В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
bastovayasofia
bastovayasofia
04.04.2020 09:33 •  Қазақ тiлi

Втнам мадиниет тарихы туралы не былесын​

Показать ответ
Ответ:
slolia
slolia
22.09.2022 22:54

Үйсін мемлекеті - (б.з.д. VIIIғ - б.з. V ғасырда) Қазақстанды мекендеген тайпаларда мемлекеттіктің алғашқы белгілері болды.

Бұлар сақтардың этномәдени мұрагерлері үйсіндер болатын. Қазақ мемлекеттігінің тағы бір қайнар көзі үйсіндер мемлекеті болып есептеледі. Үйсіндерде ежелгі өркениетке тән дамудың барлық белгілері байқалды. Бұл қалыпты даму белгілеріне мемлекеттік билік жүйесін, жазудың болғандығын, тұрақты әскерді, елшілік жоралғыларын және т.б. жатқызуға болады. Сақ дәуірінде болған малға, еңбек құралдарына және тұрмыс бұйымдарына деген жеке меншік үйсіндерде де кең қанат жайды. Қоғамның билеуші және бағынышты топтарға бөлінуі мейлінше айқын байқалды. Қоғам — ру ақсүйектері мен тәуелді ұсақ өндірушілер, жартылай тәуелді құлдарға бөлінді. Жерді жеке иеленумен қатар иерархиялық иелену түрі де дамыды (рулық, тайпалық, қауымдық). Ежелгі үйсіндерде әлеуметтік-экономикалық қатынастар өтпелі кезеңге тән сипатта болды. Дамудың мұндай ерекше түрінің болу себебі экономикалық кұрылысқа байланысты. Жартылай көшпелі және жартылай отырықшы үйсін коғамында өндірістің екі негізгі түрі болды: мал және жер. Мал түріндегі байлықтың жиналуы, мал-мүлік, жиһазға жеке меншіктің, тауар алмасудың дамуына әкелді. Әйтсе де көшпелі қоғам ерекшелігіне сай — әлеуметтік қатынастар аса ірі және шағын дәулетті мал иелерінің жеке меншік қатынастары түрінде дамыды. Рулық құрылыстың ыдырауы барысында туындаған таптық қатынастар құлиеленушілік сипатқа ие болды. Дегенмен ежелгі үйсін қоғамында құлдың еңбегін пайдалану өзіндік ерекше түрде дамыды; яғни, құл еңбегі өндірістің негізгі тірегіне айналған жоқ, ал құл иелену классикалық түрге жете алмады. Жазбаша және археологиялық деректерден ежелгі үйсін қоғамында б.з.д. II—I ғасырлардың өзінде-ақ жекелеген адамдардың қолында байлықтың шоғырланғандығы байқалды. Қытай деректерінде: "Үйсіндерде жылқы көп. Олардың ең бай адамдарында төрт-бес мың жылқы болады", — деп көрсетілген.

Демек, малы көп дәулеттілер болса, малы аз немесе жоқ кедейлер тобының да болғандығы даусыз. Сонымен қатар үй малдарына салынған таңбалар, металдан, тастан және қыштан жасалған мөрлер де жеке меншіктің пайда болғандығын көрсетеді. Ертедегі жылнамашылардың мәліметіне қарағанда, үйсіндердің кейбір әскербасылары мен шенеуніктерінде, күнби сарайы жанындағы тағы да басқа лауазымды адамдардың алтын және мыс мөрлері болған. Үйсін мемлекетінің басында үлкен күнби тұрды. Кей зерттеушілер үйсін мемлекетінің ел-басын күнби деп те атап жүр. Қытай тілінде үйсін патшасын гуньмо деп атаған. Үлкен күнбиден кейінгі мемлекеттік лауазым күнби болды. Бұл — бас уәзір. Одан кейіңгі лауазым — тулы (дулы), бұл Қытай мемлекетіндегі үлкен уәзірмен дәрежелес болды. Әскер оң және сол қанатқа бөлінді, оларды екі қолбасы басқарды. Елдің жоғарғы сотының қызметін билер деп аталатын екі орынбасары атқарды, оларды даруға (дарту) деп атады. Абыз атанған лауазым діни басшылықты іске асырды. Бұдан кейінгі мемлекеттік лауазым — бүкіл ұлыстың шыбегі (биі) болды. Оның екі орынбасары болған. Ел билейтін лауазым иелерінің тапсырмаларын орындатып отыратын атқосшы мансаптары болды. Үйсін мемлекетінің астанасы Ыстықкөл жағалауындағы Чигучэн қаласы болды.

0,0(0 оценок)
Ответ:
рано12
рано12
19.12.2022 13:55

1. Мәтіннің не туралы екенін анықтаңыз.

A. Тіл туралы

2 . Мәтіннің негізгі идеясын табыңыз.

D. Туған тілді құрметтеп, қастерлеу керек.

3. Мәтіннің түрін ажыратыңыз.

D. мақала

4. Мәтін бойынша дұрыс/бұрыс ақпаратты анықтаңыз.

1. Әрбір адам өз ана тілін сүюі, құрметтеуі тиіс. (+)

2. Жер шарында 800-ге жуық ұлт өмір сүреді. (-)

Қазақ тілі туралы диалог.

- Алексей, сенің ұлтын өзге болғанымен, қазақ тілінде жетік сөйлеп, қазақ мектебінде білім алуыңның құпиясы неде?

- Еркебұлан, менің ұлтым өзге болғанымен, менің кіндік қаным тамған туған жерім – Қазақстаным! Менің ойымша, Қазақстанның әрбір азаматы мемлекеттік тілді білуі тиіс. Оған қоса, "Өнер алды - қызыл тіл" емес пе?

- Сенімен толықтай келісемін, дегенмен ұлттары қазақ бола тұра, өз тілдерінде сөйлей алмайтын қаракөз қандастарымыз қаншама... Атамыз қазақ "Тілін білмейтіндер емес, тілін білгісі келмейтіндер – мәңгүрт" деген екен.

- Әрине, әр адамның өз санасы біледі. Мысалға, біздің үйімізде ата – анамыз «Тіл - достықтың алтын көпірі» деп үнемі айтып отырады, әрі өздері де мемлекеттік тілді жетік меңгерген.

- Қандай керемет үлгі тұтарлық отбасы!

- Өзім де шексіз бай, шұрайлы, тегеуріні мықты, көркем, дана, сұлу, рухани бай, Абай әрлеген, Жамбыл жырлаған, Мәңгілік елдің Мәңгілік тілін меңгергенімді мақтан тұтамын!

- Жарайсың, достым!

- Рахмет, сонымен қатар мен Елбасымыздың үш тұғырлы тіл саясатын толығымен қолдаймын, әрі ағылшын тілін де үйренуге де ден қойып жүрмін.

- Бүгін мен сені басқа қырыңнан танып – білдім, осындай досым бар мен - бақытты жанмын!

- Қойшы, мені тіпті ұялтып тастадың ғой ...

6. Үштілділік (неологизм), лексика (термин), полиглот (термин).

Елімізде үштілділік саясаты кезеңдеп іске асырылып келеді.

Лексика - тілдің сөздік құрамы туралы ілім.

Көп тіл білетін адамды полиглот деп атайды.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота