В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География

Уменя соч по казахскому. выбирите 1 или 2 или 3 или 4 или 5.заранее огромное ​

Показать ответ
Ответ:
kirpol83p01doz
kirpol83p01doz
05.04.2020 05:50

1958-65 жылдар аралығында О. Сүлейменовтің тарихи тақырыптарды қаузалау белсенділігімен ешкім таласа алмас еді Олжас Сүлейменов шығармашылығының Қазақстандағы ғылыми тарихи ойдың дамуына ықпал етуінің екі кезеңін бөліп алуға болар еді. Бұл 1975 жылы «Аз и Я» кітабы шыққанға дейінгі кезең және одан кейінгі аралық. Кеңес одағындағы «жылымық» кезең - 1958 жылы «Пастернак ісімен» өзінің шектеулілігін көрсетті. «Пастернак ісі» сондай-ақ жоғарыдан сәл қысым көрсетушілік ишарат білдірілсе, зиялылардың партиялық номенклатураға қызмет етуге дайын екенін байқатты. Бұл жылдары және 60-жылдардың басында Кеңес басшысы Н.С. Хрущев тарапынан кеңестік орыс зиялылары А. Вознесенский, Д. Гранин, Р. Фальк, Э. Неизвестный, М. Хуциев және т.б. шығармалары сынға ұшырады. 1958 жылдан бастап Мәскеу шығармашылық жастары революцияның романтикалық кезеңін білдіретін Маяковский ескерткішінің алдына жиналып шерін тарқасатын және цензура жібермеген өлеңдерін оқуды дәстүрге айналдырды. Сондай-ақ, Политехникалық музейде ақындық кештер өтіп, халықтың алдына да танымал жас ақындар Е. Евтушенко, Р. Рождественский, Б. Ахмадуллина, А. Вознесенский т.б. өлеңдерін оқыды. Ақындық-публицистикалық қозғалыстың күшті қанатын Б.Б. Окуджава мен А. Галичтің авторлық өлеңдері құрады. 1950-жылдардың соңына қарай Кеңес ақындары мен жазушыларының жаңа толқыны өз беттерінше дербес машинопистік журналдар шығарып, өздерінің туындыларын жариялады. Осылайша, «Самиздат» өнімдері пайда болды. «Самиздаттарда» ресми цензурадан өтпеген «кеңестік лагерь», қуғын-сүргін, зорлық-зомбылық, әділетсіздік тақырыбындағы материалдар басылды. Шынайы қоғамдық пікірді партияның «қолбаласына» айналған журналистика білдіре алмай, ақындар білдіріп жатты. Олардың кейбір кештері стадиондарда өтті. Олардың кештеріне халық футбол көруге жиналғандай жиналды. 1958 жылы Жоғарғы әдебиет институтына оқуға түскен О. Сүлейменов нақ осы «алпысыншы жылдықтардың» ортасына түсті және оның достары солар болды.

0,0(0 оценок)
Ответ:
valikrulit1234
valikrulit1234
27.08.2022 20:25
Кез келген елдің тілегі де, оның арманы да халқының бейбітшілігін сақтау екені сөзсіз. Елінің экономикасын дамытып, халқының қауіпсіздігін нығайту арқылы ішкі тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Өйткені, бейбіт өмір бақыт, береке, бірлік әкелумен бірге, өрлеу мен өркендеуге жол ашады. Дана халқымыз: «Байлық байлық емес, бірлік – байлық», – деп бекер айтпаса керек.
Бұқара халық әрдайым ты­ныш­тықта, мәңгілік бейбіт өмір сүруді армандайды. Ал ұрпағы­ның амандығы келешегінің кемел­дігін білдіреді. Өткен тарихқа көз салсақ, адамзат небір сұрапыл соғыстардан көз ашпады. Қаншама елдер соғыс зардабынан құлдырап, азып-тозды. Талай жазықсыз жандар сол зұлматтың зардабын шекті. Мұның барлығы бейбітшілік кеткен жерді берекесіздік жайлай­тындығын тайға таңба басқандай етіп анық көрсетуде.
Бейбітшілікті сақтау, соғыс отын тұтатпау, бейбітшілік үшін күресу қазіргі ХХІ ғасырдың да ең өзекті мәселелерінің біріне айналды. Содан болар, халықаралық қоғамдастық бейбітшілікті жал­пыадамзаттық құндылықтар қата­рына қосып отыр.
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота