уатты құрылса 12-тапсырма. Фигуралардың ішінде орналасқан сөздер мен сөз тіркес- терінен мәтін құрап жаз. ескерт- кіштер, күмбез, сән-салтанатты сәулет өнері, ғасырлар бойы, еліміздің, киелі, қа- сиетті, мәдени мұра кесенелер, жәдігерлер, батыс өңірін- де, Орталық Қазақстан, ежелгі қалалар, ұрпақ игілігі, адам қолымен жасалған
Шетелге кетсеңдер де бауыр басып,
Құтты орын тепсендер де ауырласып,
Атажұрт шақырады тұқымым деп,
Құшағын байтақ дала, тауың да ашып.
Бөленіп онда бәрің байлық, баққа,
Тіпті ие болсаңдар да атақ, даңққа,
Бірге ұрпақ барсын жарқын болашаққа,
Бұрыңдар көшті атамекен жаққа.
Қазағың жетті ежелгі арманына,
Жағдайдың қарамаңдар бар, жоғына,
Ілінбеу үшін елдік бірлік керек
Ешқашан енді ешкімнің қармағына.
Уақытша көрсендер де қиыншылық,
Мың артық күн кешуден қорқып-бұғып,
Қожа боп өз жеріңде өз еліңе
Не жетсін тер төгуге соны ұғып.
Астында өз аспаның, өз туыңның,
Өз ауа, нәрін жұтып өз суыңның,
Қандастар қапы қалма, орны бөлек
Күнде өз әнұраныңмен оянудың.
Мәнге ие сәттерің көп елде өтетін,
Озбыр жоқ сыбағаңнан кенде ететін.
Бәріміз ұйымдасып көркейтейік
Қазақтың бейбіт, дербес мемлекетін.
Шетелге кетсеңдер де бауыр басып,
Құтты орын тепсендер де ауырласып,
Атажұрт шақырады тұқымым деп,
Құшағын байтақ дала, тауың да ашып.
Бөленіп онда бәрің байлық, баққа,
Тіпті ие болсаңдар да атақ, даңққа,
Бірге ұрпақ барсын жарқын болашаққа,
Бұрыңдар көшті атамекен жаққа.
Қазағың жетті ежелгі арманына,
Жағдайдың қарамаңдар бар, жоғына,
Ілінбеу үшін елдік бірлік керек
Ешқашан енді ешкімнің қармағына.
Уақытша көрсендер де қиыншылық,
Мың артық күн кешуден қорқып-бұғып,
Қожа боп өз жеріңде өз еліңе
Не жетсін тер төгуге соны ұғып.
Астында өз аспаның, өз туыңның,
Өз ауа, нәрін жұтып өз суыңның,
Қандастар қапы қалма, орны бөлек
Күнде өз әнұраныңмен оянудың.
Мәнге ие сәттерің көп елде өтетін,
Озбыр жоқ сыбағаңнан кенде ететін.
Бәріміз ұйымдасып көркейтейік
Қазақтың бейбіт, дербес мемлекетін.
Томирис – сақ халықтарын билеген атақты әйел патша. Осы күнге дейін ол жайында көптеген аңыз-әңгімелер айтылып келеді. Онда оның сұлулығы мен қайсарлығы, елі үшін еткен ерлігі жан-жақты бейнеленеді. Оған қоса патшайым жайында жазушылар том-том кітаптар жазса, режиссерлер көптеген фильмдер түсіруде. Әкесінің тәрбиесінде болған
Аты аңызға айналған Томирис VI ғасырдың басында массагеттердің патшасы болған Спаргапистің отбасында дүниеге келген. Анасы сәби кезінде қайтыс болғандықтан, Томирис әкесінің қамқорлығында болды. Патшаға өзінің тақ мұрагері қыз екендігі қатты алаңдатпады. Өйткені сол уақытта көрші савроматтарда әйел адам ел басқарып, түрлі щайқастарда халқы мен жерін жаудан қорғап отырған. Сондықтан Спаргапис патша қызын кішкентайынан нағыз ержүрек, батыл әрі кез келген уақытты шешім қабылдайтын қайсар қыз ретінде тәрбиеледі. Тіпті соғыс тактикасын да үйрете бастады. Осылайша ел тізгіндейтін болашақ патшайым бес жасында асау атқа мінсе, алты жасында қолына семсер ұстауды үйренген. Ал он үш жасында Томирис қылыштасу мен найза атудың қыр-сырын меңгеріп алған. Сонымен қоса, ат жарыстарда оның баптаған тұлпары әрқашан бірінші келіп жүріпті.
Барлық құқықтар қорғалған.