В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
Катюшка311001
Катюшка311001
21.01.2023 09:33 •  Қазақ тiлi

У МЕНЯ СОРРР.2-тапсырма Шығарманы түсініп оқып, кейіпкерге берілген автор мінездемесін табыңыз.

Бегабат Ұзақов

«Жантаза» (әңгімеден үзінді)

Екі күннен бері орта бойлы, төртбақ денелі, қалың қабақты қарасұр жігіт торы атпен желдіртіп келеді. Бес қаруын түгел асынған. Қызылқұмның жұмақ көркіне қызыға көз тастап келе жатқан жасы әлі жиырмаға тола қоймаған жігіттің кеудесінде ел үнемі осындай мамыражай тірлік кеше берсе ғой деген арман ұлғая түсті.

Осындай ауыр ойлар санасын сан-саққа жүгіртіп жатқан бұл жігітті бірде бетін, бірде сыртын беретін баянсыз дүние ертерек есейткен. Әйтпесе, қазір жылт еткен сезімге желігіп, өмірдің

қайталанбас көгілдір көктем шағының қызығын көретін жаста емес пе? Қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заман көзден бұл-бұл ұшқалы жеке бастың арман тілегі алыста қалды. Болатын бала он төртінде бас болар. Кеудеде жолбарыс жүрек соғып тұрған кезде ер жігіт үйінде бұғып жата алмас.

Сыр бойындағы қалың елдің қамын жеп, жас күнінен атқа қонып, ақ найза ұстады. Он жетіге толар-толмас кезінде айрандай ұйып отырған елгеоңтүстіктегі ала шапандылардың әскері киліге кіріп, ойран салды. Жекпе-жекте бас батырына найза қадап, аттан аударды. Ел тізгінін ұстағандар екі тарапқа жалтаңдап ашырқаған халқын тойдырудың орнына, алқымын толтыруымен әлек. Жағдай бұлай жалғаса берсе, тұлымды ұл - құлға, бұрымды қыз - күңге айналарын сезген бұл жігіт араздасқан ағайынды жарастырып, елді біріктіруімен әуре. Арал, Сырдың кейбір салаларына бөген құрып, егіншілікпен айналысуға үндеді.

1 ) Мәтін бойынша кестені толтырыңыз. Кейіпкердің мінез-сипатын,

іс-әрекетін анықтаңыз.

Кейіпкерге берілген автор

мінездемесі

Кейіпкердің

жасы, түрі,

сыртқы келбеті

Кейіпкердің

мінезі,

ішкі жан-дүниесі

Кейіпкердің

іс-әрекеті

Показать ответ
Ответ:
Kira6666666666
Kira6666666666
02.01.2021 11:41

1.Бірде бетін бірде сыртын беретін баянсыз дүние жігітті ерте есейткен.

2.Кейіпкер төртпақ денелі,қою қасты, жасы жиырмаға толмаған қарасұр жігіт.

3.Елін,жерін ойлаған жігіт елінде тыныштық болуын жан-дүниесімен қалайды,ауыр ойға шомып елімді қалай біріктірсем деп ойлайды.

4.Сыр бойындағы халқының қамын жеп, жастай атқа мініп,найза ұстады.Елге ала шапандылар шабуыл жасағанда,бас батырымен жекпе жекке шығып жеңіске жетті.Елін Арал мен Сырдарияға бөген құрып,егіншілікпен айналысуға үгіттеді.Бұл Жанқожа батыр болатын.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота