Қурайлы көлін қоршаған қалың егінші түнде жауын болғандықтан, жердің дегдуін күтіп, бүгін егінге күндегіден кешірек шыққан. Біреу өгіз, бі- реу ат, біреу түйе, қайсыбіреу аралас жегіп, қым-қиғаш қимылдаған жұртты Олжабек пен Жамал көріп келеді. Ертемен ауылдан шыққан айқай-ұйқай дауыстарды да құлақтары анық естіді: - Әй, егеуді қалдырма, егеуді! Тоқта, доғарылып қалды! Аналар барып жырта бастады … - Мәулікейді оятыңдар, Мәулікейді! Егіс басталғалы бірқатар күндер өтсе де, ауыл әлі даурығуын қойған жоқ. Көз алмай қарап келе жатқан Олжабек қабағын бір шытып күбір етті: - Жұмыстарында өнім жоқ. Өгіз бен сиырды аралас жеккен бір бөлік егінші қара жолды жиек- тей соқасын жаңа ғана салған екен. Олжабектер келіп, сонардың қасына тоқтады. Егіншілердің көлігі бастықпай, өздерімен өздері әуре болып жүр, буларға қапелімде қарай қойған жоқ. Олжабектің көзі көліктерде. «Ана сиыр бұзау бере ме, енді?! Обал-ай!» деген ойда тұрғанда: - 0, жігітім, жол болсын!, - деді егіншілердің ішіндегі сақалды біреуі. Жасы үлкен адамға сәлем бермегені есіне түсіп, Олжабек: етті. Ассалаумәлейкүм! - дегенде, түйенің үстінде отырған Жамал мырс Егінші де күліп жіберді. - Е, бәсе, жасың кіші көрінеді ғой, шырағым! - деді де сорайған мойнын соза түсіп Жамалға: - Есенбісің, балам! Ал жөніңді білдір. Танымадық, деді Олжабекке. Олжабек жөнін жөнді айтпады. Сұрастыру келе шалдың кім екенін өзі жақсы біліп алды. Оған кездескен осы елдегі «Пышаншы Мешел» дейтін адам еді, білгенінше жай-жапсардың бәрін айтты. Олжабек сұрай берді … - Отағасы, сонымен, колхоз егінін салып жатырмыз де. Иә, шырағым, әйтеуір қауым болып кіріскен іс қой. Тәңірі тек оңын берсін! - - Осы мандағы елдің бәрі де колхоз болды ма? Колхозсыз жер бар дейсіз бе? Кім қалпында отыр дейсіз? - Бәсе, «ел-елдің бәрі-ақ осыған келді», - деседі ғой. Дегенмен «Ортақ өгізден оңаша бұзау» жақсы да. - Әй, балам-ай, ол заман мен бұл заман бір ме? Заманына қарай амалы да бар емес пе?! Дайте перевод Очень Заранее
Сағаттың шықылдағы емес ермек,
Һәмишә өмір өтпек ол білдірмек.
Бір минут бір кісінің өміріне ұқсас,
Өтті, өлді, тағдыр жоқ қайта келмек.
Сағаттың өзі ұры шықылдаған,
Өмірді білдірмеген, күнде ұрлаған.
Тиянақ жоқ, тұрлау жоқ, келді, кетті,
Қайта айналмас, бұрылмас бұлдыр заман.
Өткен өмір белгісі осы сыбдыр,
Көңілді күнде сындыр, әлде тындыр.
Ақыл анық байқаған қылығыңды,
Қу шыққансып қағасың босқа бұлдыр.
Күн жиылып ай болды, он екі ай жыл,
Жыл жиылып, қартайып қылғаны бұл.
Сүйенген, сенген дәурен жалған болса,
Жалғаны жоқ бір тәңірім, кеңшілік қыл.
Ақыл, қайрат, жұрік ме мықтымын деп сөзге келіп қалады. Өзінің адамға қаншалықты керектігін айтып өздерін жоғары бағалап біраз уақыт тартысады. Алайды шын мәнінде ол үшеуінде адам керек етеді. Тек өз орнымен қолдана білуі керек. Сонда ғалым"оы үшеуің басыңды қос, бәрін де жүрекке билет, - деп ұқтырып айтушының аты ғылым екен. Осы үшеуің бір кісіде менің айтқанымдай табылсаңдар, табанының топырағы көзге сүртерлік қасиетті адам - сол. Үшеуің ала болсаң, мен жүректі жақтадым. Құдайшылық сонда, қалпыңды таза сақта, құдай тағала қалпыңа әрдайым қарайды деп кітаптың айтқаны осы", — депті.