В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
дадададад2
дадададад2
02.02.2020 11:24 •  Қазақ тiлi

Үйге тапсырма Қазақ тілі мен қазақ әдебиетіне
қатысты термин сөздерді
қатыстырып, 5 сөйлем
құрастырыңыздар.

Показать ответ
Ответ:
Глеб0707
Глеб0707
14.12.2020 15:50
Жақсы дос – жан азығы. Досқа деген сыйластық сезімі – әр адамның бойында бар қасиет. Сыйластық сезім достар арасында берік орын алса, адам ешқашан жалғыздық көрмейді. Достардың бір-біріне деген құрметі зор болса, ол қиындықтан шығуда да, өмірдегі мақсатына жетуде де үлкен демеу болмақ. Ел арасында айтылатын мына бір аңыз есімізге түседі:

Ертеде, елімізде жаугершілік жиі болатын кезде, қазақтың екі жауынгері төс қағысып дос болады. Кенет тұтқиылдан жаудың қалың қолы шабуыл жасап, елдің мал-мүлкін тонап, азаматтарын айдап әкетеді. Досының қолға түсіп қалғанын естіген екінші батыр, күздің қара суығын елеместен, өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді. Анталаған жау әскері оны бас салып ұстап, тұтқынның сұрауымен қолбасына алып келеді.

Жігіт қолбасына:

- Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Бірақ менің беретін мал-мүлкім жоқ, тек өмірімді ғана бере аламын. Өмірімді алып, досымды босатыңдар, - деп өтінеді.

Қолбасы:

- Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын. Маған сенің көздерің керек, екі көзіңді ойып аламын, - дейді оған.

- Ол да болсын, көзімді ал да, досымды босат, - дейді жігіт.

Жау жағы оның екі көзін ойып алып, досын тұтқыннан босатады.

Әлгі жігіт тұтқыннан босаған досының иығына қолын салып, күлімдеп келе жатқан екен.

Мұны көрген жаудың қолбасы: «Мынадай ерлері бар халықты бетпе-бет ұрыста жеңу қиын екен» деп шешіп, әскерлеріне шегінуге бұйрық берген дейді. 

Досының өмірі, бостандығы үшін ер жігіт көзінен айрылғанына қапаланған да жоқ, керісінше, досының қауіптен құтылғанына риза. «Дос – қияметтік» деген сөз осындай қасиеттің көрінісі ретінде қалса керек.

Ерте заманның шешені әрі ойшылы Цицерон: «Достық өз бойына қаншама сан алуан пайдалы нәрселерді біріктірген десеңізші! Қайда барсаңыз да, ол сізге қызмет етеді, ол барлық жерде бар, ол ешқашан мезі қылмайды, ешқашан да орынсыз килігетін жері болмайды, ол сәттілікке жаңа сәулет береді, ол ортақтасқан сәтсіздіктер де көп мөлшерде өзінің уытын жоғалтады», - деген.

Достар сыйластығы бір-біріне қалтқысыз сенген, риясыз сенім сезіміне ие болған адамдардың арасында болады. Ол үлкен өмір жолынан өткен, тәжірибеде жинақталған, қиындықта сыналған сыйластық болса, анағұрлым берік болмақ. Қазақта «Киімнің жаңасы, достың ескісі жақсы» деп бекер айтпаған. Бала шағынан бір-бірінің мінезін, әдетін, ой-өрісін біліп өскен достар арасындағы сыйластықтың орны бөлек, ол анағұрлым берік әрі түбегейлі. 
0,0(0 оценок)
Ответ:
Вовка753
Вовка753
04.12.2021 07:28
″Туады ерлер, ел үшін″ Өлмейді ісі мәңгілік, Өшпейді абзал есімдер. Ұрпаққа жетіп мәңгілік Кетпейді естен асыл ер,- деп ақ жалын ақын Жұбан Молдағалиев жырлаған. „Ерлік – елге мұра, ұрпаққа - үлгі” бабаларымыздың әрбір жүріп өткен жолы – біз үшін үлгі, шежіре, тағдыры – тарих деп есептеймін. „Ел ерімен еңселі”, „Елім” деп еңіреп туған ерлердің  есімі еш уақытта елеусіз қалмайтыны ақиқат, халық мұндай қаһарман ұлдарын жыр аңызға айналдырып, өшпес ерлігін ауыздарынан тастамай, жан жүрегінде сақтайды. Бүкіл бір елдің қасиетін өз бойына дарыта алған, туған ұлтын шексіз сүйіп, терең қадір тұтқан халқымыздың қаһарман ұлы – Бауыржан Момышұлы. Туған жерім Мыңбұлақ, арналы Ақсай, Ішсем суы татиды шекер, балдай Қызғалдақ, қалың егіс, көк жоңышқа Сенен артық жер, шіркін, өтер қандай, – деп өзі жырлағандай Бауыржан Момышұлы   1910 жылы Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Мыңбұлақ ауылында дүниеге келген.  Кейін „Ұшқан ұя” атты кітабында баяндағандай, Бауыржан атаның әкесі Момыш пен көкесі Момынқұлдың тәрбиесінен көп өнеге алған. „Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің”,- деп, дана халқымыз айтқандай, оның бойындағы адамгершілік – асыл қасиет, алдымен анасының ақ сүтінен дарыса, екіншіден, өскен ортасының тәрбиесінен дарыды деп ойлаймын. Қаршадайынан-ақ  жігерлігі, қайтпас қайсарлығы, бойында бір жұмбақ күштің жасырынып, жанартаудай өз кезегін күтіп жатқандығы аңғарылады. Жеті жылдық білім алған Бауыржан ата алғаш еңбек жолын мұғалімдіктен бастайды, кейін қаржы саласында екі жылдай жұмыс істейді. 1932 – 56 жылға дейін үзбей әскери қызметте болған Бауыржан атаның жолы - өзінше бір ерлік дастан. Ол Ұлы Отан Соғысының жан беріп, жан алысқан қиян-кескі майданында-ақ асқан ер жүректілігімен, әділетсіздікке қаны қас, қиындыққа қайы айсарлығымен, соғыс тактикасын жете меңгергені, дарынды қолбасшылығымен аңызға айналып, қаншама өнер туындыларының басты кейіпкеріне айналды. 
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота