В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
кен127
кен127
10.06.2020 15:49 •  Қазақ тiлi

Яссауидің «диуани хикмат» кітабының қазақша атауын табыңыз. a) даналық кітабы. b) құтты білік c) ақиқат сыйы. d) сөздік кітабы. e) ақырзаман кітабы. 2. қыз анадан көрмейінше, өнеге алмас, ұл атадан көрмейінше, сапар шекпес - деген нақыл сөздің қайдан алынғанын белгілеңіз. a) «оғыз қаған» жырнан. b) «қорқыт ата» кітабынан. c) «тоныкөк» жырынан. d) «күлтегін» жырынан. e) «алып-ер тұңға» жырынан. 3. қаз-қаз, , қаз , қ бассаң мәз өлеңнің түрін табыңыз. a) беташар. b) бесік жыры. c) бата-тілек. d) тұсаукесер. e) тойбастар. 4. «ер төстік» ертегісіне жатпайтын кейіпкерді белгілеңіз. a) саққұлақ. b) самұрық құс. c) желаяқ. d) жалғыз көзді дәу. e) таусоғар. 5. төрт түлікке жатпайтын жануарды атаңыз. a) сиыр. b) қой c) доңыз. d) жылқы. e) түйе. 6. асан қайғы қай ғасырда өмір сүргенін көрсетіңіз. a) xv ғасырда. b) xiv ғасырда. c) xiii ғасырда. d) xvi ғасырда. e) xvii ғасырда. 7. арғымақ атқа міндім деп, артқы топтан адаспа! күнінде өзім болдым деп, кеңпейілге таласпа! -деген өлең жолдарының авторын көрсетіңіз. a) асан қайғы. b) қазтуған. c) шалкиіз. d) бұқар. e) доспанбет. 8. ы.алтынсарин өлеңін көрсетіңіз. a) «әке мен ». b) «өнер – білім бар жұрттар». c) «қыпшақ сейітқұл». d) «ғылым таппай мақтанба». e) «өлең – сөздің патшасы». 9. махамбет өліміне себепші болған опасыз жанды көрсетіңіз. a) қарауылқожа. b) арыстан жантөрин. c) баймағамбет. d) жәңгір хан. e) ықылас. 10. «қорқыт», «жүсіпхан» поэмаларының авторын табыңыз. a) мағжан жұмабаев. b) ілияс жансүгіров. c) абай құнанбаев d) сәкен сейфуллин. e) шәкәрім құдайбердиев. 11. шәкәрім шығармасын табыңыз. a) «ақбілек». b) «батыр баян». c) «абай жолы». d) «қалқаман-мамыр». e) «оянған өлке». 12. д.исабековтің пьесасын көрсетіңіз. a) «неке қияр». b) «құдағи келіпті». c) «көктөбедегі кездесу». d) «мансапқорлар». e) «әпке». 13. арыстанмын, айбатыма кім шыдар? жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар? көкте – бұлт, жерде – желмін гулеген, жер еркесі – желдің жөнін кім сұрар? үзіндідегі ұйқас түрін анықтаңыз. a) кезектес ұйқас. b) қара өлең ұйқасы. c) шұбыртпалы ұйқас. d) ақ өлең ұйқасы. e) егіз ұйқас. 14. жинағында маңғыстау, ақтерек, іле, сайрам, т.б. жер-су аттары мен алып-ер тұңға мен афрасияптың бір екенін көрсеткен әдебиет өкілін көрсетіңіз. a) жүсіп ғұни. b) әбу насыр әл-фараби. c) қожа ахмет яссауи. d) махмұт қашқари. e) рабғузи. 15. «біржан - сара» айтысында не себептен жеңіліп қалғанын көрсетіңіз. a) сара сөзден жеңіліп қалды. b) күйеуі жиенқұлдың кемшілігінен. c) біржан жақсы айтысты. d) жауап бере алмады. e) белгісіз себеппен. 16. шалкиіздің «алаштан байтақ озбаса» толғауы қай жинаққа енгенін көрсетіңіз. a) «алдаспан». b) «асау тұлпар». c) «көктем». d) «шолпан». e) «серке». 17. дулат бабатайұлының өлеңдері қандай лирикаға жататынын көрсетіңіз. a) көңіл күй лирикасы. b) өнер – білім лирикасы. c) махаббат лирикасы. d) саяси-әлеуметтік лирикасы. e) табиғат лирикасы. 18. күннен бағасыз бір белгі боп, нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың! мағжанның қандай өлеңінен алынған үзінді екенін анықтаңыз. a) «туған тілім». b) «қазақ тілі». c) «нұрлы тілім». d) «бабам тілі». e) «анам тілі». 19. жамбыл жабаевтың сатиралық өлеңін табыңыз. a) «сараң бай мен жомарт кедей». b) «менің пірім – сүйінбай». c) «мәңке туралы». d) «әкеме». e) «кәдірбайдың төбеті».

