Үй тапсырмасы No 13
1. Құмырадағы сары және қызыл түсті кәмпиттердің қатынасы 2:3-ке
тең. Егер 12 сары кәмпит болса, онда неше қызыл кәмпит бар?
2. 136 саны 3:5 қатынасына кері пропорционал болатындай екі бөлікке
бөлінді. Сол бөліктердің сандық мәндерін тап.
3. Айгерім 2 стақан шырын мен б стақан суды қосып, лимонад жасады.
Ол лимонадқа тағы 3 стакан су қосты. Шырын мен судың қатынасын
сақтау үшін тағы қанша стақан шырын қосу керек?
- Сен қандай сандарды қасиетті деп санайсың?
- Мен үшін жеті саны - ең қасиетті сан.
- Неліктен? Бұл сан туралы не білесің?
- Жеті қазына, жеті ата, аптаның жеті күні де осы санмен байланысты.
Сен үшін қандай сандар қасиетті?
- Мен үш санын қасиетті сан деп есептеймін.
- Бұл санның қандай қаситеі бар?
- Үш жұрт, үш арыс, үш бәйтерек деген ұғымдар бар.
- Демек қазақтың киелі сандарының астарында үлкен мән жатыр.
- Ия, басқа да киелі сандар туралы оқып-білгеніміз дұрыс.
Жоңғар шапқыншылығы - азаттық үшін жан берісіп, жан алысқан әрбір қазақ баласының қанымен жазылған тарих. Есімі кейінгі ұрпаққа тарихи жырлар мен аңыздар арқылы жеткен ержүрек сарбаздың бірі - Сартай. Әкесі мен анасын жоңғар әскері көз алдында аяусыз өлтіріп, бауырларымен жетім қалған Сартай кек алсам деген мақсатпен ержетеді. «Жаужүрек мың бала» фильмі Сартай сынды жүздеген боздақтың тағдырынан сыр шертіп, бүгінгі ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеп, намысын шыңдай түсуге түрткі боларлықтай.
Картинада XVIII ғасырда қазақ даласында билік құрған хандық, атақты билер, Әбілқайыр, Бөгенбай сынды хандар мен батырлардың бейнесі де тыс қалмаған. Ел басына күн туған заманда елдің тағдырын шешуге жиналған билер, хандар, батырлардың сөздері бір жерден шыға бермейді. Сол уақытта жоңғардың кесірінен жетім қалған Сартай, Таймас, Құралай сынды боздақ қыз-жігіттердің буындары қатып, жауға деген өшпенділіктері артып, кек алудың қамымен жүрген еді. Олар кезінде ата-анасыз қалғанда өздеріне пана болған ақсақалдан тәлім алып, тау-тасты паналап, соғыстың тәсілдерін үйреніп, шынығумен болды, сәті түскенде әр жерде қостарын құрып, алаңсыз жатқан жоңғарларға тұтқиылдап тап беріп, өздерінше соғысып жүрді, өздері сынды жетім қалған жасөспірім балаларды жасақтарына қосып алып, күннен-күнге көбейе берді. «Сартай деген батыр жасақ жинап жатыр» дегенді естіген жастар өз еріктерімен келіп жасаққа қосылып жатты. Осы кезде Сартайдың кішкентайынан бірге өскен Таймас досы қызғаныштан жарыла жаздап, атақ пен даңқтың тек Сартайға бағышталғанына күйініп, тіпті досын өлтіруге әрекет жасайды. Алайда Сартай аман қалып, кейін Таймас «Аңырақай» шайқасында Сартай үшін жан беріп, өздерінің «жаудан кек аламыз» деп бір-біріне берген сертін орындайды.
Объяснение: