В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
vnigmatullina
vnigmatullina
12.01.2021 23:27 •  Қазақ тiлi

Тырнақшаның дұрыс қойылған орнын көрсетіңіз. А) «Ана тілі» газеті, «Парасат» журналы.
В) «Мемлекеттік банкінің бөлімшесі».
С) «Әл Фараби» атындағы университет.
D) «Алматыдағы кондитер фабрикасы».
Е) Ғ.Мұстафин. «Өмір белестері». «Алматы» -84.

4. Қазіргі қазақ тілінің стиліне жатпайтынын көрсетіңіз.
А) Публицистикалық стиль.
В) Көркем әдебиет стилі.
С) Ғылыми стиль.
D) Техникалық стиль.
Е) Ауызекі сөйлеу.

5. Бетпе-бет жүздесу арқылы жүзеге асатын стиль түрін көрсетіңіз.
А) Ауызекі сөйлеу.
В) Публицистикалық стиль.
С) Ғылыми стиль.
D) Іс қағаздары стилі.
Е) Көркем әдебиет стилі.

6. Сызықшаның қойылу себебін анықтаңыз.
«Абай» операсы - қазақ музыкасын биік белге шығарған ірі туынды.
A) Бастауыш - сан есім, баяндауыш - етістік.
B) Қосарлы айқындауыш.
C) Бастауыш - есім, баяндауыш - есім.
D) Бастауыш сын есім, баяндауыш зат есім.
E) Бастауыш та, баяндауыш та атау тұлғадағы зат есім.

7. Ғылыми стильге тән сөйлемді табыңыз.
А) Қасына отырғызып, жөн сұрады.
В) Онда тас дәуіріне жататын мүліктер бары анықталды.
С) Алыс жол атты сынайды.
D) Жұмыстан соң олар табиғат аясында демалады.
Е) Ол әлгі орманды картадан көрсетті.

8. Іскерлік қарым-қатынас әдебіне жататын тілдік ерекшеліктерді атаңыз.
A) Сөз мағынасын түсінбеу, көп сөзділік.
B) Логикалық ой-өрісінің жетіспеуі.
C) Жігерсіздік, ұялшақтық.
D) Пікір алысқалы отырған ісін, тақырыбын жетік білмеу.
E) Іске жауапкершілікпен қарау, сыпайылық, жағымды сөйлеу, батылдық.

9. Орхон-Енисей-Талас кезеңін белгілеңіз.
A) XV -XVIII ғасыр.
B) XIII- XV ғасыр.
C) V- VIII ғасыр.
D) XIX ғасыр.
E) X- XII ғасыр.

10. «Диуани луғати-т-түрік» («Түрік сөзінің жинағы») атты еңбектің авторын көрсетіңіз.
A) Ахмет Йүгінеки.
B) Сайф Сарайи.
C) Жүсіп Баласағұн.
D) Қожа Ахмет Иасауи.
E) Махмұт Қашқари.

11. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңы қай жылы қабылданды?
A) 1991 жылы,.
B) 1992 жылы.
C) 1997 жылы.
D) 1989 жылы.
E) 1995 жылы.

12. Мақалдың мәтелден айырмашылығын анықта:
А) екі бөлімді болып келеді
В) тұспалдап айтылады
С) ой- пікір ишара түрінде болады
D) себебі мен салдары қатар айтылады
Е) тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін білдіреді

13. Үтірдің қойылу себебін белгілеңіз.
Ұлжан енесіне бағана, Абай ұйықтап жатқанда, бар жайды айтқан.
A) Қыстырма сөз.
B) Құрмалас.
C) Оқшау сөз.
D) Айқындауыш.
E) Бірыңғай мүше.

14. Жалғаулықтармен сәйкес келетін септік жалғауларын көрсетіңіз.
А) Жатыс, көмектес.
В) Көмектес, атау.
С) Барыс, көмектес.
D) Жатыс, барыс.
E) Жатыс, шығыс.‹›

15. Қараханид кезеңіне жататын ақындарды табыңыз.
А) Хорезми «Мұхаббатнамесі» еңбегі
В) С.Сарайи «Гүлістан- бит түркиі»еңбегі
С) А.Иассауи «Диуани хикмет» еңбегі
D) Құтба ақын «Хұсрау - Шырын» еңбегі
Е) Әл-Фараби «Риторика» еңбегі

16. Бірыңғай мүше мен жалпылауышқа қатысты қойылған тыныс белгісін атаңыз.
А) Әсет те, Айгүл де жақсы оқиды.
В) Адам өмірінің ең биік шыңы – жастық.
С) Емтихан тапсыру – жауапты кезең.
D) Жақсыдан үлгі-өнеге алайық.
Е) Пайда, мақтан – бәрі тұл.

