ҮЙ ТАПСЫРМАСЫ 10
Есептің шартын мәшинелер бір-біріне қарама-қарсы
бағытта қозғалатындай етіп өзгерт:
Есепті шығар
А пунктінен бір уақытта жеңіл мәшине
90 км/сағ жылдамдықпен және жүк көлігі
60 км/сағ жылдамдықпен бір бағытқа қарай
жолға шықты, Екі сағаттан кейін олардың
арақашықтығы қандай болады?
Әсем: - Оқушылар,менің сызғышымды кім алды?
Данияр: - Сызғышың менде!Тақтадағы фигураларды сызу үшін алдым.
Әсем: - Сен меннен сұраған жоқсың ғой.
Данияр: - Кешір...
Әсем: - Олай болмайды.Ол біреудің заты болғандықтан,рұқсат сұрап,затты алуға бола ма,болмай ма соны өтініп сұрау керек.
Данияр: - Маған тез арада керек болды.Сол үшін рұқсат сұрауды ұмытып кеткен болуым керек.
Әсем: - Жарайды,мен саған ренжімеймін."Әдепті бала - арлы бала" дейді ғой.Келесіде әдепті болуға тырыс.Әдептілік,ізеттілік деген адам бойындағы жақсы қасиеттер екендігін ұмытпа.
Данияр: - Ия,тағы да кешір.Ендігіде қайталанбайды.