В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
dimonnovikov0
dimonnovikov0
21.03.2023 04:39 •  Қазақ тiлi

ТЖБ по казахкому 1-тапсырма
Мәтінді мұқият оқып, берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

1-мәтін

«№136 ЖББОМ» КММ 8-cынып оқушысы К.М.Ақанованың
«Жалпы адамзаттық құндылықтар – рухани дамудың қайнар көзі» мақаласына

АННОТАЦИЯ

( )
Мақалада автор жалпы адамзаттық құндылықтар ұғымына жан-жақты түсініктеме бере
отырып, оның адам бойында қалыптасуына талдау жасайды. Автор «құндылық» түсінігінің
тарихына тоқталып, түрлі авторлардың көзқарастарынан мысалдар келтіреді. «Құндылық»
түсінігінің педагогика саласындағы рөліне тоқталады және адамды тәрбиелеу үшін оның өмір
сүруіне ең керекті, маңызды, қажетті, бағалы дүниелердің жиынтығын құрайтын
педагогикалық категория ретінде қарастырады. Автордың мақсаты – күрделі әрі аумалы-
төкпелі заманда құндылықтар жүйесінің адам өміріндегі маңызды категория екендігіне
оқырманның көзін жеткізу. Құндылықтарға бейімделу адамзатқа тән. Болмыс
құбылыстарының құндылықтарынсыз әлеуметтік жан иесі ретіндегі адамның іс-әрекетінің де,
өмірінің мәні де болмайды. Жалпы адамзаттық құндылықтар арқылы тәрбие беру – рухани
азғындықтан шығудың ең басты жолы. Осы орайда бүгінгі таңдағы мектептерде жүргізілетін
тәрбиенің өзіндің басты мақсаты да осында айқындалып, бағыты белгіленуі қажет.
2-мәтін

ШЕТЕЛДЕРДЕ ОҚЫП ЖҮР ТАЛАЙ ҚАЗАҚ БАЛАСЫ...

Соңғы жылдары түрлі мемлекеттік бағдарлама аясында мыңдаған шәкірт шетел асып,
«инемен құдық қазыпты». Ал мұның сыртында әртүрлі шетелдік гранттармен өзге елге қанат
қаққан жастарымыз қанша? Санын дөп басып айту қиын. Олардың қаншасы елге оралып,
жемісті еңбек етіп жүр? Сол жастарымыз өзге елден нендей тың жаңалық, нендей тың серпіліс
әкеліп жатыр?
Ең алдымен, «Жастарды шетелде оқыту кемерінен асып бара жатқан жоқ па?» деген
сұраққа жауап тауып алған жөн. Алысқа бармай-ақ, іргедегі 1,5 миллиард халқы бар Қытайға
назар салайықшы. «Айдаһар елі» шетелге бала жіберуге айлалы көзбен қарайды. Жылына оқу
мақсатында бірнеше мың адамды ғана шекара асырып, 2-6 айлық, әрі кетсе, бір жылдық білім
беру курстарына аттандырады. Олардың денін мемлекеттік қызметкерлер құрайды. Бұл – бір.
Екіншіден, 120 миллионнан астам халқы бар Жапония мемлекет тарапынан жылына 15-ақ
азаматты шетелде оқытуға рұқсат береді екен.
Ал Қазақстанда мемлекет тарапынан жыл сайын 3000 студентті 87 мамандық бойынша
дүниежүзіндегі 32 елге аттандыруда. Бұл «шетелге бала оқытпау керек» деген ойды
білдірмесе керек. Осы жағдайларды ескеріп, тек шетелде бала оқытудың санын емес, сапасын
арттырып, кемерінен асып бара жатқан мәселенің тізгінін бір тартып қою керектігін
аңғартады.
Әрине, келешектің көкжиегін кеңіту үшін жастарымыздың дамыған елдерді көруі, сол
жақтан дәріс алып, елінің кемесін алға сүйреуі қажет-ақ. Мұны жоққа шығаруға болмайды.
Мәселен, осы бағытта «Болашақ» бағдарламасы жастарды өзі таңдаған озық оқу орнына
орналастыру, оны оқуын бітіргенше қадағалау, сосын елге қайтқан соң жұмыспен қамту
сынды жұмыстарды дөңгелетіп жатқаны рас.

Qazir үшін
Атыраудан журналистік зерттеу жүргізген
Гүлзада Ниетқалиева

1-мәтін 2-мәтін

Тақырыбы
Мәтіндердің стилі қандай?
Жанры, жанрлық ерекшеліктері неде?
Құрылымы қандай мәтін бөлімдерінен тұрады?
Мәтіндер қалай ресімделген?

Показать ответ
Ответ:
yfcnz1215
yfcnz1215
03.03.2023 10:15

Пікір. Қиястың әкесі майданға кетіп, науқас шешсін бағу үшін  оған егістікті өз қолына алуға тура келді.

Дәлел. бірінші абзацтың соңғы жағындағы сөйлемдерден Қиястың отбасының ауыр жағдайын көруге болады.

Мысал. Кейде осындай жағдайлар өмірде де кездесіп жатады. кей отбасыларда әкесі кетіп қалып немесе ішімдікке салынған кезде ананың балаларын бағуы немесе жетім қалған балалардың бірі екіншісіне қарасуы кездесіп жатады. Мұндай жағдайда бүкіл ауыртпалық қияс сияқты үйдің үлкеніне түседі.

Қорытынды. Он төрт жасар жігіт тақырыбында Қиястың іс-әрекеті суреттелген. оның анасы науқас, әкесі майданға кеткен,сондықтан үйінің барлық ауыртпалығын өз мойнына алған. егін ісін толық білмесе де отбасы үшін барын салып жүр. Бұл нағыз қайсарлық деп білемін. Қарап отырсақ Қияс істеген жұмыс қазіргі он төрт жастағылардың бәрінің қолынан келе бермейді.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Ответ:
habman
habman
03.03.2023 10:15

Қазақстан индустрияландыру кезеңінде 1925 жылы желтоқсанда БК(б)П XIV съезінде белгіленген Кеңес Одағын индустрияландыруды жүзеге асыру ісі Қазақстанда бірқатар қиындықтарға кездесті, олар негізінен қазақ елінің бодандық өткенімен және әлеуметтік-экономикалық, мәдени өмірде артта қалуымен байланысты болды.

Бұл қиындықтардың көбі республикада халық шаруашылығын, әсіресе өнеркәсіп пен транспортты қалпына келтіру ісінің тым созылып кетуінен де күрделеніп, асқына түсті және осы жағдай Қазақстанның индустрияландыру жолымен табысты ілгерілеуі үшін басты кедергіге айналды.

Дурс болмауыда мумкн

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота