В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
Hhhlff
Hhhlff
27.07.2022 19:14 •  Қазақ тiлi

В ТЕЧЕНИИ ЧАСА, ХОТЯ БЫ ОДИН,
Түбірлес сөздерді табыңыз.
A) Көргіш, көріс.
B) Шар, шаршы.
C) Кесе, кесек.
D) Жүз, жүзік.
E) Шешен, шеше.

Сөйлемде анықтауыш қызметін атқарып тұрған жалпылау есімдігін табыңыз.
A) Бірнеше модель жасалды.
B) Өлеңге әркімнің де бар таласы.
C) Елдің тілегі мен бірлігі ортақ.
D) Барша халық тыныштықты сүйеді.
E) Барлығына талап бірдей.

Показать ответ
Ответ:
Nastua204042
Nastua204042
28.05.2022 04:49

Қоршаған ортаны қорғау

Біздің елімізде қоршаған ортаны корғау бүкіл мемлекеттік міндет болып табылады. Табиғатты корғау және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану жөніндегі зандардың талаптарына сәйкес салаларды дамытудың жоспарларын, жаңа объектілерді жобалауды, салуды жоспарлағанда табиғат корғау шараларын жүзеге асыру барлық министрліктерге, кәсіпорындар мен ұйымдарға міндеттелген.

Табиғат экологиялык процестерде байланыстырушы буын болып табылады, сондықтан аса сақтык жасап, қандайда болсын шаруашылық шешімдерінің зардаптарын көре білу керек.

Қалалар мен елді мекендерді, өндірістік және тұрғын аудандарды жобалағанда олардың бас жоспарлары мен жобаларында табиғат ортасының барлық элементтерін корғау мен қалпына келтіру жөніндегі тиісті шаралар міндетті түрде қарастырылуға тиіс.

Табиғаттың шынайы келбетін сактауды қамтамасыз етуде құрылыс-құрастыру жұмыстары өндірісіне маңызды орын беріледі, өйткені жете ойластрылмаған жұмыс әдістері орны толмас зардаптарға ұрындырады, мәселен, ормандардың және жас көшеттердің жойылуына, ортаның өзгеруіне, жерасты және жерүсті суларының режимін, ортаның экологиялық тепе-тендігін бұзуға әкеліп соғады.

Табиғатты қорғау шараларын инженерлік-геодезиялык іздеулер кезеңінен бастап жүзеге асыра бастау кажет. Көлік жолдарының құрылысы бұрын бар болмаса болашақта жоспарлы түрде салынатын немесе салынып жатқан тұракты, уақытша жолдарды да іске жаратуды ойластыру керек. Геодезиялық дайындық кезінде орманды орынсыз аршып жол сала беруге, ағаштар шығыны болуына жол берілмеуге тиіс. Іздеу жұмыстары жүргізілгенде шөгуге бейім жерлерді шамадан тыс көп суландыруға және кешкіндердің пайда болуына бөгет жасайтын және баска да қажетті шараларды ойластыру керек. Іздеу жұмыстары аякталғанынан кейін шурфтарды және баска косымша казылған жерлерді калпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.

Қазіргі заман табиғатты қорғаудың міндеті болған табиғат ресурстарын тиімді пайдалану сырт ортаны түрлі ластанудан сақтау, табиғи байлықтарды сақтау мемлекетімізде қоршаған ортаны қорғау комитетіне жүктелген.

Табиғат ресурстары адамзаттың жасауы үшін табиғат қойнынан алып пайдаланатын түрлі заттар. Оларға: топырақ құнарлығы, өсімдіктер түрлері, су, кен, орман, көмір, мұнай, адамзат техникаларға энергия көзі болған түрлі жанатын заттар, жабайы өсімдік және жануарлар, адамзатқа қосымша қоректік болған т.б. кіреді. Солай етіп табиғи ресурстар адамзат қауымының материалдық базасын жарататын бір бүтін дене болып есептеледі.

0,0(0 оценок)
Ответ:
неха4уха
неха4уха
03.03.2023 03:31
Айтыста   алдына   жан   салмаған    Сүйінбай  Аронұлы  1815  жылы  қазіргі  Алматы   облысы,  Жамбыл  ауданы,  Сүйінбай  атындағы  ауылда  дүниеге  келген. Анасынан  ерте  айырылып, жетімдіктің   азабын   бастан  кешкен  ақын  өлеңдерінің  тақырыбы  -  бұл  дүниенің  қадірін  түсініп  өмір  сүру, дүние -  байлықтың   өткінші  екенін, шын  қазына -  адамдық  екендігі.  Ақын  ел  басқару,  халық  тағдыры   мен   адам батылдығы,  жақсы  мен   жаман  қасиеттерді  саралайды.  Өмірдің  құндылығымен   өткіншілігі  туралы  ақыл -  өсиет, нақылдар  қалдырды.  Ақын  ер тұлғасы,  ел  қорғанының  бейнесін  жырлады. Ол  он  төрт – он  бес  жасынан  бастап  ақындық  өнерін  машық  ете  бастаған. Алғашқы  кезде  ел  аузынан  естіген  аңыз – ертегілерді, қисса – жырларды  жаттап  алып, жиын – тойларда   айтып  жүрген.   Кейінірек, өзінің   замандас  ақындары   ішінен   озық   ойы, өткір  тілімен  қазақ  пен  қырғыз   елдеріне  аты  тарап, әйгілі болған.

Сүйінбай   ең   алдымен  айтыстың   асқан   шебері, ешкімге  жүлде  бермеген  ерен  ақын. Сонымен  бірге  ол  халық  мұңын  мұңдап, үстем  тап  өкілдерінің  әділетсіздігін   бетіне  басып  әшкерелеп  отырған  батыл  да  әділ  сыншы. Өтеген,  Қарасай, Саурық   батырларды  дастанының  басты   кейіпкерлері  етті. Қатаған   ақынмен, Тезек  төремен  айтыстары   Сүйінбайдың   тапқырлығын,  турашылдығын, азаматтық  қайсарлығын  айқындай  түседі. Сондықтан  да, заманымыздың   заңғар   жазушысы  Мұхтар  Әуезов  Сүйінбайға   баға  бергенде  оны  « он    тоғызыншы    ғасырдағы    Жетісу   ақындарының   алтын   діңгегі   деп   атаған. Сүйінбайдың  өлеңдері   1935 жылы   Ілияс  Жансүгіровтің  әзірлеуімен  алғаш   жинақ  боп  басылды. Халқының  бостандығы  мен  азаттығы  ақын  шығармаларының  басты  тақырыбына  айналған.
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота