріп жас ағаштарды кеміріп жүр. Иелері жылы қораға шөп салып бағып-қақса да, қысты күні үй хайуандарына да бапсыз.
Адамның өзі де суықтан қорғанып үй салып, жылы киім киіп, үйлеріне от жағып, дәйім жұмыстарынан қала алмайды. Қыстыгүні жылқышыларға бек қиын: қандай суық борандарда күні-түні далада жүргені, қасқырдан бір қорқып, бораннан екі қорқып, бейшараларда тіпті рақат жоқ. Жалтаң аяз көбінің беттерін қарыған. Шилі бет байғұстар желге де қарсы қарай алмайды.