17. Қаратпа сөз қатысып тұрған сөйлемді табыңыз.
А) Шіркін, қарақат - тәтті де сұлу жеміс- ау!
В) Адамды адамға жанастыратын - тіл- ау.
С) Ойбай, өрт шығып жатыр.
D) Құстың жемін әкелші, қалқам, - деді Амантай Ботакөзге.
Е) Олай болса, қарсы жұмса құрықты.

18. Айтылу нормасы бойынша дұрыс жазылған сөзді табыңыз.
А) Ботакөз.
В) Сарыарқа.
С) түңгү.
D) бозша.
Е) ешкіемер.

19. Алтын Орда кезеңі қай ғасырларды қамтиды?
А) X – XII ғасыр.
В) V - VIII ғасыр .
С) XV – XIX ғасыр.
D) XII – XIV ғасыр.
Е) XII – XV ғасыр.

20. Қазақ тілі білімінің атасы - кім?
А) Ыбырай Алтынсарин.
В) Шоқан Уәлиханов.
С) Абай Құнанбаев.
D) Ахмет Байтұрсынов.
Е) Міржақып Дулатов.

21. Диалект сөздерді көрсетіңіз.
А) жүген, үзеңгі, шылбыр.
В) пәс, сым, леген.
С) айыр, күрек, тырма.
D) мақта, күкірт, компас.
Е) бекіре,табан, шортан.

22. Баяндау түрінде жазылған сөйлемді табыңыз.
А) Басындағы кимешек шаршысы да ұқыпты, сәнмен тартылған, кіршіксіз аппақ.
В) Адамға ойларға ақыл берілді, бір - бірімен сөйлесуге тіл берілді.
С) Піл ыстық жақта болады, біздің суығымызға шыдай алмайды.
D) Ата дұшпан сен едің, Ата жауың мен едім.
Е) Кеңескен білім өседі, Кеңеспеген білім өшеді.

23. Ауызекі сөйлеу стиліне тән сөйлемді көрсетіңіз.
А) Бояуынан басқа түгі жоқ, осы да жасау боп па?
В) Тамырлары көлдің жағасына ұйлыға қонған ауыл көрінді.
С) Қайнау кезінде сұйықтың температурасы өзгермейді.
D) Д.Қонаев 1992 жылдың 12 қаңтарында 80 жасқа толды.
Е) Түзуші ұлпалар сабақтың тамыр ұшында болады.

Показать ответ
Ответ:
g116663
g116663
20.11.2022 15:23

Қазақстан. Құшағы ыстық, құлашы кең байтақ өлке. 130-дан астам ұлт өкiлiнiң бiр атаның баласындай ырыс пен ынтымақта өмiр сүрiп келе жатқандығы бұл сөзiмiзге айғақ. Мен қазақ халқының мұндай мейiрбандығын, қонақжайлылығын кең пейiлдiлiгiн үнемi мақтан етiп келемiн. Осыншама ұлт пен ұлыстың өкiлi бiрге тұрып, бiрге жасап, бiр мақсатқа жұмылып өмiр сүрiп келе жатқандығы Елбасымыздың дана саясатының нәтижесi болса керек. Алматының өзiнде ғана 30-дан астам түрлi ұлттардың мәдени орталықтары бар. Олар Қазақстан халқы ассамблеясының үлкен шаңырағы астына топтасқан.

0,0(0 оценок)
Ответ:
xxsPiRiTxx
xxsPiRiTxx
01.04.2023 11:13

Объяснение:

Сенің мектебіңде кітапхана бар ма? ---Иә, менің мектебімде кітапхана бар. --Кітапхана нешінші қабатта орналасқан ? --Кітапхана екінші қабатта орналасқан. ---Мектеп кітапханасы  қандай ? ---Мектеп кітапханасы кең, жарық және таза. --Кітапханада қандай кітаптар бар? --Кітапханада өте көп кітаптар ,қазақ, орыс және басқа да елдердің шығармалары бар. --Сен кітапханаға жиі барып тұрасын ба ? --Иә, мен кітапханаға жиі барып тұрамын.Өйткені мен кітап оқығанды жақсы көремін. --Сен қандай кітаптарды оқисын? --Мен көбінесе қазақ халқының жазушыларының шығармаларын оқимын. 

Вот как то так

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота