ВЫПИШИТЕ ИЗ ТЕКСТА ГЛАГОЛЫ И ОПРЕДЕЛИТЕ В КАКОМ ВРЕМЕНИ ОНИ СТОЯТ 3-тапсырма. Мәтінді оқы. Тақырып қой.
Ұлы Жібек жолы» Қазақстан жері арқылы өткен сауда-саттық жолы.
назақстанның ортағасырлық қалаларында жүргізілген қазба жұмыстары ке-
де археологтер Қытай мен Византия, Иран мен Үндістан елдерінде соғылған
теңгелер мен ділдаларды тапқан. Алматы қаласының маңындағы Талғар
каласының орнын қазған кезде Иранда жасалған қола табақ, қытай фарфоры
мен жапонның фаянс тостағанының сынығы және т.б. бұйымдар табылған.
Ұлы Жібек жолының бойымен саудагерлер Ферғананың әйгілі тұл-
парларын, түйе, пілдермен қатар барқыт, жібек, мақпал, торғын маталарды,
киім-кешекті және т. б. бағалы тауарларды сату үшін алып өткен. Осы жол
аркылы қант, жүзім, шабдалы, қауын сияқты жеміс-жидек те саудаланған.
«Сен білесің бе?» энциклопедиясы
Құрметті Дастан достым!
Сені менің сүйікті мерекелерімнің бірі - Қазақстан халықтарының бірлігі күнімен құттықтаймын!
Біздің Отанымыз әлемде татулығы мен ұлтаралық бірлігі жарасқан ел ретінде танылған. Қазақстан кең байтақ дархан жерінде жүзден астам ұлт өкілдері тату - тәтті өмір сүріп жатыр. Елімізде түрлі ұлт өкілдерінің татулық діңгегі ажыраған емес. Бұл ретте ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым – Қазақстан халықтар ассамблеясы да үлкен рөл атқарады. Еліміздің республикалық, өңірлік, облыстық, қалалық ұлттық-мәдени бірлестіктері кіші ассамблея мүшелерінің бастарын біріктіріп, біздің ортақ үйіміз – Қазақстанда шынайы достықты қамтамасыз етіп келеді.
Біз жас ұрпақ осындай кең байтақ жеріміздің көгінде тек қана бейбіт құсы қалықтап ұшып, мемлекетіміз одан әрі көркейе беруін қолдаймыз. Себебі, бейбітшілік бар жерде, бақыт орнап, тыныштық болады. Одан әрі қарай да бейбітшілік пен татулықты сақтап, ынтымақтастықты ұстап тұрсақ, ата - бабаларымыз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қол жеткізген Тәуелсіздігіміз де мәңгі болмақ.
Бұл бір жағынан Елбасымыздың көреген саясатының арқасында деп білеміз. Болашақта жақсы білім алып, еліміздің гүлденіп, көркеюіне өзіміздің қомақты үлесімізді қосамыз деп білемін.
Әрбір азамат туған өлкесін, елін, жерін, салт-дәстүрін, тарихын құрметтейтін, сүйетін, мақтан тұтатын, Ұлтжанды азамат болу керек. Ол үшін өткенін біліп, бағалау керек. Өзі туған қасиетті Отанын оттан да ыстық бағалау, сүю керек деп ойлаймын. Барлық әлемде тыныштық орнап, бейбіт заманның ғұмыры баянды болғай! Себебі барлығымыз да бейбіт заманда өмір сүруге лайықпыз деп есептеймін.
Отбасыңа амандық - саулық тілеймін!
Құрметпен,
досың Александр