Показать ответ
Ответ:
vanyazoro
vanyazoro
08.10.2020 03:16

Жауаптары:

1. Яссауидің «Диуани хикмат» кітабының қазақша атауын табыңыз.

A) Даналық кітабы.

2. Қыз анадан көрмейінше, өнеге алмас,

Ұл атадан көрмейінше, сапар шекпес - деген нақыл сөздің қайдан алынғанын белгілеңіз.

B) «Қорқыт ата» кітабынан.

3. Қаз-қаз, балам, қаз балам,

Қадам бассаң мәз болам...өлеңнің түрін табыңыз.

D) Тұсаукесер.

4. «Ер Төстік» ертегісіне жатпайтын кейіпкерді белгілеңіз.

B) Самұрық құс.

5. Төрт түлікке жатпайтын жануарды атаңыз.

C) Доңыз.

6. Асан қайғы қай ғасырда өмір сүргенін көрсетіңіз.

A) XV ғасырда.

7. Арғымақ атқа міндім деп,

Артқы топтан адаспа!

Күнінде өзім болдым деп,

Кеңпейілге таласпа!

-деген өлең жолдарының авторын көрсетіңіз.

A) Асан қайғы.

8. Ы.Алтынсарин өлеңін көрсетіңіз.

B) «Өнер – білім бар жұрттар».

9. Махамбет өліміне себепші болған опасыз жанды көрсетіңіз.

E) Ықылас.

10. «Қорқыт», «Жүсіпхан» поэмаларының авторын табыңыз.

A) Мағжан Жұмабаев.

11. Шәкәрім шығармасын табыңыз.

D) «Қалқаман-Мамыр».

12. Д.Исабековтің пьесасын көрсетіңіз.

E) «Әпке».

13. Арыстанмын, айбатыма кім шыдар?

Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар?

Көкте – бұлт, жерде – желмін гулеген,

Жер еркесі – желдің жөнін кім сұрар?

Үзіндідегі ұйқас түрін анықтаңыз.

B) Қара өлең ұйқасы.

14. Жинағында Маңғыстау, Ақтерек, Іле, Сайрам, т.б. жер-су аттары мен Алып-Ер Тұңға мен Афрасияптың бір адам екенін көрсеткен әдебиет өкілін көрсетіңіз.

D) Махмұт Қашқари.

15. «Біржан - Сара» айтысында не себептен жеңіліп қалғанын көрсетіңіз.

B) Күйеуі Жиенқұлдың кемшілігінен.

16. Шалкиіздің «Алаштан байтақ озбаса» толғауы қай жинаққа енгенін көрсетіңіз. по

A) «Алдаспан».

17. Дулат Бабатайұлының өлеңдері қандай лирикаға жататынын көрсетіңіз.

D) Саяси-әлеуметтік лирикасы.

18. ...Алтын Күннен бағасыз бір белгі боп,

Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың!

Мағжанның қандай өлеңінен алынған үзінді екенін анықтаңыз.

B) «Қазақ тілі».

19. Жамбыл Жабаевтың сатиралық өлеңін табыңыз.

E) «Кәдірбайдың төбеті».

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота