Венн диаграммасы Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор.
Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.
Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған.
Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев шын аты Мұхаммедқали – қазақтың лирик ақыны,аудармашы, өз заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақын. Ол 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылында дүниеге келген.
Ол 1962 жылы Алматыға қоныс аударып, әдеби ортаға етене араласа бастайды. Алматы Шет тілдері институтының неміс тілі, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультеттерінде оқып және Мәскеудегі М. Горький атындағы әлем әдебиеті институтында білім алады.
Мұқағали поэзиясының қайнар көзі, шабыт тұғыры туған елі, өскен жері, Отан тағдыры туралы болған.
Абай Құнанбайұлы Мұқағали Мақатаев
Жеті кереметтің ең ежелгісі де, әрі біздің бүгінгі дәуірімізге жеткені де – осы Мысыр пирамидалары. Пирамидалар Нілдің солтүстікбатыс жағалауындағы сансыз қабірлер мен ғибадат-ханалар тұрғызылған өлілер қаласының үстіне салынды. Пирамидалардың ең көнесі – 5000 жыл бұрын тұрғызылған Джосер пирамидасы. Сәулетшісі ежелгі Египетте дәрігерлік, фило-софиялық және ғылыми еңбектерімен танылған Имхотеп атты шебер еді. Джосер пирамидасы – көп сатылы құрылыс. Сансыз басқыштар арқылы аспанға өрлей береді. Мұның идеясы перғауындардың жердегі қарапайым халықтан биік, құдіретті екенін бар әлем-ге паш ету еді. Қаншама қажырлы еңбек пен адам өмірі жұмсалған бұл құрылыс Хеопс, Хефрен және Микрен пирамидаларымен жалғасын тапты.
Көлемі жағынан ең үлкен пирамида – Хеопс пирамидасы. Бүкіл жиған-тергеніне көзінің тірісінде Хеопс перғауын 20 жыл ішінде осы пирамиданы салдырды. Биіктігі 147 метр, әр қырының ұзындығы 232 метр бұл құрылысқа 2,5-3 тонналық 2 миллион 300 мың тас блоктары қолданылды.
Галикарнас кесенесі
Кіші Азиядағы шағын қа-лалардың бірі Галикарнас-тың әкімі патша Карий Мавсол б.з.д. 351 жылы дүние салады. Патша мұрагерле-рі жер-жерлерден әйгілі құ-рылысшы, қолөнершілерді шақыртып, патшаның зиратын тұрғызады. Кесене салу ісінде шығыстың құрылыс стилі (көп қырлы пирамидалар) мен гректің ионикалық стилі байланыстырылған. Кесене екі қабаттан тұрады, биіктігі 40-45 метр. Ол тек биіктігімен емес, грек еліне белгілі Скопас, Леохар, Бриансид, Тимофей секілді әйгілі мүсіншілердің қолынан шыққан әр алуан мүсіндер арқылы көркемделуімен де ерекшеленеді. Мавзолей шамамен алғанда 1800 жыл сақталып келді. Ағылшын археологы Ч.Т.Ньютонның айтуынша, ХV ғасырда крестшілер мавзолейді бұзып, оның құрылыс материалдарын Эгей теңізінде қасиетті Петр сарайын (қазіргі Түр-кияның Бодрум қаласы) са-луға пайдаланған.
Мавсол патша мен оның әйелі Артемисаның табыттары, мүсіндері және басқа дүниелері қазір Лондондағы Британ мұражайы мен Ыстамбұлдың археологиялық мұражайында сақтаулы.
Айтыс учурунда эки отурган (азыраак турган) акын бири-бирине карама-каршы туруп, кезек-кезеги менен өтүп, каршылашынын сөзүн терип ыр диалогунун түрүн аткарышат. Сынак учурунда ырлар ар кандай темада болушу мүмкүн. Сынактын жыйынтыгы боюнча жеңүүчү тандалып алынат, ошол эле учурда музыкалуулукка дагы, ритмге дагы, оппоненттин аргументтерин айтуудагы тапкычтыкка да баа берилет. Айтышка бир нече акындар катыша алат, бирок жуп болуп аткаруу эң көп кездешет, андан тышкары, аял менен эркектин ортосунда таймаштар көп болот